Тurkic weekly - twesco.org tw kazakh.pdfапталық...

12

Upload: others

Post on 28-Sep-2020

7 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне
Page 2: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

Тurkic Weekly 2016 17 (25) (25 Сәүір – 1 мамыр)

«Тurkic Weekly» - Түркі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың апталық

шолуы. Ол түркі тілдес мемлекеттердің ағымдағы өзекті мәселелері

бойынша объективті талдау жасайды.

«Тurkic Weekly» - Түркі академиясы Халықаралық ұйымы шығаратын

апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест.

Page 3: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

БҰҰ ӨРКЕНИЕТТЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ VII

ЖАҺАНДЫҚ ФОРУМЫ

25-27 сәуір күндері Бакуде БҰҰ Өркениеттер Альянсының VII Жаһандық форумы өтті,

оның басты мақсаты - әлемде бейбітшілік пен өзара түсіністікке қажет диалогты қолдау.

«Азертадж» ақпараттық агенттігіне сәйкес, форумға 147 елден келген 1500-ден астам

қонақтар қатысты. Жалпы Форум жұмысына 6000-ден астам адам қатысты. 3 күннің ішінде

41 іс-шара өткізіліп, ұйымдастыру комитеті 86 мәдени іс-шара өткізген.

Ашылу барысында құттықтау сөзін сөйлеген Әзербайжан Президенті Ильхам Алиев

былай деді: «Біз маңызды мәселелерді талқылау үшін әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырып

отырмыз. Біз Әзербайжанда Мәдениетаралық диалог форумын екі жыл сайын

ұйымдастырып тұрамыз. Біз үнемі Баку халықаралық гуманитарлық форумын

қабылдаймыз. Бүгінгі жиынның негізгі мақсаты төзімділік, түсіністік және фундаменталды

құндылықтар мен әр топтың адамгершілік тұғырларын құрметтеу болып табылады».

Сондай-ақ форумға Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Мальта Президенті Мари

Луиза Колейро Прека, БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғарғы өкілі Насир Абдуләзиз әл-

Насер, Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь

Ұлттық Жиналысының Төрағасы Михаил Мясникович және басқа лауазымдар қатысты.

БҰҰ Өркениеттер альянсының жоғары өкілі бейбітшілік пен диалогқа шақыратын VII

жаһандық форумда қабылданған Баку Декларациясының маңыздылығын атап өтті.

Болашақта бұл құжат бірнеше маңызды жобаларды іске асыруға серпін береді, деп атап

өтті. Өз кезегінде, Әзербайжанның Мәдениет және туризм министрі Абульфас Гараев

Әзербайжан халықаралық диалогты дамытуға және радикализм мен экстремизмге қарсы

күреске ықпал етуге мүдделі, деп мәлімдеді.

1

Page 4: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

Форумның пленарлық және секциялық мәжілістерінде 168 спикер сөз сөйледі. Альянс

әріптестерінің отырысында 70-тен астам лауазымды тұлғалар сөз алды.

Форум аясында өткізілген 16 секциялық отырыста және 2 пленарлық сессияда БҰҰ

байланысты басымдықтар талқыланды. Олар бейбітшілік пен қауіпсіздік, адам құқықтары,

заңның жоғарлығы және дамуға қатысты болды.

Қазіргі қоғамның құрылымына, діни лидерлерге, әйелдерге, жастарға, спорт және білім

беруге ерекше назар аударылды. Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, ксенофобия

жөнінде пікірталастар болды.

Қатысушылардың қатарында халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері болды:

Түркі кеңесі, Халықаралық Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ, Мирас қоры және басқалары.

Айта кететін жайт, Халықаралық Түркі академиясы IRCICA ұйымымен бірлесіп түркі

тілдес мемлекеттері дамуының өзекті мәселелерін талқылап, секциялық отырысты

ұйымдастырды.

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев заманымыздың басты

проблемасы - халықтар арасында сенім мен өзара түсіністіктің болмауы, деп атап өтті.

«Сондықтан Өркениеттер альянсы қазіргі жастарға шынайы құндылықтар туралы айтуы

керек, бұған шын мәнінде көп назар аудару қажет. Өшпенділік пен бір-біріне дұшпан болу

қауіпті, өнеркәсіп революциясы мен экономикадағы іргелі өзгерістер жастардан жаңа

көзқарасты талап етеді. Енжарлық пен надандық жек көрушілік пен экстремизмге апарады,

бұл бұдан бетер қауіпке әкелуі мүмкін», - деді Қ.Тоқаев.

Форум соңында Баку декларациясы қабылданды. Іс-шараны қорытындылаған БҰҰ өкілі

Әл-Насер былай деді: «Біз әлемдік жаһандық мәселелерге қарсы тұру үшін Өркениеттер

альянсының Бакудегі форумын өткіздік. Біз әлем бойынша зорлық-зомбылық пен

экстремизмді азайту үшін жастармен көп жұмыс жасауымыз керек».

2

Page 5: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXII СЕССИЯСЫ

23 сәуір күні Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы

Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXII

сессиясы өтті. Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен жиынның күнтәртібі «Мәңгілік ел:

бір ел - бір тағдыр» айдарымен өтті.

Ассамблеяның XXII сессиясына 1500 астам адам қатысты. Олардың қатарында Ассамблея

ардагерлері мен барлық өңірлердің мүшелері, ұлттық және аймақтық этно-мәдени

бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың,

саяси партиялардың, діни ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО

ректорлары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен БАҚ,

дипломатиялық миссиялардың басшылары бар.

Сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев экономика мәселелеріне тоқталып, Тәуелсіздіктің 25

жылында адам басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі шамамен 20 есе өсті, деп атап өтті.

Елбасы ұлттық тегіне қарамастан, Қазақстанның барлық азаматтарының құқықтарын

бірдей құрметтеу қажеттігін атап өтті.

3

Page 6: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

ШЕКИ - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ

28 сәуір күні Әзербайжанның Шеки қаласында «Шеки - Түркі әлемінің мәдени астанасы

2016» атты салтанатты ашылуы болды.

Іс-шараға БҰҰ Өркениеттер альянсының Жоғары өкілі Нассир Абдулазиз әл-Насер,

ТҮРКСОЙ-ң Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Әзербайжанның Мәдениет және туризм

министрі Абульфас Гараев, белгілі қазақ жазушысы Олжас Сүлейменов, сондай-ақ түркі

тілдес елдердің халықаралық ұйымдары, ғылым мен мәдениет қайраткерлері қатысты.

ТҮРКСОЙ-ң Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Шеки түркі әлемінің мәдени астанасы

атанған бесінші қала болып табылатынын атап өтті. Қала атақты ақындардың,

жазушылардың, суретшілердің мекені екендігі айтылды. Осы факторлар мен тарихи

ескерткіштер түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде Шеки қаласын сайлауға ықпал етті.

Айта кететін жайт, Шеки қаласы 2016 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болып

жарияланды. Бұл шешім Түрікменстанның Мары қаласында ТҮРКСОЙ мәдениет

министрлерінің Тұрақты кеңесінің 33-ші отырысында қабылданды.

4

Page 7: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

ИСЛАМ КАРИМОВТЫҢ МӘСКЕУ САПАРЫ

Сәуірдің соңғы аптасында маңызды іс-шаралардың бірі ретінде Өзбекстан Президенті

Ислам Каримовтың Ресей сапары болып есептеледі. Ол РФ Президенті Владимир

Путинмен келіссөздер өткізіп, тараптар әлемдік аренада болып жатқан оқиғаларға

тоқталды.

Атап айтқанда, екі елдің президенттері терроризмге, экстремизмге және ұйымдасқан

қылмысқа және есірткі жолдарын қарсы күрес жүргізу тәсілдерін, Ауғанстан мәселелерін

талқылады.

Сонымен қатар тауар айналымын арттыру мәселесі, инвестициялық ынтымақтастық, көлік

және транзит салаларындағы байланыстарды дамыту сұрақтары талқыланды. Кездесуде

Өзбекстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін іске

асырылмаған мүмкіндіктері бар екендігі атап өтілді.

Өзбекстан мен Ресей энергетика саласында үлкен әлеуетке ие. Бұл бағыттағы

ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Ресейдің «Лукойл» мен «Газпром» компаниялары

белсенді түрде Өзбекстанда көмірсутегі кен орындарын барлау және игеру үстінде.

Тараптар мәдениет, ғылым, білім, спорт және туризм салаларындағы қарым-қатынастарды

кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясы

арасындағы сыртқы саясат, мәдени-гуманитарлық, жоғары білім, дене шынықтыру және

спорт, басқа да салалар жөнінде ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды.

5

Page 8: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

ИЫҰ БАС ХАТШЫСЫ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНА КЕЛДІ

Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша,

Бішкекке алғашқы рет Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) Бас хатшысы Ияд бен Амин Мадани келді.

ИЫҰ Бас хатшысының ресми сапары 30 сәуірден басталған. Оны президент Алмазбек

Атамбаев, Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Чыныбай Тұрсынбеков, Премьер-Министр

Сооронбай Жеенбеков қабылдаған және ол Сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаевпен кездескен.

Келіссөздер барысында ИЫҰ Бас хатшысы Қырғыз басшылығымен ұйым аясында

ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы сұрақтарын талқылады.

Атап айтқанда, тараптар халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, ИЫҰ

шеңберіндегі әртүрлі бағдарламаларға Қырғыз Республикасының қатысуын талқылап,

сондай-ақ халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін қарастырды.

Ияд бен Амин Мадани ИЫҰ Бас хатшысы лауазымына 2014 жылдан бастап қызмет ететінін еске саламыз.

ИЫҰ мұсылман мемлекеттері басшыларының конференциясында 1969 жылғы 25

қыркүйекте құрылған болатын. Қазіргі уақытта ол 57 елді қамтиды. ИЫҰ халықаралық

және ірі мұсылман ұйымы болып саналады.

ИЫҰ мақсаттары - ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық және осы

елдердің тұрақты дамуына қол жеткізу.

6

Page 9: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

1 МАМЫР МЕРЕКЕСІ

Түркі әлемінің елдерінде 1 мамыр күні Еңбек күні мен халықтардың бірлігін мерекелеу

ретінде атап өтілді. Мысалы, Қазақстанда ол халықтардың бірлік күні ресми демалыс күні

болып жарияланды. 150-ден астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрып жатқан елге бейбіт

өмір мен түсіністік аса қажет болып табылады. Достық пен өзара келісім аясында қазақтар,

өзбектер, орыс, украиндар, немістер, кәрістер, ұйғырлар, қырғыздар, еврейлер, армяндар,

грузиндер, және басқа да көптеген этностар үлкен отбасының мүшелері ретінде өмір

сүруде.

Осы мереке күні Қазақстан Президенті елдің оңтүстік астанасы Алматыда жұмыс

сапарымен болып, халық алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқын осы мереке күнімен

құттықтады.

«Біздің Конституция төмендегі сөздермен басталады: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген

Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті құра отырып, ...» деген сөздерде

бірлік жатыр. 25 жыл ішінде біз тең және тең құқықты адамдардың мемлекетін құрудамыз.

Мұны, әсіресе дағдарыс кезінде жету оңай болмады», - деді Қазақстан Президенті.

Айта кететін жайт, осындай іс-шара Қырғыз Республикасында да болды. 1 мамыр - Еңбек

күні болып саналады. Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 1 мамыр - Еңбек күнімен

халықты құттықтады.

Өзінің құттықтау хатында А.Атамбаев барша халықты көктемгі және жұмыс мерекесімен

құттықтап, бұл күннің тарихи кезеңдерді біріктіретінін атап, әрқашан болашаққа сенім

білдіреді деген ойын жеткізген.

7

Page 10: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

«ОРТАЛЫҚ АЗИЯ-ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ» КӨЛІК ДӘЛІЗІ

23 сәуір күні «Орталық Азия-Парсы шығанағы» көлік дәлізін құру туралы келісім өз күшіне

енді. Келісім барлық төрт қатысушы –мемлекет тарапынан ратификациядан өткен болатын.

Аталған дәлізді құру бастамасын Өзбекстан Президенті Ислам Каримов 2010 жылы

көтерген болатын.

Бес жыл бұрын осы келісімді Катарды қоса алғанда бес ел қол қойған еді. Бірақ екі жылдан

кейін Катар одан бас тартты. 2014 жылдың жазында Өзбекстан Түрікменстан, Иран және

Оман сыртқы істер министрлері осы дәлізді құру туралы келісімге және өзара түсіністік

туралы меморандумға қол қойған болатын.

Дәліздің бірінші бөлігі Өзбекстан, Түркіменстан және Иранды байланыстыратын темір

жол арқылы өтетін болады. Оның екінші бөлігі теңіз арқылы Оман және Иран (Бендер-

Аббас және Чахбахар) порттарын байланыстыратын болады.

Бұл келісім көлік шығындарын оңтайландыруға, тауарларды тасымалдау жылдамдығын

арттыруға, сондай-ақ ресми құжаттар мен рәсімдеуді үйлестіруге ықпал етеді.

Бұл келісім ратификациядан өтсе, қатысушы елдердің экономикалық дамуына жаңа серпін

береді деп күтілуде.

8

Page 11: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

АНКАРАДА ЯСАУИ ЖЫЛЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ 28-30 сәуір күндері Анкарада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университетінің ұйымдастыруымен және TWESCO, TIKA, ТҮРКСОЙ, Ататүрік атындағы

Мәдениет, тіл және тарих жөніндегі Жоғарғы кеңестің, Түрік тілі қоғамы мен Осман Гази

университетінің қолдауымен халықаралық конференция ұйымдастырылды.

Алқалы жиынның ашылу рәсімінде Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан

Қыдырәлі сөз сөйледі.

Конференция барша түркі әлемінің көрнекті ойшылы Қожа Ахмет Ясауидің

философиясын, дін туралы пікірін, адам мен қоғам туралы тұжырымдарын әрқилы

зерделеуге бағытталды. Бұл тақырыптар конференцияның 6 панельдік сессиялары

барысында ғалымдар мен үміткерлер баяндамаларында кеңінен қамтылды.

Айта кететін жайт, ЮНЕСКО шешімі бойынша 2016 жыл Қожа Ахмет Ясауидің қайтыс

болғанына 850 жыл толғанына орай, 2016 жыл Қ.А.Ясауи жылы болып жарияланды.

Түркия сапары аясында Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі Ататүрік

атындағы Жоғарғы Кеңестің басшысымен, Ататүрік атындағы Тарих қоғамының басшысы

Рефик Тұранмен, сондай-ақ SESRIC ұйымының бас директорымен кездесті.

9

Page 12: Тurkic Weekly - twesco.org TW Kazakh.pdfапталық ақпараттық-сараптамалық дайджест. ... «Азертадж» ақпараттық агенттігіне

Халықаралық Түркі академиясы 2010 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан

және Түркия мемлекет басшыларының тарапынан құрылды. Ол көне дәуірден

қазіргі заманға дейінгі түркі әлемінің тілдерін, мәдениетін және тарихын

толыққанды зерттеуді жүргізеді және оны үйлестіретін халықаралық ұйым болып

саналады. Түркі академиясы осы саладағы ғылыми қызығушылық білдіретін

әлемнің ғылыми-зерттеу және білім орталықтарының арасында ынтымақтастық

орнатуға ықпал етеді. www.twesco.org | 57-49-86

57 Тәүлсiздiл даңғылы, Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайы

Astana, 010000 | Қазақстан

@intturkicacadem

https://www.facebook.com/International-Turkic-Academy-832484896847678/