45minutkz.files.wordpress.com€¦ · web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны....
TRANSCRIPT
![Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған](https://reader035.vdocuments.us/reader035/viewer/2022081517/5ee3c30cad6a402d666d667a/html5/thumbnails/1.jpg)
Пәні: Қазақ тілі
Күні: 02.02.2016ж
Сыныбы: 3 «Е»
Тақырыбы: «Қыс қызықтары»
Мақсаттары:
Білімділігі: қыс қызықтары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру. Жаңа сөздермен таныстыра отырып, оқушының қиялын ұштау.Дамытушылығы: байланыстырып сөйлеу қабілетін, тілін дамыту.Тәрбиелілігі: табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, «ыстық орындық», «хоккей» ойыны.
Сабақтың көрнекілігі: интер.тақта.слайдтар, жазба бетшелер.
Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.- Оқушылармен амандасу, түгендеу;- Оқушыларды топқа бөлу;( қыс мезгіліне байланысты суреттер)
II. Психологиялық дайындық: «Жақсы сөз жанды қуантады» (оқушылар бір – біріне жылы тілектер айтады)
III. Үй тапсырмасын тексеру.IV. Қайталау- оқу анасы.
1. Қазақ тілінде неше жалғаудың түрі бар?2. Тәуелдік жалғауы дегеніміз не?3. Қазақ тілінде неше септік бар?
![Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған](https://reader035.vdocuments.us/reader035/viewer/2022081517/5ee3c30cad6a402d666d667a/html5/thumbnails/2.jpg)
4. Буынның неше түрі бар?
V. Жаңа сабақ.
Тақырыбын, мақсатын хабарлау.
VI.Сөздік жұмысы:
жел соғады – дует ветер
қардан – из снега
сырғанайды – катается
-жаңа сөздерді өзім оқыдым, оқушылар қайталады;
-оқушылар тізбектеп оқып шықты;
-берілген сөздерменен сөйлем құрастырдық;
VII. Орындалатын тапсырмалар. ( сабақтағы ерекшелікті, құпияны ескерту).
![Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған](https://reader035.vdocuments.us/reader035/viewer/2022081517/5ee3c30cad6a402d666d667a/html5/thumbnails/3.jpg)
1- құпия. Ұжымдық жұмыс. (мәтінмен жұмыс) Қыс.
Қыс түсті. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс желтоқсан айынан басталады. Қыс мезгілінде күн суытады. Суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыста жылы киінеді. Бұл мезгілді балалар жақсы көреді. Олар коньки тебеді, шаңғымен сырғанайды, қардан аққала жасайды.
- Мәтінді түсініп оқу;- Мәтінді аудару. Сөздікті қолдану.- Сұрақ – жауап. ( оқушылар бір –біріне сұрақ қоюы, тіл дамыту)
2-құпия. Топ оқушыларының жұмысы.
Желтоқсан тобына: « Шырша » сөзін тәуелде.
Қаңтар тобына: « Шаңғы » сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Ақпан тобына: « Аққала » сөзін септе.
VIII.Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт-сарт –сарт, Шапалақ соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз. Топ-топ-топ, Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз, Зу-зу-зу Шанаменен зулаймыз. ( осы өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасату ).
3-құпия. «Жұптас, ойлан, бөліс» стратегиясы бойынша, берілген суреттерге қарап диалог құрастыру.
![Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған](https://reader035.vdocuments.us/reader035/viewer/2022081517/5ee3c30cad6a402d666d667a/html5/thumbnails/4.jpg)
4-құпия. «Хоккей» ойыны. Голл соғу.
Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған тапсырмасы дұрыс болса қол соғамын, оқушылар голл деп айқайлайды.
Ақпан тобы: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
Қыс айлары: ..., ..., ... . Жерді қалың ... жапты. Қыста жиі ... жауады, ... соғады. Ағаш бұтақтары ... жамылған. Шанасын сүйретіп ... далаға шықты.
Қаңтар тобы: Жақша ішіндегі сөздерді аударып жаз.
Қыс (пришла). (Снег) жауады. (Река) қатты. Коля мен Саятта (санки) бар. Еркінде (лыжи) бар. Берікте коньки (есть).
Желтоқсан тобы: Берілген сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажыратып жаз.
Аққала, шана, шаңғы, желтоқсан, қаңтар, суық, боран, сырғанақ.
Құпияның ашылуы, сөзжұмбақ шешу.
(ерекше жолақтан аққала сөзін оқытып, парақшаларды ашып, аққала суретін құрастыру).
![Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған](https://reader035.vdocuments.us/reader035/viewer/2022081517/5ee3c30cad6a402d666d667a/html5/thumbnails/5.jpg)
IX. Қорытынды.
«Ыстық орындық» стратегиясы.
Сұрақ-жауап.
1.Қазір жылдың қай мезгілі?
2.Қыс айлары?
3.Қыс мезгілінде ауа райы қандай?
4.Қыста не жауады?
5.Қардан не жасаймыз?
6.Қыста адамдар қалай киінеді?
7.Қыс қызықтары?
X. Үйге тапсырма:
Өз ойларыңмен қыс қызықтарын бейнелеңдер.
XI.Бейне ролик арқылы «Қыс әнін»шырқап, сабақты аяқтау.
XII. Мадақтау, бағалау.
![Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com€¦ · Web view2016-02-08 · «Хоккей» ойыны. Голл соғу. Әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі. Орындаған](https://reader035.vdocuments.us/reader035/viewer/2022081517/5ee3c30cad6a402d666d667a/html5/thumbnails/6.jpg)
№ 17 мектеп-лицейі
Ашық сабақТақырыбы: «Қыс қызықтары» Сыныбы: 3 «Е» Пән мұғалімі: Куаналиева А.Т.
Ақпан 2016жыл