Тіл мерейі – ел мерейі қàçàқñòàíäûқòàðäû...

4
Отанымыздың жүрегі мен тірегі – Астана қаласына биыл 20 жыл толмақ. Тарихқа зер салсақ, бұл шаһар 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында, Қараөткелдің тұсында Ақмола бекінісі ретінде салынған. 1863 жылы Ақмола қала болып жарияланған. Содан 1960 жылдың желтоқсан айында құрамына еліміздің солтүстік облыстары кіргізіліп, тың игеру аймағының орталығына айналды. ÒІË ÌÅÐÅÉІ Gazet 2016 jyldyń qarashasynan bastap shyǵady 14 – 28 naýryz, 2018 jyl Республикалық қоғамдық газет Тіл мерейі – ел мерейі E-mail: [email protected] №05-06 (33) АСТАНАЄА – 20 ЖЫЛ 2-бет 4-бет Н.НАЗАРБАЕВ Ìåìëåêåòòіê òіë – қàçàқñòàíäûқòàðäû ұéûòóøû áіðäåí-áіð ôàêòîð Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сəуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында таяу жылдардағы міндеттер бөлімінде «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын баста- уымыз керек. Біз бұл мəселеге неғұрлым дəйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз жəне оған кірісуге тəуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Қазақ тілінің əліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб əліпбиі қолданылған. Сан ғасырлық тарихы бар Қазақстанда ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсыновтың ұсыны- сымен қазақ фонетикасының ерекшеліктері ескеріліп жасалған, араб графикасына негізделген «төте жазу» пайдаланылған. 1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындан- дырылған жаңа əліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу ту- ралы қаулы қабылдап, латын əліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кирил- лицаға ауыстырылған. О й м а қ т а й о й «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да се- беп болатын нəрсенің ең қуаттысы - тіл» А.Байтұрсынов ÆÀҢÀ Ә˲ÏÁÈ – ÒÀҢÄÀÓÄÛҢ ÆÀÐҚÛÍ ÍӘÒÈÆÅѲ Бұл ең алдымен баланың өзіне байланысты. Ауылдан қанат қағып, Алматы мен Астанадағы немесе шетелдегі жоғары оқу орындарының біріне түсіп, елдің атын шығарып жүргендер бар. Оны жоққа шығаруға болмайды. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», – деп бекер айтпаған. Шындығында білімді болған бір бөлек, ал бірнеше тіл білу адамның ой-өрісін дамы- тып, дүниетанымын кеңейтеді. Тіл білгеннің ақиқатында көкжиегі кеңейеді. Ол үшін мектеп немесе ұстаз ғана емес, баланың ата-анасының да құштарлығы орасан болуы қажет. Бірақ біз бұл құндылықты бағалай алып жүрміз бе? Мəселе сонда. Ауыл баласы алты тіл білсе... ÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀ 2-бет 2-бет 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған əліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Мемлекет басшысы сəуір ай- ында өзінің "Болашаққа бағдар: ру- хани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын жариялағаны баршаға мəлім. Рухани жаңғыру елімізде алдыңғы жүргізілген саяси жəне экономикалық жаңғырудан кейінгі маңызды қадам. Мақалада айтылған міндеттер, көтерілген мəселелер тəуелсіздігіміздің 25 жылында пайда болған іс емес, бұл Алаш зиялыларының 100 жыл бұрыңғы мақсат-мұраты, халықтың жадында жүрген арман- тілегі. Елбасы бабалар аманатын орындап, қоғамның қажеттілігін əркез бағамдай білетін көреген саясаткер ретінде рухани жаңғыру мақаласы арқылы халық санасын дүр сілкіндіріп отыр. Бағдарлама халқымыздың руха- ни болмысын түгендеп, тарихи тағылымы арқылы болашаққа деген даму тетігін көрсеткен маңызды саяси-идеологиялық құжат болып есептеледі. Бағдарламалық мақаланы жү- зеге асыруда «Туған жер» жо- басы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобала- ры ерекше назарды аудартады. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы əрбір азаматтың туған жеріне, өзі өсіп-өнген өлкесіне көмек жасауға қолдау жəне оларды ынталан- дыру, еліміздегі тарихи-мəдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, олар- ды насихаттау, тарихын зерде- леуге жол ашылады. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегіне айна- лып, жалпыұлтттық патриотизмнің нағыз өзегі болады деп сенеміз. Елбасы Қазақстан халқы Ас- самблеясының XXV сессияссында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер» бағдарламаларын іске асыруда бірқатар міндеттер жүктеді. ÑÛÐ ӨҢ²Ð²ÍÄÅò ÐÓÕÀÍÈ ÊÅÌÅËÄÅÍÓ ÁÅËÅÑÒÅв Ақиқатында мектептегі мұғалім бірнеше тіл біліп, сөйлеп тұрса, ең алдымен білім алуға тырысқан балаға жақсы емес пе? Оқушы бала сонда мұғалімінен үлгі алады, Ұстазындай болуға тырысады. Көп тіл білуге құмарлық пайда болады. Ал оған мүмкіндік бар ма? Əрине бар.

Upload: others

Post on 02-Sep-2020

17 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Тіл мерейі – ел мерейі қàçàқñòàíäûқòàðäû ...til-mereii.webpress.kz/storage/84/847fdfb09c70c24cbeb... · 2018. 5. 25. · жылында пайда

Отанымыздың жүрегі мен тірегі – Астана қаласына биыл 20 жыл толмақ. Тарихқа зер салсақ, бұл шаһар 1832 жылы Есіл өзенінің жағасында, Қараөткелдің тұсында Ақмола бекінісі ретінде салынған. 1863 жылы Ақмола қала болып жарияланған. Содан 1960 жылдың желтоқсан айында құрамына еліміздің солтүстік облыстары кіргізіліп, тың игеру аймағының орталығына айналды.

ÒІË ÌÅÐÅÉІGazet 2016 jyldyńqarashasynan bastap shyǵady

14 – 28 naýryz, 2018 jyl

Республикалық қоғамдық газет

Тіл мерейі – ел мерейі

E-mail: [email protected]№05-06 (33)

АСТАНАЄА – 20 ЖЫЛ

2-бет

4-бет

Н.НАЗАРБАЕВ

Ìåìëåêåòòіê òіë –қàçàқñòàíäûқòàðäûұéûòóøû áіðäåí-áіð ôàêòîð

Қазақстан Республикасының Пре зи денті Н.Ə.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сəуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақа ласында таяу жылдардағы міндеттер бөлімінде «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын əліпбиіне көшіру жұмыстарын баста-уымыз керек. Біз бұл мəселеге неғұрлым дəйектілік қажеттігін

терең түсініп, байыппен қарап келеміз жəне оған кірісуге тəуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.

Қазақ тілінің əліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі. Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб əліпбиі қолданылған. Сан ғасырлық тарихы бар Қазақстанда ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсыновтың ұсы ны-сымен қазақ фонетикасының ерек шеліктері ескеріліп жасалған, араб графи касына негізделген «төте жазу» пайдаланылған.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латын дан-ды рылған жаңа əліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу ту-ралы қаулы қабылдап, латын əліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кирил-лицаға ауыс ты рылған.

Оймақтай ой

«Ұлттың сақталуына да, жо ға л уына да се-беп болатын нəр сенің ең қуат тысы - тіл»

А.Байтұрсынов

ÆÀҢÀ Ә˲ÏÁÈ – ÒÀҢÄÀÓÄÛҢ ÆÀÐҚÛÍ ÍӘÒÈÆÅѲ

Бұл ең алдымен баланың өзіне байланысты. Ауылдан қанат қағып, Алматы мен Астанадағы немесе шетелдегі жоғары оқу орындарының біріне түсіп, елдің атын шығарып жүргендер бар. Оны жоққа шығаруға болмайды.

Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», – деп бекер айтпаған. Шындығында білімді болған бір бөлек, ал бірнеше тіл білу адамның ой-өрісін дамы-тып, дүниетанымын кеңейтеді. Тіл білгеннің ақиқатында көкжиегі кеңейеді. Ол үшін мектеп немесе ұстаз ғана емес, баланың ата-анасының да құштарлығы орасан болуы қажет. Бірақ біз бұл құндылықты бағалай алып жүрміз бе? Мəселе сонда.

Ауыл баласы алты тіл білсе...

ÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀ

2-бет2-бет

1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған əліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа əліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Мемлекет басшысы сəуір ай-ында өзінің "Болашаққа бағдар: ру-хани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласын жария лағаны баршаға мəлім. Рухани жаңғыру елімізде ал дыңғы жүргізілген сая си жəне экономикалық жаң ғы рудан кейінгі маңызды қадам. Мақалада айтылған мін дет тер, көтерілген мəсе лелер тəуел сіздігіміздің 25 жылында пайда болған іс емес, бұл Алаш зиялыларының 100 жыл бұрыңғы мақсат-мұраты, халықтың жадында жүрген арман-тілегі. Елбасы бабалар аманатын орындап, қоғамның қажеттілігін əркез бағамдай білетін көреген

саясаткер ретінде рухани жаңғыру мақаласы арқылы халық санасын дүр сілкіндіріп отыр.

Бағдарлама халқымыздың руха-ни болмысын түгендеп, тарихи

тағылымы арқылы болашаққа

деген даму тетігін көрсеткен маңызды саяси-идеологиялық құжат болып есептеледі.

Бағдарламалық мақаланы жү-зеге асыруда «Туған жер» жо-басы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобала-ры ерекше назарды аудартады. Бұл жобаларды жүзеге асыру арқылы əрбір азаматтың туған жеріне, өзі өсіп-өнген өлкесіне көмек жасауға

қолдау жəне оларды ынталан-дыру, еліміздегі тарихи-мəдени ескерткіштерді жаңғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, олар-ды насихаттау, тарихын зерде-леуге жол ашылады. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегіне айна-лып, жалпыұлтттық патриотизмнің нағыз өзегі болады деп сенеміз.

Елбасы Қазақстан халқы Ас-сам б леясының XXV сессияс сында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы

Ассамблеясына «Қазақстанның

киелі жерлерінің географиясы», «Туған жер» бағдар ла маларын іске асыруда бірқатар міндеттер жүктеді.

ÑÛÐ ӨҢ²Ð²ÍÄÅò ÐÓÕÀÍÈ ÊÅÌÅËÄÅÍÓ ÁÅËÅÑÒÅв

Ақиқатында мектептегі мұғалім бірнеше тіл біліп, сөйлеп тұрса, ең алдымен білім алуға тырысқан балаға жақсы емес пе? Оқушы бала сонда мұғалімінен үлгі алады, Ұстазындай болуға тырысады. Көп тіл білуге құмарлық пайда болады. Ал оған мүмкіндік бар ма? Əрине бар.

Page 2: Тіл мерейі – ел мерейі қàçàқñòàíäûқòàðäû ...til-mereii.webpress.kz/storage/84/847fdfb09c70c24cbeb... · 2018. 5. 25. · жылында пайда

214 – 28 naýryz, 2018 jyl

ÒІË ÌÅÐÅÉІ QOǴAM

1-бетте

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында білім беру мен ғылымға ерекше көңіл бөліп, «Бəсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Ба-лаларымыз қазіргі заманға бейімделуі үшін бұл аса маңызды. Сондықтан қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үш тілді болуы, қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. Еу-ропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, біз де осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз. Ағылшын тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бəсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын. Мектеп жасына дейінгі білім беру деңгейінде үш тілді оқытуды жаппай енгізуді қамтамасыз ету қажет. Осылайша біз тілдерді меңгерудің қисынды жүйесін қалыптастыра ала-мыз: əліпбиі – балабақша деңгейінде, мектепте – базалық деңгей, университет пен колледжде – мамандық бойынша кəсіби тіл», – деп, көптілді білім беруді дамытуға басымдық танытып отыр.

Шындығына келсек, көп тіл білген адамның

ұтары көп. Ресейдің ағартушы қайраткері Ис-маил Гаспринскийдің мынандай қанатты сөзі бар: «Екі тілді білетін адам бір тіл білетін адамнан жоғары тұрады... Əр адам қаржысы мен жағдайы келсе, үш тілді үйренгені жөн: Ана тілін, өзі тұратын мемлекеттің тілін жəне барлық халық үйренуге талпынатын тілді». Мұқият оқып, назар аударатын болсақ, бұл пікір шын мəнінде қазір Қазақстанда Президент На-зарбаев жүргізіп отырған саясатпен сəйкес келіп отыр. Сондықтан біз де көптілділік саясатынан бас тартпауымыз қажет. Əрине, басымдылықты мемлекеттік тілге бере отырып, басқа тілді білудің ұтымды тұсы көп.

Сүлейман Демирел атындағы универ-ситет ректорының кеңесшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дан-дай Ысқақұлы, «Abai.kz» порталына берген мақаласында былай дейді: «Шет тілін үйрену барысында адам басқа бір ұлттың сөзін, сөйлем құрау тəсілдерін меңгеру арқылы оның ойлау жүйесіне еніп, рухани əлеміне қадам басады; жаңа бір халықтың ұлттық болмысын ашады. Шет тілінде сөйлеу арқылы сол ұлтша ойлай-ды; мұның өзі сол ұлтпен іштей жақындастыра түсетін болады. Ең бастысы, басқа тілдерді білу адам мен адамды, ұлт пен ұлтты, халық пен халықты жақындастыра түседі.

Тіл білуі барысында адамның қарым-қатынас жасау, əлеуметтену, білімін артты-ру мүмкіндіктері екі-үш есеге дейін арта-ды. Өйткені əр тіл - өзінше бір тұтас əлем. Тіл үйрену арқылы адам жаңа бір əлемнің, əлемдік өркениеттің тағы бір ғимаратының есігін ашып, ішіне кіріп, таныса бастайды. Бірінші кезекте адамның ақпараттық, мəдени жəне экономикалық кеңістігі кеңейіп, таным-түйсігі арта түседі. Бірнеше тіл білетіндердің басқаларға қарағанда ұқыптырақ, ойын тез жинақтап айтуға қабілеттірек келеді. Оның ба-сты себебі, адам бір тілден екінші тілге ойлауға көшкенде, оның миы ақпараттарды шапшаң реттеп, ең маңыздысын тез іріктеп алуға машықтанады екен. Сондықтан да көп тілділік мəселесіне ғылыми тұрғыдан келіп, оның жақсы жақтарын да, теріс тұстарын да əрдəйім ескеріп отырған жөн». Профессор көтеріп отырған мəселенің барлығы да қисынды.

Егер көз жүгіртер болсақ, 15-20 тіл біліп, тарихқа өшпестей атын жаздырып кеткен ғұламалар жетерлік. Бір ғана мысал, жазушы Като Ломб 15 тілде еркін сөйлеп, жаза білген. Əсіресе, Като Ломб итальян, француз, по-ляк, қытай, жапон тілдерін аз уақыт ішінде тез үйреніп алған көрінеді.

Егер Сіз ағылшын журналисті Гарольд Уильямс сексен тіл біледі десеңіз, алғашқыда сенбеуіңіз де мүмкін. Ол он жасынан асқанда грек, латын, иврит, француз жəне неміс тілдерін білген. Кей кездерде орын алған оқыс жағдай адам баласының өмірін аяқ астынан өзгертіп жіберуі де мүмкін. Мысалы, 55 жасында қайтыс болған Ресей ақыны Вилли Мельниковтың көп тіл білуіне Ауғанстандағы соғыс əсер еткен. Ол бір ұрыста оқыстан жараланып, ауыр жағдайда (контузия) госпитальға жеткізіледі. Осы бір жағдайдан кейін оның санасында адам сенбес күрт құбылыс пайда болады да, Мельниковтың көп тіл білуге деген құштарлығы көбейеді. Ол 2016 жылдың 18 қазанында жүрек талмасынан көз жұмды. Бірақ əлемнің 93 тілін білді. Аудар-машы болды. Өлең жазды. Мəскеудің ветерина-рия академиясын бітірген ол шындығында да талантты еді. Мельников орыс тілінен басқа ла-тыш, беларусь, испан, француз, жапон, тольтек-науатль, эйемпу, уавниффа, кохау-ронго-ронго, кхаршат, цклан, си-по, фракийск, шоштхвуа, шайен, согдийс дхурр-вуэммт, пхадмэ, якут, чиб-ча-артамбо, ваи, чькуатта, маурья, фьярр-кнем, хакутури, рохгау, хекагуайчиунэ, рдеогг-сем-фанг, юпик, кри жəне тағы басқа ұлттың тілдерін білген. Біз атап отырған халықтың көпшілігі жер бетінен жойылып кеткен де шығар. Бірақ Мельников таланттылығы мен көп тіл білуге ұмтылысының арқасында ғана тарихта қалды. Өзінің айтуы бойынша 93 тілде өлең жазған да-

рынды азамат одан да басқа тілдерді түсінген.Жалпы тарихқа көз жүгіртер болсақ, атақты

дарындылар дүниежүзінде көп. Басқа жерді айтпағанда, қазақ топырағынан шыққан баба-мыз шығыс ғұламасы əл-Фарабидің өзі 70-ке жуық тілді еркін меңгеріп, жатық сөйлей алған. Данышпан Абай болса, орыс-қазақ тілдерімен қатар, парсы, араб тілдерін меңгерген. Бір қызығы, деректанушылардың айтуына қара-ғанда, ақын Абай орыс тілінің өзін орта жастан асқанда меңгерген көрінеді.

Негізі , талап еткен бала «тіл үйренуді жа-стайынан бастау керек» деген ұғым қисынсыз. Мысалы, өнертанушы, көсемсөзші, аударма-шы, орыс ойшылдарының бірі Анатолий Луна-чарский 57 жасында испан тілін үйреніп алған. Ақын Пушкин де осал болмаған. Ол француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Тіпті ең қиын сана-латын ежелгі еврей тілін зерттеген. Бұл ғана емес, тарих талай таланттыларды тəрбиелеп

шығарғанын айта кетуіміз керек. Шотландиялық Дерик Хернинг 22 тілде еркін сөйлеген. Ол 1990 жылы Брюссельде өткен «Еуропа полиглоты» байқауында жеңімпаз атанғанын айта кетуіміз қажет.

Таланттылар қазақ топырағында да болған. Алысқа ұазамай-ақ Шоқан Уалихановты айтсақ та, жеткілікті. Ұлы ағартушы Шоқан араб, шағатай жəне түркі тілдерінің біразын білген, орыс тілінде жетік сөйлеген.

Оны өткен ғасырдың дарынды тұлғасы дерсіз. Ал өткен жылы ғана қайтыс болған қазақтың мықты ақындарының бірі Мұзафар Əлімбаев татар, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркімен, башқұрт, балқар, ноғай, қарашай тілдеріндегі шығармаларды оқып, көпшілігін қазақ тіліне аударған.

Сондықтан көп тіл білгеннің артығы жоқ. Мысалы, Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады екен. Əсіресе, жастары көп тіл біледі. Люксембургте төрт жас-тан бастап ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтын-шы сыныптан бастап оқытылады екен. Демек, көптілділік – заман талабы. Сондықтан заман көшінен қалмауымыз керек. Ал жеті жұрттың тілін білген бала қашан да озық ойлы болады.

Жалпы ақылды, білімді болу, көп тілді білу қайдан келеді? Оның барлығы да мидың салмағына қатысты ма, жоқ əлде, ізденуден бе, «оқып туғаннан» ба?

Негізі адамның ақылдылығы оның миына қарап бағаланады десек, бұл дұрыс па? Егер осы пікірге ден қоятын болсақ, ауыр салмақты ми Тургеневтікі (2012 грамм), ал Эйнштейндікі – 2000 грамм ғана екен.

Психологияда «интеллект коэффициенті» де-ген бар. Бұл ереже бойынша адамның өресінің мықтылығын арнайы тест сауалдары арқылы анықтайды. 1912 жылы неміс ғалымы Штерн енгізген бұл жүйе шындығында əлемдегі кімнің ақылды, логикалық жағынан ойлау, тез арада шешім табуымен, тапқырлығымен өлшенеді. Кім бұл сұрақтарға көбірек дұрыс жауап берсе, сол данышпан. Бірақ ол қаншалықты қисынды? Мысалы, Штерннің арнайы тест ережесі бой-ынша 0 ден 19-ға дейінгі бірлік көрсеткіші бар адамдардың ақыл-ойы дамымаған болып санала-ды. 20-36 бірлік – кеш дамуы, 69-85 бірлік орта деңгейге жақындау, 86-144 бірлік – орта деңгей, 115-124 бірлік – орта деңгейден биік, 125-134 бірлік – ақылы толысқан, ал 135-тен жоғары көрсеткіш – данышпан деп саналады екен.

Олай болса, ғаламға аты мəшһүр таны-мал тұлғалардың ой-бірлік өлшемін сараптап көрейік. Мысалы, жазушы Онере де Бальзактың өре өлшемі 187 бірлікті құрайды, ал біз сөз ет-кен миы салмақты ғалым Альберт Эйнштейннің бірлігі – 180. Бұл ретте Билл Гейтс – 160, Хил-лари Клинтон – 140, Владимир Путин – 134. Джордж Буш – 120, Анджелина Джоли – 118, Алла Пугачева – 106 , Бритни Спирс – 98, Пэрис Хилтон – 70 болып тұр.

Жалпы білім мен ақылдың өлшемін тара-зылар болсақ, мынадай қисынды салыстырма-лы жағдайларға тап боласыз. «Білім - тек көп оқу мен есте сақтау қабілеті арқылы келеді. Ал, ақыл - туа бітіп пайда болады. Негізінен білімді адамды мүлдем ақылсыз деп айтуға кел-мес, бірақ білімді болу үшін онша көп ақылдың керегі жоқ», - дейді фəлсапа соғушылар.

Демек, көп тілді білу үшін мидың салмағының ауыр болуы міндетті емес. Ақылдылық пен білімділік өзің өмір сүрген орта мен оны түйгеніңе байланысты. Көп оқу мен көп тіл білу жəне қажетті ғана ақпараттарды есте сақтау ғана сіздің өре өлшеміңіздің деңгейін көрсетеді.

Расында, көп тіл білген адамның ой-өрісі де терең болады. Сондықтан ең алдымен білімге құштарлық қана адамды алға жетелейді. Аны-ғына келсек, 57 жасында испан тілін үйрен ген Луначарскийдің артық ештеңесі жоқ. Біздің де қазақ талантты.

Бұдан шығатын түйін біреу ғана: ауыл бала-сы алты тіл білсе...

Батыр ЖАСҰЛАН.

Ауыл баласы алты тіл білсе...

Осылайша, қазақ тілінің əліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептер-мен айқындалып келеді. Қазақ тілін латын əліпбиіне көшіру туралы мəселе кешелі-бүгін ғана көтерілген мəселе емес. Қазақстан өз тəуелсіздігін алып, дербес мемлекет болғалы бүгінгі күнге дейін өзекті күйінде талқыланып, ғалымдар електен өткізіп келеді. Дамудың жаңа кезеңіндегі асқан өзектілігімен əрі маңыздылығымен ерекшеленетін жолдау барған сайын арта түсіп, дəлелі ретінде 2018 жылдың 19 ақпанында Мемлекет басшысы «Қазақ тілі əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшу туралы» Жарлыққа өзгерту енгізіп, жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген 32 ла-тын қарпінен тұратын қазақ тілі əліпбиі жарыққа шықты.

Латын əліпбиі Рухани жаңғыру бағдар-ламасының негізгі жобасы жəне заманауи қоғамның сұраныстарын қанағат тан ды ратын жаңаша бетбұрыс.

Латын қарпіне негізделген қазақ əліпбиі цифрлануда, қарыштап дамыған ақпараттық- коммуникациялық технологияны игеруде, əлемдік кеңістікке шығуға жол ашады. Мек-теп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін 2016-2017 оқу жылының 1 сыныбынан бастап, яғни латын əріптерін үйреніп жатқандығы мəлім. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық пен кедергілер болмасы сөзсіз. Қазірдің өзінде үш тілді тіпті одан да көп тілді меңгерген жаста-рымыз білім кеңістігінде өз деңгейлерін көтеріп,

дəлелдеп жүргендігі айдан анық.Компьютер заманында интернет жүйе сінде

үстемдік ететін латын əліпбиі екендігі белгілі. Бəріміздің электрондық поштамыз бар. Ол по-штамыз кирилл, араб, немесе басқа емес, латын-мен жазылған. Куəлігіміз бен паспортымызда латын əліпбиі тұр. Осындай мысалдарды келтіре келе, яғни латын əліпбиі бізге жат емес. Ол біздің қоғамға еніп кеткен. Оны еліміздегі кез келген сауатты адам белгілі дəрежеде біледі. Ал оның тиімді тұсы тіл тазалығы мəселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын əріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алып, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мек-тептен бастап оқыту үрдісін жеңілдетеді.

Сайып келгенде, ана тіліміздің бола-шағын ойлап, қолданыс аясын одан əрі кеңейте түсуге мүмкіндік жасап, тіліміздің ішкі табиғи əліпбиіміз арқылы жазудың айтуға жасап келе жатқан қиянатын болдырмай, қазақы айты-лым мен жазылым талаптарын жүйеге түсіру деп түсіну керек. Латын əліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі жəне жаһандық əлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған əліпбиімізге қайта ора-лып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашары сөзсіз.

Н.АРЗИЕВА,Қазалы аудандық білім

бөлімінің əдіскері

ÆÀҢÀ Ә˲ÏÁÈ – ÒÀҢÄÀÓÄÛҢ ÆÀÐҚÛÍ ÍӘÒÈÆÅѲ

Облыстық ассамблея ру-хани жаңғыру бағдарламалық мақаласын іске асыру мақ-са тында құрылған өңірлік жобалық кеңсемен тығыз байланыста жұмыс жасай-ды. Облыстың маңызды жоба-лар тізбегіне "Ұлы Дала Елі" тарихи-танымдық экспедиция-сын ұйымдастыру мен "Өңірлік қайырымдылық жасаушылар форумы"секілді жобалар енгі-зілді.

Мақаладан туындайтын мін деттерді ілгерілету мақ са-тында облыс көлемінде 350-ге жуық түрлі форматтағы ақпараттық-түсіндірме жұ мыс-тары жүргізілді. Ғылыми-сарап-шылық топ жəне қоғам дық пікір жетекшілерінің қаты суымен жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарында арнайы дəрістер ұйым дас тырылды. Сонымен қа тар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төра-ға сы, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың Достық үйінде "Тəуелсіз Қазақстан этно сая-сатының қалыптасуы" тақы-рыбындағы дəрісімен қоры тын-дыланды. Дəрісті 300-ге жуық түрлі этнос өкілдері, ардагер-лер, жоғарғы жəне арнаулы орта оқу орындарының профессор оқытушылар құрамы, мектеп директорлары мен мұғалімдер , сала мамандары жəне үкіметтік емес ұйым өкілдері тыңдады.

"Отан оттан да ыстық" дейді халық даналығы. Отанға сүйіспеншілікті дарытатын ол-тарих. Ал тарихты білу өзіңді танудан басталады. Осы ак-сиоманы басшылыққа алған облыстық ассамблея "Ұлы Дала Елі" тарихи-танымдық экспеди циясын ұйымдастырды. Экспе дицияның мақсаты "Қазақстанның киелі жер-лерінің географиясы" бағ-дарламасы аясында сан алуан этнос өкілдеріне Сыр өңірі мен көршілес облыстардағы киелі жерлерді аралатып, оларға туған өлкенің тарихы мен мол рухани құндылықтарымен су-сындату. Жоба жүзеге асыру 2017-2018 жылдар аралығына жоспарланған. Тамыз айында жобаның алғашқы кезеңі ба-сталып Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысының тарихи-мəдени орындарына саяхаты ұйымдастырылды. Экспедиция құрамына этномəдени бірлестік белсенділері, об лыстық ассам-

блея құры лым да рының өкілдері, сарапшылар, ғалымдар, БАҚ жəне шығармашылық зиялы қауым, ҮЕҰ өкілдері, жастар қатысты.

Экспедиция жұмысы IX ғасырдан XV ғасырға дейінгі кезеңдегі Қазақстан аума ғын-дағы ең ірі, əрі рухани-мəдени орталығы болған Отырар қаласынан бас тау алды. Одан əрі Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы мен рухани тəлімгері Арыстан баб кесенесінде бо-лып, өз жұмысын ортағасырлық сəулет өнерінің жарқын үлгісіне айналған Қожа Ахмет Яса-уи кесенесінде жалғастырды. Сондай-ақ XIII ғасырдың орта шенінде керуен жолы бойындағы ірі сауда қалашығы Сауран мен Сыр өңіріндегі та-рихи ескерткіштердің бірегейі -Қыпшақ хандығының, Ақ Орданың, Əбілхайыр хан ды-ғының, кейін Қазақ хан ды ғы-ның астанасы болған, екі мың жылдық тарихы бар көне қала-Сығанақта жалғасын тапты. Экспедиция қорытындысы бой-ынша бейнесюжет түсіріліп, республикалық жəне жергілікті телеарналарда көрсетілді. Ар-найы бейне роликтер, сурет-терден фотоальбом əзірленеді. Сарапшы-ғалымдардың ба-стамасымен тарихи орындар-ды жаңғырту, қалпына келтіру жұмыстарын жетілдіруге ұсы-ныстар дайындалуда. Қазан айында экспедицияның екінші кезеңін ұйымдастыру жо-спарлануда. Экспедиция бары-сында облыстың батыс аудан-дарына барып ортағасырлық Жанкент қалашығы, Жанқожа батыр кесенесі, Ғ.Мұратбаев мұражайы, сондай-ақ Қорқыт Ата мен Қалжан ахун мешіт-медресесі сияқты рухани ескерткіштерді қамту жоспар-лануда.

Алғашқы сапардан мол ру-хани серпіліс алған экспеди-ция құрамы Алаштың анасына баланған Сыр өңірінің шежірелі тарихымен сусындады. Алдағы уақытта экспедиция жұмысына бұқаралық сипат беру басты міндеттердің бірі.

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық қайырымдылық іс-шараларының үйлестірушісі ретінде «Туған жер» бағ дар-ламасы шеңберінде маңызды жобаларды іске асыруды бастап кетті. Қайырымдылық жасау-

шы кəсіпкерлер мен меценат-тар дың деректер қоры мен əлеу мет тік көмекті қажет етуші тұрғындардың мəліметтер ба-засы жасалды.

Облыстық ассамб лея «Үлкен ел – үлкен отба-сы» жалпыұлттық жобасы шең берінде «ҚХА -20 игі іс» Республикалық акция-сы, «Тайқазан» эстафетасы, «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциялары сəтті өткізіп, «Қайырымды ел» жобасын жүзеге асыру-да. Бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша 732 іс-шара ұйымдастырылып, жал-пы саны 59,289 млн теңгенің қайырымдылық қоры жасалын-ды.

Биыл алғаш рет қайы-рым дылық жасаушылар мен меценаттардың I облыстық форумын өткізу жоспарланып отыр. Жобаны дəстүрлі түрде ұйымдастыру көзделіп отыр. Аталған жоба аясында Сыр өңіріндегі қайырымдылық жа-саушы меценаттар мен кəсіп-керлерді қолдау, қайы рым-дылықтың жағымды бейнесін қалыптастыруды көздеп отыр-мыз. Форум барысында ме-ценаттар арнайы марапатқа ие болады. Қайырымдылыққа белсене атсалысқан ме-ценаттар қазақстан халқы Ассамблеясының қайы рым-дылық ұйым дарының, ме-ценаттар мен донорлардың республикалық III съезіне қатысатын болады. Атал-ған жобаны аудандарда ұйым дастыруды қолға алу-дамыз. Себебі, аудандарда өз аймағының өркендеуіне қолдау көрсетіп, бірақ тасада қалып жатқан қайырымгерлер баршылық. Біз соларды елге үлгі етіп көрсетуіміз керек. Жоба тек бірреттік форум өткізумен шектелмейді.

Елбасының мақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыруда облыстық ассамб-лея белсенділері əрдайым ал дыңғы қатардан көрініп, қазақы лықтың қаймағы бұ зыл -маған Сыр өңіріндегі ұлт тық жаңғырудың берекелі жұмыс-тарының бастауында тұруға дайын.

Л.ТӨРЕШОВА,Қызылорда облыстық

Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

ÑÛÐ ӨҢ²Ð²ÍÄÅò ÐÓÕÀÍÈ ÊÅÌÅËÄÅÍÓ ÁÅËÅÑÒÅв

Page 3: Тіл мерейі – ел мерейі қàçàқñòàíäûқòàðäû ...til-mereii.webpress.kz/storage/84/847fdfb09c70c24cbeb... · 2018. 5. 25. · жылында пайда

314 – 28 naýryz, 2018 jyl

ÒІË ÌÅÐÅÉІ

Еңбексіз ештеңе болмайды. Əрбір адамға баға бергенде, бірінші кезеңде, жеке басының еңбекке деген көзқарасы, еңбекті бағалауы, еңбегі аталуы керек. Тəңірдің ең күрделі ту-ындысы, адамдардың қыры, сыры, қадір-қасиеті, өзіне ғана тəн. Меніңше əр адам шешілмеген құпия тəрізді. Осы адамдардың бойындағы асыл қасиеттерінің отбасы үшін пайдалы болуы мүмкін, ал, оның жасампаздық еңбегі елдің, халықтың, мемлекеттің байлығы бақыты екені сөзсіз. Адал еңбек – бүкіл əлемге, ортақ құндылық. «Еңбек – əлемнің əміршісі» болса, бүгінде елге қызмет жасап жүрген азаматтар еңбектің əміршісі дегім келеді.

Ермек Бердалыұлы өмірін қалтықсыз еңбекке арнаған азамат.

Ерекеңе, Алла тағала талант сыйлаған, тағдыры оған білімі мен тəжірбиені тарту еткен. Сондықтан да қандай қызмет болмасын тыңғылықты, нəтижелі, мүмкіндіктердің барлығын пайдаланып, төрт жағын сай қылып орындайды.

Ермек Искаков 1971 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келді. 1978 жылы Қызылорда қаласындағы №235 орта мектебінің 1-сы-ныбына барды. 1986 жылы 8-сыныпты бітіріп, Қызылорда қаласында политех-никумына түсіп, 1990 жылы техник-ме-ханик мамандығы бойынша диплом ала-ды. Қызылорда қаласындағы таксомотор

паркінде техник-механик болып жұмыс атқарады. Ерекең оқуын жалғастырмақ мақсатында, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағандыдағы заңгер мамандығын оқып, білім алады.

Қандай да болмасын талантты, да-рынды адам болса да тез білімді, білікті бола алады, тез тəжірибе жинай алмай-ды. Тəжірибе жинау қиынның қиыны. «Көре көре көсем боласын» демекші елден, халықтан, тырнақтап жинаған, ешкімнің пешенесіне жаза бермейтін, ерекше қасиет, ерекше қабілеті – ғой.

Ермек Искаковтың ерекшелігі, көп

оқиды, көп еңбектенеді, жұмысты, қызметтік міндетті, мемлекеттің, халық-тың мүддесін бірінші кезекке қояды.

Ерекеңнің өмірдегі бар табысы, ты-нымсыз еңбек етуі. Табиғилық, тектілік, қалай болғанда, бірінші, өскен орта, алған тəлім-тəрбие, адам баласына əсерін тигізері сөзсіз. Ермек қуанғанда асып-таспайтын, ренжігенде жүдеп кетпейтін. Бастысы қандай азамат бо-лып қалыптасса, қазірде Ерекең сон-дай. Бірқалыпты жүрегі жылы, тұрақты, табиғаты текті, сырбаз, сұлу мінезді жігіт. Бір қалыптылық, мəдениеттілік, білімпаздық, бекзат болмыс. Осының барлығы бойынан табылады. Өз дегенінен қайтпайтын, принципшілдік ұстанымының беріктігі өмірде өз қағидаларымен жүретіні Ерекеңнің азаматтығы осы тұста бір ажарлана түседі. Адамның жанына жақсылығын таратушы, істеген жақсы лығын пұлдамайтынын айтуға болады. Қол ұшын беру, көмек беру, ағайын-туысқа бауырмалдық көрсету, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, бəрімен тіл табыса білу.

1993 жылы Қызылорда ОІІБ-нің қылмысты іздестіру басқармасының же-дел уəкілі лауазымына тағайын далды. Ол өзінің іскерлігінің арқа сында 1996 жылы

Қызылорда ОІІБ-нің еңбекпен түзеу жұмыстары бөлі мінің аға жедел уəкілі лауазымына тағайындалды.

Осы жылы Қызылорда ОІІБ-нің жанындағы қатты əсер ететін есірткі заттарының таратылуына бақылау жасау бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уəкілі лауазымына тағайындалды.

Ұйымдастыру қабілетінің арқа-сында 1998 жылы Қызылорда ОІІБ-нің криминалды полиция қызметінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уəкілі лауазы-мына тағайындалды. Кез келген тірлікті дөңгелетіп əкететін қабілетті, іскер Ерекең 2000 жылы Қызылорда ОІІБ-нің криминалды полиция қызметінің 4-ші басқармасының аналитикалық барлау бөлімінің аса маңызды істері жөніндегі аға жедел уəкілі лауазымына тағайындалды.

2001 жылы Қызылорда ҚІІБ-нің қылмысты іздестіру бөлімшесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды

07.05.2004 жылы Қызылорда ҚІІБ-нің қылмысты іздестіру бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2006 жылы Қызылорда ҚІІБ-нің полиция бөлімшесінің бастығы лауа-

зымына, 2008 жылы Қызылорда ҚІІБ бастығының жедел жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымына, 2009 жылы Қызылорда ҚІІБ криминалды полиция басқармасы мүліктік қылмыстарды ашу жөніндегі бөлімнің бастығы лауа-зымына, 2011 жылы Қызылорда ҚІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы лауазымына, 2012 жылы Қызылорда ОІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы болып тағайындалды. Қай қызметте де өзінің қағидаларына сүйенетін Ермекті 2015 жылы Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Ол барынша қарапайым, озбырлыққа, дөрекілікке жаны қас, жо-март, бауырмал, көпшіл, əрі сыпайы сыр-баз адам.

2017 жылы Қызылорда ОІІД-нің есірткі бизнесіне қарсы күрес бас-қар масының бастығы лауазымына тағайындалды. Қазіргі уақытта осы лау-азымды атқаруда.

Отбасылы. 1 ұл, 2 қыз тəрбиелеп отыр.

Абай атамыз айтқандай «Адамшы-лықтың қарызы үшін еңбек қылсаң Алланың сүйген құлы боласың» дейді. Ермек Искаков қарызын адал орындап жүрген азамат.

Ұрпағын өсіріп əке текті атадан дарыған тəрбиесін кейінгілергеде сіңіріп келеді.

Бибіфатыма НҰРҒАЗЫ.

MEREI

ДƏСТЇР

Тарихта ақыл-парасатымен, тапқырлығы мен батылдығымен, дуалы сөзі мен дара өнерімен көзге түсіп, бүгінгі күнге дейін ел жадында қалған асыл аналарымыз бен дана қыздарымыз өте көп болған. Бұл жолы біз басылымдарда жиі жариялана бермейтін өткен уақыт белестеріндегі ардақты аналардың қасиеттері хақында паш етуді жөн көрдік. Ал, газет бетіне сыймай қалған өр тұлғалы аяулы жандарымыз өте көп екенін ескертеміз.

Шежірені парақтап отырсаңыз ақылымен ел билеген, айбатымен жауға қарсы тұрған аналарымыздың атымен бүтіндей ру мен ел ата-лып кеткен оқиғалар жиі кездесіп жатады. Бір ананың ақыл-парасаты бір рулы елдің өсуіне жол салған. Гендрлік саясат деп еркек пен əйел болып жауласып жатқан бүгінгі күні бір сəт ер-теректе өткен қасиетті аналарымыздың өмірін өнеге еткеніміз абзал. Олар сонау қиын-қыстау жаугершілік заманында елін қорғаса да, бір əулеттің киелі отын сөндірмеуді бəрінен маңыз тұтқан. Бұл да қазақ əйелдерінің отбасындағы білгір саясаткерлігі мен бойына сіңген болмысы. «Еркекті ер қылатын да, ез қылатын да əйел», дейді данагөй қазақ. Бұл нақыл сөз бойжеткендерімізге ақыл сөз болып жүрегіне жатталсын деген ниетте ойымызды түйіндейік.

Қазақ қоғамында əйелдің орны ерекше. «Əйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен əлемді тербетеді» деген тəмсіл бар. Ұлттың болашағы да қазақтың əйелінің қолында. Сондықтан қазақ əйелі отбасы қоғамының ұйытқысы, тəрбиенің берік қорғаны. Халық жадында сақталып қалған Тұмар, Зарина, Бегім, Бопай, Қарашаш, Домалақ, Абақ, Айғаным, Күнбике, Зере тəрізді ханшалардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі мен ерлік істері бүінгі болашақ ұрпақ жадында. Арыға бармай-ақ қазақ хандығы тұсынан бергі ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай ха-нымдар, Күнбике, Айбике, Зере аналардың ұлт тарихындағы орны бөлек.

Аяулы Ана! Осы бір құдыретті есім жаныңа шуақ сыйлап, кеудеңе қуаныш сыйлап, жүрегіңе нұр құяр кəусар бұлақтай, таза асқар таудай биік, əлемдегі ерекше жан!

Тура жолды нұсқаған хакім Абайды, қазақ

елін біріктірген Абылай ханды, жүрегінің түгі бар Баһадүр, батырлар Қабанбай мен Наурызбайды, Əлия мен Мəншүктей перзентін шыр етіп жарық дүниеге əкелген, тар құрсағын кеңейтіп, тас омырауын жібіткен, көзінің ағы мен қарасындай мəпелеп өсірген қазақ даласының қайран аналары-ай! «Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» дейтін сол ана емес пе?» Бір қолымен əлемді,бір қолымен бесікті тербеген ана мейірімі күллі жер бетіне қуаныш пен бақыт сыйлайды. Құран хадистерінде: «Тоғыз ай, тоғыз күн, тоғыз сағат баланы көтеріп, өлімді жағалап барып баланы дүниеге əкеледі. Сен ештеңеге шамаң келмей, сəби болғанда жылап, омырауы-нан сүт емізіп,сені баққан кім? Сені балиғат жасына жеткізген кім? Егер анаңның разылығын алмасаң, жəннаттан саған орын жоқ!-деген екен. «Жұмақтың кілті, анаңның табанының астында екені ақиқат!». Баяғыда бір шашын жайған əйел Əмір Темірдің алдына келіп: -Жалғыз балам-ды сен құлдыққа алдың. Сен не істесең де адам ғанасың,ал,мен-Анамын! Сен өлім шашасың,мен өмір шашамын, сондықтан мен сені адамға сана-маймын да, менің ұлымды қайтар!-деп бұйырады. Екеуі сөйлескен соң, Əмір Темір:-Бұл əйел мен-нен өтінбеді, бұйырды, бұл өмірдің иесі, бұл-ана, бұл ұлын сүйеді-деп, үш жүз салт əскеріне дүниенің төрт бұрышын аралатып, жалғыз ұлын тауып берген екен.

Мақтасақ-əйелді мақтайық, құрметтейік. «Əйел-ана, барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе? Əйел-ана, дүниедегі жалғыз күш ғой; оның алдында Азияның айбарлы арыстаны Темірде, Темірді жеңген өлім де бас иді!

Дегенмен, барлық өмірдің бастауы, Құдайдан кейінгі құдырет иесі-Ана!-Əуелі анаңа, тағы да анаңа ,содан соң əкеңе жақсылық жаса! –деп Мұхаммед пайғамбарымыз өз хадисінде ананы құрметтеу парыз екенін айтады. «Ана» деген-де толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. «Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері-ай» деген сөздің мəнісі –келінді ұрпақ жалғастырушы ғана емес, оны əулеттің ырыс-берекесі деп таныған.

Данагүлдің ақылын таныған Төле би қырық қарақшының қолына түскенде ұлына емес, келіні

Данагүлге хат жазып көмек сұраған. Сонда Данагүл астарлы сөзбен жазған хатты түсініп, Төле биді құтқарған екен.

Ибрахим пайғамбардың ұлы Исмаил алы-ста жүріп үйленіпті. Əкесі мұны естіп, ұлын іздеп келіпті. Келсе, үйде ұлы жоқ, келіні ата-сын есік алдында қарсы алады. Келіншек қайын атасы екенін білмеген соң алыстан келген кісіге үйге кіріңіз деп ізет білдірмейді. Ата-сы одан тұрмыс-жағдайын сұрайды. Сол кез-де келіншек тұрмысын ауыр екенін айтып, күйеуінің табысының мардымсыз екенін айтады. Жағдайды түсінген қария:- Күйеуіңе келгенде оған айт, үйінің босағасын ауыстырсын, сол кез-де тұрмыста түзеледі,-депті. Түсінбеген ақылсыз əйел күйеуіне көргенін айтады. Исмаил келген өз əкесі екенін түсінеді. Келесі жылы Ибрахим баласының үйіне тағы келеді. Баласы үйінде тағы жоқ екен. Бұл жолы үйден басқа келіншек шығады. Қарияны төрге отырғызып күтеді. Тұрмыс-тіршілігі жайлы сұрақтарына «Құдайға шүкір! Алланың бұйырғаны болып жатыр!» деп жауап береді. Күйеуінің қандай екенін сұрайды, оның иманды адам екенін айтады. Ибрахим атта-нарда күйеуіңе сəлем айт, үйдің босағасын берік ұстасын,-деп қайтып кетеді.

Жердің тайғақ болғанын мұздан көрдім, еттің ащы болғанын тұздан көрдім, Жас кезімде «қыз бала» деп менсінбеп ем, Қартайғанда рахатты қыздан көрдім,-деп Шернияз ақын айтқандай ғасырлар белесіндегі атадан балаға, баладан ұрпаққа ауысып келе жатқан адамзат тарихының ақ мұнарындай белес-белес болып, бізге жет-кен айбынды тұлғалардың да қарапайым ана-дан туып, ананың ақ сүтінен ауызданып, ана мейіріміне бөленгенін еске алайық. Бүгінгі за-мандас жер бетіне жақсылық əкелген барша анаға бас иеді, құрметтейді.

Өз елімізде жаңа өмірі, нұрлы жолы басталған əйел аты одан ары биікке көтеріліп, аса мол азаматтық рухани бай өмірдің құдыретті күшіне айналады. Қазірде əйелдер шағын коллективтің бір мүшесі ретінде елдің қамын жеген қамқор ой толғаудан бастап, ел билігі өмір тізгіні қолына тиген үкімет мүшесі ретінде дүниелік ой айта алады.

Əйел атын, ана атын лайықпен алып жүруіне сол арқылы қандайда бір биікке көтерілуіне қазіргі аналарымыз бен сіңілілеріміз, келіндеріміздің мүмкіндіктері ұлан-ғайыр. Тіпті олардың өмірде басқалар жүрмеген жаңа сүрлеу салуға, өмірде өзінше із қалдыруына, бұрын ешкім баспаған жаңа белеске көтерілуіне де болады. Алайда, менің айтайын дегенім, Бибіфатыма аналары-мыз бен Бегім Аналарымыз,-деп қандай ана-ларды атап жүрміз. Мысалы: ойымдағы Бегім Аналар баланы өсірген, күйеуін күткен, қонақ күте білген, ағайын-туыстардың бабын тапқан. Қызметті де, үйді, күйді өз орнында ұлды ұяға, қызды қияға қондырған аналарды айтар едім. Десекте, Ұлбала Алтайбаева, Шырынкүл Қазанбаева ер азаматтарын күтіп, халыққа сыйлы болған, ұлды ұяға, қызды қияға қондырған ана-ларды атамасқа болмас, сірə. Мысалы: Қанзира Қалиева, Бағжан Қазантаева, алтын құрсақты ана-лар да жетерлік Дарипа Қалмырзаева, Гүлжамал Құлназароваларды айтуға болар еді. Осы секілді аналарымыздың өмір жолынан көруімізге бола-ды. Бұлардың қай-қайсынанда өмірге құштарлық, барға байыздамай, алға, заңғар биікке құлаш ұрған талапшылдық жақсылық атаулыны жарқырауға ұмтылушылық көңіл төріне гүл өсіруші бағалайтын секілді. Шынайыда, мөлдір, асылда ардақты қасиеттерін табасың. Отбасылық береке пейіліне қоса қоғамдық ортада, еңбекте, үлкен істерді өз жарастығымен, өз жұмысымен дамытып, əр қырынан көріне білген асылдай ер тұлғалы батыр аналар біз үшін қандай үлкен ме-рей.

Сəлима Жұмабекова, Ұлбала Алтайбаева, За-хира Ержанова, Ұлмикен Төлегенова, Рсалды Сүлейменова, Пиян Жуқаева, Жадыра сияқты көптеген əйеледер еңбегімен ел даңқын шығарған құрыш қолды еңбекқор аналар. Ал, олардың соңынан ерген жасампаз күшті, бұла тасқынды, өршіл қайратты, жігерлі, жалынды , жас толқын сол тұйық бастаудай нəр алған жайқалып өсіп келе жатқан Сыр гүлдеріде жетерлік.

Миуа БАЙНАЗАРОВА,ҚР Журналистер одағының мүшесі.

АЙТЫС - ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Ежелден «əу» деп бастап айтысып, халық бо-лып игəйттап тізгінін тартып, айтыскердің шабытын арқасына салған халықпыз. Айтыс - нағыз сөздің до-дасы. Додаға түскен ақындардың мақсаты бет жыр-тысып, бір бірінің бетін ашу емес. Мақсат төңіректе болып жатқан жағдайлар туралы пікір алмасу, білгенімен бөлісу.

«Ертедегі айтыста дау - дамайды айтып, халықтың ойында жүрген толғанысты айтқан,» -дейді көнекөз кісілер. Осы күнге дейін айтыстың тізгінін ұстаған айтыскерлерге ризашылығымызды арттыру қажет. Кез келген өнер бағалануы керек. Қазіргі нарықтық заманда ақындарға жүлде беріп, материалдық жағынан демеу əбден дұрыс. Аталы сөз айтқанға ат басындай алтын берсе, оның несі айып? Айтыскер ақындарымызға қандай мақтау берсе де, қандай жүлде берсе де артық етпейді.

Ежелден елдігімізді, дəстүріміз бен өнерімізді дəріптеп келе жатқан халық ауыз əдебиеті. Осы халық ауыз əдебиеті арқылы зіге көне жыр мен термелерде, дəстүрді бізге жеткізуші абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар. Көзі ашық көкірегі ояу əрбір көрегенді жан халық ауыз əдебиетінің құдіретін түсіндеі. «Көп жасағаннан емес,көпті көргеннен сұра» деп бекер айтпаған. Біздің он екі балалы ана Мэлс Абдикалыкованың үйіне жолымыз түсті. Есімі қазақта жиі кездеспейтін есімдердің бірі, əрі мағынасы ерекше де қызықты. Үйінің жалғыз қызының есімін қойған нағашылары Маркс ,Энгельс, Ленин, Сталин секілді кезіндегі төрт ұлы есімдердің бас əріптерін ала отырып қойғандығын білдік. Есімі ерекше бұл жанды көптің аузынан естіп қызығып барған болатынбыз.

«-Іңгəлəп дүниеге келген күнімнен бастап жетпіс сегіздің үстіне шығып отырған кезге дейін осы қазағымның салт-дəстүрі мен ырым-тыйымын берік ұстанып келемін. Ақжаулықты ана ретінде талай періште сəбилердің жаңа өмірге жаңа талаппен қадам бассын деген ниетпен тұсауларын кесіп жүрмін» - деді қарт ана.

Бұл кісінің он екі балалы атанғаннан бері көп келіншектер ырымдап осы күнге дейін киімдерін , орамалдарын «жолын берсін» деген мақсатта алып тұрады екен. Бұдан басқа да «Егіздік» ырымы да ерекше қолданылып жүр екен. Бұл ырым құрсақ көтере алмаған жас келіншектің егіз туған ананың екі аяғының ара-сынан ырымдап жорғалап өтуі.Мэлс əже осы уақытқа дейін осы ырым бой-ынша жиырмаға жуық келіншектердің өтінішін орындапты. Өзіміз бұрын соңды естімеген осындай ырымдарды біліп қайттық. Біз ол кісінің ақындық қырымен де таныстық. Біздерге өлеңдете батасын берді.

Ақжан ҚАЗБЕК,Тоғжан ҚАЙРАТҚЫЗЫ,

М.Мəметова атындағы колледждің студенттері.

ӨМІРІ ӨСИЕТТЕН ҚҰРАЛҒАН...

ÁÅÊÇÀÒ ÁÎËÌÛÑ

Бүгін отбасымыздың қуа-нышы, ата-əжесінің тəтті немересі Нұрділлəұлы Таңнұрдың 1-жасқа толған туылған күні. Жасқа толған құлыншағымызға өмірдің бар жақсылығын тілейміз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат, анаңа шуақ, əкеңе қуат бол.

Нұрлы үмітті ертеңге жалғады əлем,Толды жасқа, мінекей, бал немерем.Өмір дейтін осынау ұзын жолда,Төгілсін қадамыңа əн мен өлең.Куəсі етіп бақытты күндерімнің,Ұрпағым шаттанғанда бірге күлем.Қызығымның 1 жасқа толуында,Тілейін немеремнің есендігін-деп тілек білдереді ата-

əжең!

Тілек білдірушілер: Ата-əжең, Əсет-Үрбибі, ата-анаң - Нұрділлə-Ақерке, көкең-Алмас, тəтең-Гүлназ,

ағаларың - Нариман, Мансұр жəне нағашылары.

Құттықтау

Әйелсіз әлемнің күні бар ма?

Page 4: Тіл мерейі – ел мерейі қàçàқñòàíäûқòàðäû ...til-mereii.webpress.kz/storage/84/847fdfb09c70c24cbeb... · 2018. 5. 25. · жылында пайда

414 – 28 naýryz, 2018 jyl

ÒІË ÌÅÐÅÉІ

ÒІË ÌÅÐÅÉІМеншік иесі: Директор - Бас редактор

Миуа БАЙНАЗАРОВА

Газет редакцияны компьютерлік орталығында беттелді. «Print» бас-паханасында басылды. Оның шығу сапасына баспахана жауапты. Қызылорда қаласы, Байтұрсынов №49

Газет ҚР Байланыс, ақпараттандыру жəне бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін жəне желілік басылымды есепке қою туралы 27. 10. 2016 жылы тіркеліп, №16187-Г Куəлігі берілді.Айына 2 рет шығады.

Жарияланған материалдардағы пікірлер редакция көзқарасын білдірмейді. Деректер мен мəліметтердің нақтылығына автордың жауапты екендігі ескертіледі.

Таралымы 8000 дана.Редакция мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, М.Шоқай к-сі-19/1

Қабылдау бөлмесі 21-50-29

Жазылу индексі: 65017Аудандарға: 68017

Ұялы тел: 87013519329, 87027221625

ASTANAǴA – 20 JYL

1961 жылға дейін ол Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін – Цели-ноград, ал 1992 жылдан 1998 жылға дейінгі аралықта қайтадан Ақмола деп аталды. 1997 жылдың 20 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Сарыарқа төсіндегі шырай-лы шаһар тəуелсіз Қазақ елінің астанасы мəртебесіне қол жеткізді. Ал, 1998 жылы қазіргі Астана атауын иеленді. 1994 жылы 6 шілдеде еліміздің бас қаласын Ақмолаға көшіру туралы шешімнің қабылдануы – арғы-бергі тарихындағы ерекше оқиға. Бұл оқиға бірден оңайға соқпағаны белгілі. Елбасы өзінің «Еу-разия жүрегінде» атты кітабында: «1994 жылы 6 шілдеде Парламент Мəжілісінде мен астананы көшіру туралы идеяны жа-рия еттім. Сол кезде жұрттың бəрі мені қолдаған жоқ. Көп адамдар мұны ақылға сыймайтын əрекет деп есептеді. Өйткені, елдің жағдайы ауыр болатын. Жалақы, зейнетақы уақытында төленбей жатты. Ал енді біреулер астананы көшіру идея-сын қолдағанның өзінде бұл шешім 2030 жылсыз жүзеге аспайды деген ойда бол-ды. Дегенмен, осылай үш жыл өткенде депутаттардың өзі пойызбен жаңа астанаға көшіп келді. Енді шешімнің дұрыс болғандығына ешкім де күмəн келтіріп, дауласпайды» деп жазған-ды.

Қаншама қиыншылықтар орын алды. Елбасы қаланың сəулеттік келбетін ерек-ше назарда ұстап, шаһар басшылығына тың тапсырмалар берді. Оның мінсіз атқарылуын барынша қадағалауы жай-ында осы кітапта баяндалады. Соның нəтижесінде жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлер көптеп салына бастады. Осындай тынымсыз тірліктің арқасында іс алға ба-сады. Мұны нағыз ерлік деп бағалауымыз

қажет. Есілдің сол жағалауын игеру ба-рысында қомақты инвестиция тарту үшін Ақмола экономикалық еркін аймаққа есебінде жұмыс жасай бастады. Ондағы мақсат қаланы салықтан босату еді. Осы-дан бастап қала құрылысы еселене түседі. Өндіріс ошақтары көптеп ашылады. Айта кету керек, елорданың қарқынды дамуы осылайша ерекше екпінмен бастау алады. Елордада үш əкімшілік аудан құрылды. Олар – Алматы, Есіл, Сарыарқа ауданда-ры. Сөйтіп оның аумағы үлкейе түсті.

Өткен жылы Астанада тұрғындар саны миллионнан асты. Ел дамуының символына айналған көрікті Елорда бар-ша қазақстандықтың мақтанышына ай-налды десек, қателеспейміз. Сарыарқа төрінен орын тепкен сұлу Астана-да – барша адамзатты бейбітшілікке, ауызбірлікке үндейтін алқалы жиын-дар мен басқосулар жиі өткізіліп келеді. Ол Отанымыздың имиджіне оң əсер етіп қана қоймай, əлемдік татулықтың нығая түсуіне ықпалын тигізіп отыр. Қазақстанның алтын темірқазығына айналған ару шаһардың жиырма жыл ішінде бағындырған биіктері мен алған асулары жетерлік. Есіле ағып жатқан Есіл өзенінің екі жағынан бой көтере түскен сəулеті мен биіктігі таңқалдыратын ғимараттар дүние жүзіндегі дүйім жұрт алдында мерейімізді өсіре түседі.

Мен бозбала кезімде, осыдан 46 жыл бұрын Целиноград болып тұрған шағында жолым түсіп барған едім. Ол кездегі бет-бейнесі мүлдем бөлек. Мен көрген Целиноград қаласы өте шағын, көрікті жерлер аз болатын. Қаланың 7-8 шақты көшесінде ғана асфальт бар, қалғанында тас төселген. Қалада орыс мектептері көп. Қазақ мектебі жалғыз. Онда да

ол Целиноградтың шетінде көрінеді. Көшелері шағын кішкентай екенін байқадым. Жер үйлері де біздің жаққа қарағанда жатағандау секілді көрінді. Əр жерде көпқабатты үйлер бар. Өйткені, қыстың қатты болуына байланысты ба-спана шағындау етіп салынады. Ол жай-ында жергілікті адамдардың айтқанынан естідім. Шындығы сол, көшелері көбіне лай, ми батпақты еді. Жерасты су болуы керек, бетіне көлкіп шығып жатты. Сол кездегі бет-бейнесі біздің Қызылордадан артық емес көрінді маған.

Астанада бірнеше мəрте болып қайтқан Есенжол ағамыз бұл жөнінде өз ойын білдірді. Сол жылдар ішінде елорданың құмбыл өзгергенін көріп, одан алған əсерлерімен бөліскен-ді. Ес ағай алдымен осыдан он сегіз жыл бұрынғы барғанын былай деп еске алған-ды.

– Шынын айтайын, астананы Ақмолаға көшірді дегенін естігенмен, дəл мынадай ұлы өзгерістерге жол ашы-лады деп ешқашан ойлаған емеспін. Сол баяғы ескі қала орнында тұрған шығар деп ойлаған едім. Ондағы тұрғызылған зəулім үйлер мен ғимараттарды көргенде түс көргендей күй кештім. Баяғы көшелер атымен жоқ. Бəрі түбегейлі өзгеріп кеткен. Қала құрылыс алаңына айналған. Қызу жүріп жатыр. Алып крандарды көргенде берекелі бірлік пен тиянақты тірліктің жүріп жатқанын аңғару қиын емес. Құрылыста адамдар өріп жүр. Еліміздің əр аймағынан келіп, жұмыс жасап жатқандар болуы керек. Бірнеше мөлтек аудандар бой көтеріпті. Қала шетіндегі көшелері асфальттанып, жаяу жүргіншілер жүретін табанжолдар салынған. Адам танымас-тай мүлдем басқа қалаға айналған. Баяғы көлкіп жатқан судың ізі де жоқ. Соңғы

архитектуралық үлгіде салынған көптеген əсем ғимараттар көрген адамды ерекше əсерге бөлейді.

Осыдан бес жыл бұрын Астанаға тағы барудың сəті түсті. Бұл жолы айту-лы жерлерін түгелдей аралап шықтым. Ақорда, Парламент ғимаратын, Үкімет, Министрлер үйі, көптеген ұлттық компа-ниялар мен биік сауда үй кешендерін сырт-тай тамашаладым. Алып «Бəйтерек» стел-ласына шығып, тəуелсіз мемелекетіміздің берекелі өміріне шүкірлік еттім. Пирами-да пішінінде салынған Бейбітшілік жəне келісім сарайын, «Хан шатыры» жəне де басқа да көңіл көтеру орталықтарын, жабық стадионды, 3500 орындық кон-церт залын, Аквариум орталығын аралап көрдім. Əсіресе, ұшатын тарелка секілді Цирк ғимараты мені қатты таңғалдырды. Бірінен-бірі сəулеті асып түсетін жаңа ғимараттарды түгелдей айтып шығу мүмкін еместей. Бұның бəрі осыдан бес жыл бұрын көргендерім еді, – деді ағамыз.

Астана – қазақ елінің айшықты ақ ордасы, бейбітшілік пен келісімге ба-стайтын киелі мекен. Мəңгілік елді жасампаздыққа жетелейтін, бірлік пен татулық болмысты паш еткен бейнелі қала. Өркендеу жолында өрісті қадамдарға жол көрсетіп, Қазақстанды мекендеген көпұлттың достығы мен дəстүрін сақтауда əлем елдері арасында үлгі болуда. Қазақ елінің тірегі мен жүрегі сен – Астана! Мəңгі жасай бер, жай-най бер! Тəуелсіздіктің бойтұмарындай қасиетті шаһар əрбір қазақстандықтың жүрегінде төрден орын алып, жер-жаһан жұрты алдында мəртебесі биіктей түседі деген сенім зор.

К.ЕРІМБЕТОВ.

АСТАНАЄА – 20 ЖЫЛ

ÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀÅҢÑÅÑІ ÁÈІÊ – ÅËÎÐÄÀ

ЌЫЗЫЛОРДА ЌАЛАСЫНА – 200 ЖЫЛ

Туған жерім, Қызылордам жүрегімсің,Өзіңнен бастау алар əр-бір ісім.Қанша сұлу қалалар толып жатыр,Бəрінен бірақ бірегей, бөлегімсің.

Сыр даласын Сақтарым мекен етті,Сақ патшасы Томирис билік құрды.Сыр өңірі Жеті асардың мəдениеті,Ежелден елу қала орны қалды.

Қамыскала атанлы Сыр ойысы,Сығанаққа Оғыздар орда тікті.

Сырдың бойын жағалап Жібек жолы,Қаланың дамуына əсер етті.

Қызылордам – бой көтеріп, көркейгенсің,Өлең болып, шабытыма дем бересің.Сан ғасырдың тарихына куə болған,Ақмешітім байырғы астанамсың.

Туған елім, Сыр – Алаштың анасы,Зиялылардың осын да қалған ізі.Туған өлкем, шөлейтті-шөл даласы,Айбыны асқақ, батырлардың қаласы.

Ел сарыны бабамның қобызында, Сыр елімнің абызы Қорқыт баба.Ізінен ерген аңызы тарихымда,Орны ерекше кесене Сыр бойында. Жаңа бағыт, жаңа жолдар салынып,Заулаған даңғыл жолда темір тұлпар.Сəулетті тұрғын үйлер көркіне еніп,Гүлденген, жасыл желек, əсем шаһар.

Сол қапталға жаңа шаһар тұрғызды,Сырдың суы толқынмен тербелді.

Серуен құр деп, жағаға көше салынды,Келіп көр өзің, көркем сұлу жағалауды.

Жарқырайды, жарық шамдар көше бойлап,Шіркін-ай, неткен сұлу түнгі қалам.Жырлаған талай ақын жырға қосып,Қызылордам керемет əсем қалам.

Қолғанат ҚЫСТАУБАЕВ,

Қараөзек елдімекені.

Қызылорда жүрегімдесің