22 (3080) 2014-02-25

12
ǸǶǵǷǹ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 22 ÒÆÊÒÆμ 25 ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ 6 +$0<.= Î ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄëâáóüò íò ÓáĦ áóôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì -22°..-23° -17°.. -14° ʤ˳˵˘ˮ˘˞˘೦ Ϯϭ ഉˬ˟˶˭˟˵˵˧˪ ˞˪˟ˮ˞˟ ˪˘˲˵˯˱ ˳ഉ˙˧ˣ ˱ˤˣ ˳˧˭˞˧˪ ˭˘˥ ˢഉˮ˟ ˪˲˧˾ ˮ˵˘೪ ˘˲˱˘ ೪˘˲˘೪˭೪ ˢ˘˲˭˘ˬ˘˲ ˮ˘˲೪˵೪ ˙˘೦˘˞˘ˮ ϭϱͲϮϬй ˘˲ˣ˘ˮ ˳˘˵- ˬ˘˞ ʺˮ˞˘˥ ˭ഉˬ˧˭˟˵˵˧ óóóÝãÄ»þ ˘˥˵ ˘˲೪ˬ ʤ˶ˬ ˾˘˲˶˘˾ˬ೪ ˙˘˳೪˘˲˭˘˳ ˵˘˲˘˵˱ ˯˵˲ ƼǃǗɅǎəLJƲdžǎƲɍ ƼnjǃƼljǗ ʃLJǁǏLjǁǎǎƲdž ǀədžǁljǀǁnjǀǁ ÈÅο»¼Ä Æ̼ÄÎÌ·Äę· »¼À°Ä 12-бетте ʤʯˏ - ˃౬ʸʳʶ˃ʳ ʻʤˀˏ˃ˏ ʥʤʤʪʤʻ ʤʻʤ౭ˀʸˏʺ ʤˀʯʤʻˁʤ˃ʤ˃ˏʻ ʸʫ˄ʺʫ˃˃ʳʶʪ౬ʶʫʻʪʫˀʪʳ౦ ˃ʳʯʳʺʳʻ 2- ʥʫ˃˃ʫʻʤˀʤ౦ˏʯ Мемлекет басшысы Астана эко- номикасында өнеркәсіп көлемінің өсімі байқалатынын және жұмсалған қаражат қазірдің өзінде елорданың бюджетіне қайтарылып жатқанын атап өтті. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың қолайлылығы мен жайлылығын арттыруға бағытталған дамыту жобаларының одан әрі іске асыры- луына назар аударды. Кездесу барысында Астана әкімі құрылыс саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2013 жылы бір мил- лион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, И.Тасмағамбетов биыл қалада үш ауысыммен оқытуды тоқтату жоспарланып отырғанын, ал 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынатынын айтты. Сондай-ақ, өткен жылы 78 мыңға жуық адам елордаға түпкілікті қоныстану үшін көшіп келгені атап өтілді. Кездесу қорытындысында Мем- лекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсыр- малар берді. www.akorda.kz ʶ˟˾˟ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚˵˧ ೪˘˙ˬ˞˘˞ ʰ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚ ˟ˬ˯˲˞˘ˮ೮ ഉˬ˟˶˭˟˵˵˧˪Ͳ˪˯ˮ˯˭ˤ˪˘ˬ೪ ˞˘˭˶ ೪˯˲˵ˮ˞ˬ˘˲ ˭˟ˮ ˵˘˶ ˪˟ˣ˟೮˞˟˛˧ ˱˟˲˳˱˟˪˵ˤ˚˘ˬ˘˲ ˵˶˲˘ˬ ˺˘˙˘˲˞˘˲ ˟˵˵˧ âġĤĦĚĖ ĚĖĢĩıģĖģ īĖėĖĦĚĖĦ ěĨĨ)

Upload: -

Post on 29-Mar-2016

224 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ 22 (3080) 25 ақпан 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 22 (3080) 2014-02-25

22 25

-22°..-23°-17°.. -14°

-

12-б

етте

-

2-

Мемлекет басшысы Астана эко-номикасында өнеркәсіп көлемінің өсімі байқалатынын және жұмсалған қаражат қазірдің өзінде елорданың бюджетіне қайтарылып жатқанын атап өтті. Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қаланың қолайлылығы мен жайлылығын арттыруға бағытталған дамыту жобаларының одан әрі іске асыры-луына назар аударды.

Кездесу барысында Астана әкімі құрылыс саласындағы жұмыстың қорытындылары туралы баяндады. Атап айтқанда, 2013 жылы бір мил-лион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, И.Тасмағамбетов биыл қалада үш ауысыммен оқытуды тоқтату жоспарланып отырғанын, ал 2020 жылға қарай мектепке дейінгі 100 мекеме салынатынын айтты. Сондай-ақ, өткен жылы 78 мыңға жуық адам елордаға түпкілікті қоныстану үшін көшіп келгені атап өтілді.

Кездесу қорытындысында Мем-лекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсыр-малар берді.

www.akorda.kz

Page 2: 22 (3080) 2014-02-25

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Италия астанасында дәстүрлі әсемдік карнавалы басталды. Екі аптаға со-зылатын бұқаралық шара барысында италиялық тағамдар мен мерекелік костюмдер байқауы өткізіледі. Қуыршақ театрларының көрсетілімдері де карнавалдың басты айшығына айналған.

Қырғыз Республикасының астанасында «Музыка – халықтың жаны: Қазақстан» атты концерт өтті. Жергілікті қоғамдық ұйымдардың бастамасымен ұйымдастырылған шара барысында қазақтың өнері, салт-дәстүрі және ұлттық тағамдары көпшілік назарына ұсынылды.

Украинаның батыс және орталық облыстарының 9 губернаторы өз өкілеттіктерінен бас тартты. Отставкаға кеткен аймақ басшылары өз шешімдерін «елдегі күрделі саяси жағдайға байланысты» деп атап көрсеткен.

Қытайда атмосферадағы қауіпті заттардың күрт артуына байланысты елдің метеорологиялық басқармасы қауіптіліктің ІІ деңгейін жариялады. Осындай экологиялық жағдайдың салдарынан бірқатар ірі зауыттар мен фабрикалардың жұмысы тоқтатылған.

46654

«Назарбаев орталығында» Астана қаласы мемлекеттік филармония-сы камералық хорының тұсаукесер концерті өтеді.Басталуы: 19.00-де.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» акция сы бойынша баспасөз-конферен-циясы өтеді.Басталуы: 15.00-де.

Астана қаласының коммуналдық қызмет көрсету кәсіпорындары өткен демалыс күндері осынша текше метр қарды тысқа шығарды.

Конку рста еліміздің т үкпір-түкпірінен ғылымға ден қойғысы келетін жеткіншектеріміз бағын сына-ды. Астана қаласы бойынша 54 жоба іріктеліп барып, соның 48-і орын алып-ты: 6 алтын, 9 күміс, 21 қола медаль, 11 мақтау қағазы. Астана құрамасы «Үздік команда» ретінде 1-орын иеленді.

«Астана дарыны» ғылыми-тәжі ри-белік орталығының директоры Майра Құрманбаева байқауды өз көзімен көріп келіпті. Жағымды жаңалықтың жай-жапса рын сол кісіден білдік. Майра Жанораз қы зы ның айтуынша, байқау бірнеше кезеңнен құралған. Таратып айтсақ, әуелі мектепте өткізіледі, содан соң қалалық деңгейде мектептен жеңіп келген балалардың теориялық білімі тексеріледі, іріктеуден өткен жобалар-ды ғалымдарымыз ғылыми сарап таудан өткізеді. Кейін қала бойынша үздік деп танылған оқушылар рес публикаға жолдама алады.

– Ғылыми жобалар конкурсы бала-

ларға серпінді күш береді. Бала ның тұлға ретінде қалыптасуына, ізденісіне, сөздік қорының молаю ына, ғылымға бет алуына, бағыт талуына жол ашады, - дейді Майра Жаноразқызы.

Қазылар алқасы Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарының профессорлары, академигі мен ғылым докторларынан құралған байқаудың

дәрежесі биік. Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін бұл шарада балалар тек ғы-лыммен айналысып қана қоймай, демалуға да мүмкіндік алыпты. Тре-на жер залдары мен биль ярд бөл-мелері бар шипажайда балалар бір-бірімен танысып, «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Одан бөлек Алматы қаласындағы мектептерді аралап, оқушылармен танысып, кон-церт тамашалаған.

Оқушыларды қарсы алуға келген Білім басқармасы бастығының орын-басары Бағлан Сматаева құт тықтау лебізін білдірді. Болашақ ғалым да-рымыздың ата-аналары мен жеңім паз болуына бірден-бір себепкер болған аяулы ұстаздар қауымын құт тықтап, өскелең ұрпақтың жыл сайын талантты, жан-жақты, білімді болып өсіп келе жатқаны сол кісілердің арқасы екенін мақтана айтты.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрында М.Мақатаев тың туған күніне орай «Поэзия, менімен егіз бе едің...» атты жас ақындар мүшәйрасы өтті.

– Сауран-к-сі, 12/1– 5 ш/а, 1-үй– Сығанақ к- сі, 5 («7 бочек» ауданы)– Момышұлы к-сі, 13/1– Абылай хан даңғ, 5– Сауран к-сі, 4– Майлин к-сі, 14– Интернациональный кенті, Армандастар к-сі, 2– Железнодорожный кенті, Маяковский к-сі, 2– Пригородный кенті Жаңа әуежай, 114– Сейфулин к-сі, 6– Сейфулин к-сі, 11а– Бейбітшілік к-сі, 36– Абылай хан даңғ. 39/1– Республика даңғ. 4/2– Кравцов к-сі, 2/2– Момышұлы к-сі,16– Мұстафин к-сі, 21/4– Сауран к-сі, 14– Отырар к-сі, 2

(Жалғасы. Басы 1-бетте)«Тұ рақтандыру қорындағы

өнімдердің тауарлық интервенция-сы белсендірілді. Тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер (картоп, сәбіз, пияз, өсімдік майы, күріш, ұнтақ, арпа, қарақұмық жармалары) Астананың 21 әлеуметтік дүкенінде, «Рамстор» және «Астықжан» сауда желілерінде нарықтық бағадан 15-20% арзан сатылады. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына арналған әлеуметтік павильондарда 10% же-ңілдік жасалады» деп мәлімдеді басқармадағылар.

Айта кетейік, Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен сауда ұйымдарының бас шыларымен, жергілікті өндіру-

шілермен және азық-түлік тауар-ларын жеткерушілермен бағаны негізсіз көтеруге және жалға алу ақы сын өсіруге жол бермеу жөнін де жиын өткізіліп, бірқатар ме моран-думдарға қол қойылған.

Мәселен, 19 ақпанда Ауыл шаруа-шылығы министрлігімен мемлекет резервінен Астана қаласының қайта өңдеу кәсіпорындарына астықты белгіленген бағамен жеткізуді қам-тамасыз ету арқылы қалаш нан мен бірінші сұрыпты ұнның бағасын тұрақтандыру жөнінде меморандум жасалды. 20 ақпанда «Орталық Азия қант компаниясы» ЖШС-мен Астана қаласына үздіксіз қант жеткізу туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, азық-түлік сата-тын ірі сауда нысандарының баға саясатына бақылау күшейтілді.

Page 3: 22 (3080) 2014-02-25

3www.astana-akshamy.kz

[email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көз

дері

: ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

Ал, біздің ойымыз Жазушылар Одағын Алматы-дан Астанаға көшіру керек дейді. Біз ғана емес, сол Одақ төрағасы орынбасарларының бірі Маралтай Райымбекұлы мұны былтырдан бері қаузап жүр. Дәлірек айтсақ, ол бұл ойын Павлодар қаласында өткен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің 16-көшпелі отырысында білдірді. «Қазақстан Жазушылар Одағын Алматыдан Астанамызға көшіру – жаңа сергек ойлайтын әдеби элитаның қалыптасуын және оның елордаға шоғырлануын қамтамасыз етер еді» деп айтты Маралтай сонда. Әрине, құп аларлық ұсыныс. Жазушылар Одағының Астанаға көшкені – осындағы аға буын қаламгерлерге де тиімді болар еді.

«Қонақта, тойларда болмаса, бір-бірімізді көрмейміз. Мұның бәрі әдебиеттің, мәдениеттің, өнердің дамуына кері әсер етеді» деген еді белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Тарази «Дала мен қала» газетіне берген сұхбатында.

«Жастардың газеттерде шығатын әңгімелерін үзбей оқимын. Бірақ, барлығы журналистік шығарма сияқты. Суреткерлікті, көркемдікті, мөлдірлікті сағынасың. Кейде арасынан жақсы жазушылар, талантты ақындар жалт-жұлт етіп ара-тұра көрініп қалады. Бірақ, аралас-құраластықтың, ақылдасудың жоқтығынан болар, со-лар бір-екі жылдан кейін жоқ болып кетеді: дамымай қалады, ары қарай өспей қалады. Себебі, орта жоқ. Ал, орта Алматыда емес, қазір Астанада болу керек». Мұны да жазушының сол сұхбатынан алдық.

Әрине, Астанаға көшірер алдында бірқатар мәселе-лерді шешіп алу қажет. Оның біріншісі – одаққа Алматыдағыдай жеке ғимарат бөліп беру. Одақ Ас-танаға көшкенде, сондағы бәрі болмаса да, біраз қа-лам герлер де Астанаға қоныс аударуға ниет танытар. Оларға да баспана керек болады. Бұл мәселе шешіл-генше де біраз уақыт өтерін жобалап отырмыз. Бірақ, бүгін-ертең болмаса да, қазақ әдебиетінің болашағы үшін Жазушылар Одағы Астанаға көшуі тиіс.

– Нағима Түсенқызы, бұрын Аста-нада қандала қаптап кетіпті дегенді көп естімеуші едік...

– Ия, дұрыс айтасыз. Бір кездері қандала атаулы жоғалып кеткен еді. Аста-нада алғашқы ошағы 2011 жылы білінді. Осы жылы елорданың Оңтүстік-Шығыс ауданының солтүстік бөлігінде тұратын бірқатар тұрғындардың үйінен қандала шығып, біраз әбігерге түсірді. Бұлар өзге елдерден жұмыс іздеп Астанаға келген жалдамалы жұмысшылар болып шықты. Кейін қандала ошағы осы ауданның оңтүстік бөлігіне таралды. Ал, қазір қандала шаққаны туралы шағымдар қаланың бүкіл аумағынан келіп түсетін болды. Тексеру кезінде байқағанымыз, бұл жәндік көбіне жаңа жиһаз сатып алған үйлерден немесе пәтерден пәтерге көшіп-қонып жүрген азаматтардан шығатыны анықталды.

– Көбіне ағаш бұйымдарында, көрпе-жастықта тіршілік ететін қандаланың қауіптілігі неде?

– Қандала – ұзақ өмір сүріп, тез кө-бейетін, адам қанымен қорек тенетін қанатсыз жәндік. Олар көбіне түнде «жорыққа» шығады. Қауіптілігі сол, қандай да бір жұқпалы аурумен ауы-ратын адамның қанын сорған қандала екінші сау адамға сол сырқатты жұқ-тыруы мүмкін. Соның салдарынан қызба, оба, сүзек сынды қауіпті жұқпа-лар таралуы мүмкін.

– Қандаладан қалай құтылуға бола-ды? Алдын алу жолдары бар ма?

– Бұл жәндік ішінде ең көп таралған түрі – төсек қандаласы. Үйге жаңа кілем, диван немесе шкафпен бірге кіреді. Сондықтан, осындай тұр мыстық заттарды сауда үйлерінен, базарлар-дан сатып алмас бұрын жән діктерге

қарсы зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілгендігін, оның мерзімін және дезинфекция жүргізген ұйымның актілерін талап ету керек. Өйткені, қандала үйге бір кіріп алғаннан кейін, одан құтылу – өте қиын. Жәндіктерді тек химиялық жолмен ғана бірнеше өңдеу арқылы 100 пайыз жоюға болады. Әлбетте, бұл шараны тек ар-найы мамандар ғана жүргізе алады. Қаламызда осындай жұмыспен айна-лысатын жекеменшік серіктестер бар. Мысалы, Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалық орталығын айт уға болады. Теле-фоны: 28-95-01. Әрине, бұлардың қыз меттері ақылы. Одан кейін меке-мелердің мекен жайын сайтымыздан табуға болады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау Мемлекет басшы сының Қазақстан халқына Жолдауы аясында қазақ стандық экономиканы әрі қарай индустрияландыру жөнінде алдағы міндеттермен та-ныстырды. Оның айтуынша, индус трияландырудың екінші бесжылдығында тау-кен мен мұнай-газ секторы негізгі салалар болып қалмақ. Ол үшін бүгінде арнаулы бағдарлама әзірленуде.

Айта кеткен жөн, әлемдік нарықтағы күрделі ахуалға байланысты «Арселлор Миттал Теміртау» компаниясында жылына 6 млн тонна болат өндіру міндеті аяқсыз қалған болатын. Енді бұл міндет ал дағы бесжылдыққа енгізілген көрінеді. Яғни, шағын металлургия дамып, жоғары са палы шикізат өндірісіне жол ашылмақ. Мемлекет бас шы сының тапсырмасына сәйкес, аталмыш ведомство сирек металдарды өндіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Тағы бір жаңалық, бағдарлама аясында еліміз құрылыс материалдарымен жүз пайыз қамтамасыз етіледі. Цемент, арматура, кафельді плита секілді ішкі нарықтағы сұраныс толық өтелетіндей өндіріс орындарын ашу көзделуде.

– «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған клас-терлік жұмыс екінші бес жылдықта ұлттық, өңірлік, ин-

новациялық деңгейде жүр гізіледі. Алда робототехника, нанотехнология, биотехнология салалары барынша дамиды. Бірінші бесжылдықта кездескен барлық кедергі-кем шіліктер ескеріліп, екінші бес жылдықтың бағдарламасы ке шенді мазмұнда іске асырылатын болады» деді Альберт Рау.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Түрлі-түсті, айшықты безендірілген басылымда сақ, түркі дәуірі, қазақ қолөнері және Қазақстан сурет ші-лерінің қазіргі заманғы туындыла-ры жинақталып отыр. Басылымды қ ұ р а с т ы р у ш ы л а рд ы ң а р а с ы н д а

З.Самашев, Х .Тұ рысбекова, К . Ли, К.Мұратаев, Э.Ахметова сияқты про-фессорлар, ғылым кандидаттары бар. Кітаптағы мәдениеттану бағытындағы мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылған.

Page 4: 22 (3080) 2014-02-25

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Осы бір жәйтті есіме алып отырғаным бекер емес. Елбасы Нұрсұлтан Назар-

баев биылғы Жолдауында Қазақстан халқына жүрекжарды сөзін арнап: «Біз өз халқымыздың игілігі жолын-да ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан, мен барлық саяси партия-ларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!.. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайдылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!» деді.

Иә, біздің алдымызда Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру міндеті тұр. Сонымен қатар, қоғам алдында тәуелсіздіктің 20 жылдан аса уақыт ішінде жетістіктерін сақтап қалу міндеті қойылған әрі «мықты мемлекет аман қалу саясатымен емес, жоспарлау, ұзақ мерзімді даму мен экономикалық өсу саясатымен айналысады». Осыған орай, Президент Қазақстанның әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіру мақсатын қойды. Ол үшін инфрақұрылымды өркендететін, экономика және өндіріс салаларын дамыту, өңірлерде индустриялық жаңа салалар ашу, еліміздің аумақтық артықшылықтарын тиімді пайда-лану, атап айтқанда Қытай мен Ре-сей арасындағы логистикалық-көлік орталығы болу тәрізді серпінді даму факторларын іске қосу қажет. Өйткені, ХХІ ғасыр – өркенді экономиканың, оның ішінде интеллектуалды адами ресурстардың мүмкіндігін ашатын инновациялық экономиканың ғасыры.

Президенттің тікелей тапсырмасы-мен елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы қабылданып, игілікті істердің жүзеге асырылып жатуы соның нақты айғағы десек, әсте қателеспейміз. Нәтижесінде, соңғы төрт жыл ішінде елімізде 800 кәсіпорын іске қосылып, 150 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Осы жылдары республикада энер-гетика мен жер қойнауын пайдалану салалары тәртіпке келтіріліп, отандық өндірісті күрт дамытуға жол ашылды. Әсіресе, теміржол саласы бойын-ша машина жасауды дамытуда көп

саласының да заманауи магистральдық локомотивтер жөніндегі қажеттері өтелуде. Автокөлік өнеркәсібі де да-мып келеді. Мәселен, өткен жылы 2012 жылмен салыстырғанда елімізде жеңіл автокөлік өндіру 19 мыңнан 37,5 мыңға артып, екі есе өссе, авто-бус шығару көлемі осы аралықта 4,5 есеге ұлғайды. Мамандардың есебі бойынша 2014 жылы Кеден одағы елдеріне шығарылатын көліктерден отандық автокөлік өнеркәсібі 34 млрд теңге пайда табады. Жалпы, 2015 жылы – 20 мың, ал 2016 жылы 58 мың Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді экспортқа шығару жоспарланып отыр. Осындай оң өзгерістер Агроөнеркәсіп кешені және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, метал-лургия, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика мен химия өнеркәсіп салалары бойын-ша да орын алып, өзіміздің ішкі тұтыну қажеттілігімізді қанағаттандырумен қатар сыртқы рынокқа шығарылатын

мегаватт Мойнақ гидроэлектростанса-сы іске қосылды, «Екібастұз ГРЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 500 мегаваттық 8-энергоблогы қайта қалпына келтірілді, Балқаш жылу электростансасын салу жобасы қолға алынды. Сондай-ақ, «жасыл» эко-номиканы дамыту жоспары негізінде шағын және орта гидроэлектростан-салар, жел мен күн электростансала-ры тәрізді қайталанылатын энергия көздерін іске кірістіру жұмыстары басталды. Мәселен, 2014 жылы «ЭКС-ПО – 2017» халықаралық көрмесін энергиямен қамтамасыз ететін қуаты 300 мегаваттық Ерейментау жел элек-тростансасы пайдалануға берілмекші.

Елімізде энергия қуатын еселеу арқылы бәсекеге қабілетті біздің табиғи шикізатты мол өндіруге мүмкіндік ту-ары анық. Әрине, бұл тұста шикізатты шексіз өндіре беру керек деген ұғым тумауы керек.

Жалпы, Қазақстан тек шикізаттың арқасында ғана күн көріп отыр де-ген пікірдің басым екендігі жасы-рын емес. Расында да, елдегі жалпы ішкі өнімнің 80 пайызы шикізаттың үлесіне тиіп отыр және бұл біздің таңдауымыз емес. Жағдайдың бұлай болуы, мәнерлеп айтар болсақ, бізге «атадан қалған мұра» іспетті. Кешегі Кеңес одағы кезінде Қазақстанда өндірілген руда тіпті сол жер жынысы күйінде Ресейге немесе басқа одақтас республикалардың біріне жеткізіліп, сонда өңделіп отырды. Еліміздің миллиондаған гектар жерінде өсіп шыққан миллиардтаған пұт астықты жинайтын комбайндар да сырттан әкелініп, бізде, ең қарапайымы, соқа да шығарылмайтын. Қазақстан инду-стриясы негізінен тек әскери мақсатта дамып, зауыттарымыздың басым бөлігі

КСРО-ның қорғаныс саласының тапсырыстарына қызмет еткендіктен, халық тұтынатын тауарлар шығаратын өндіріс орындары жоқ еді. Бірақ, олардың өздері Кеңес одағы тарағаннан кейін жұмыстарын доғарды. Мәселен, Павлодар трактор зауыты, тракторлар мен автокөліктердің поршеньдерін дайындаған Алматы «Поршень» зауы-ты тәрізді алпауыт кәсіпорындар осын-дай күй кешіп отырса, 60 пайыздай ма-шина жасау кәсіпорындарында өндіріс жабдықтары мейлінше ескірген. Айталық, 10 жыл ғана жұмыс істеуге тиісті ондағы станоктар 30-40 жыл бойы пайдаланылып келеді. Әрине, кез келген шетелдік фирма өздерінің өнімдерін мұндай кәсіпорындарда дайындатуға құлықты болмайтыны айдан анық. Сондықтан, барлығын да жаңадан бастауға тура келіп тұрғаны баршаға түсінікті болар.

Биылғы Жолдауда бұл тұрғыда нақты шаралар қарастырылған. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы шикізаттық емес өндіріс орындарын барынша да-мытуды көздеп отыр. Мынадай бір ақиқатқа назар аударсақ. Қай елдің болмасын, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы жекеменшік секто-рының, соның ішінде шағын және орта бизнестің үлесіне тікелей қатысты. Тауар өндірісін ұлғайтып, азық-түлік молшылығын жасайтын да, қызмет сапасын жақсартатын да осы орта тап. Экономика тұрақты болуы үшін шағын және орта бизнестің үлесі 70-80 пайыз, кем дегенде 50 пайыз болуы керек. Жолдауда осындай меже белгіленіп, шағын және орта бизнесті Жалпыға ортақ Еңбек қоғамының мықты діңгегіне айналдыру жөнінде айтылуы кездейсоқ емес.

Елбасымыз шағын және орта биз-неске тұрақты көңіл бөліп келеді. Өкініштісі, бұған кедергілер де баршылық. Ең сорақысы, осы салада жемқорлықтың бел алып тұрғаны қынжылтады. Іске мүдделі болуы тиіс кейбір жауапты адамдардың тарапы-нан жеке бастарының пайдасы үшін нақты кәсіппен айналысқысы келген азаматтарды аяқтан шалу деректерінің жиі болып тұратыны құпия емес. Жақында құрылыс саудасымен айна-лысып жүрген өзіме жақсы таныс бір азаматпен кездесіп қалғанымда, ол үй құрылысы материалдарын шығаратын өндіріс орынын ашумен айналы-сып жүргенін айта келе, өзінің көп машақатқа түскенін тілге тиек етті. Кез келген мәселенің тек пара берумен ғана шешілетініне күйіне отырып, ол таяуда Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасының осы тұрғыда нақты мысалдың негізінде жауапты лауазым иелеріне ескертулер жасап, тез арада қалыптасқан жағдайды дұрыстауға қатысты берген тапсырмаларын толық қолдайтынын әрі олардың сөзсіз орын-далуын қалайтынын білдірді.

Танысым сонымен қатар бүгін-де жұмысшы мамандарды табудың қиындығын, кейбір қазақ азамат та ры-ның өзге отандастарымызға қарағанда жалқаулыққа бой ұрып, жұмыс істеуден қашуға әзір тұратынын қынжыла жеткізді. Сондықтан, ол бұқаралық ақпарат құралдары еңбек адамдары жайында көбірек сөз қозғағандары жөн деп санайды. Осы орайда, белгілі суретші Ерболат Төлепбаевтың қаламы қарымды журналист Қайнар Олжайға берген сұхбаты есіме түсіп отыр. Суретші Жапонияда болған кезінде теледидардан теміржол бой-ында небәрі 8 шаршы метр жерде құрқылтайдың ұясы тәрізді баспанада тұратын жапондықтың жеке жетістігін көргенде таң қалғанын жасырмайды. Оның сыры мынаған саяды. Көсіліп жатса, аяғы сыртқа шығып қалатын мекенінде жапондық үйін еденнен төмен қарай қазады. Күнделікті теміржолдағы жұмыстан кейін үйіне келіп қазған тура үш қап топырағын үш жыл бойы арнаулы орынға тасып отырады. Санап жіберсең осы уақыт ішінде ол тура 3285 қап шығарыпты. Сонымен жер астынан алты қабат тік қуыс қазған жапондық оған жарық пен жылу тартады. Желдеткіш қондырғылар орнатады. Ақырында пәленбай қатар сөрелер жасап, онда саңырауқұлақтар өсіріпті. Одан күн сайын көшені жағалай орналасқан мейрамханаларға саңырауқұлағын өткізіп, өзі теміржолдағы жұмысына баратын көрінеді. Міне, теледи-дарда осыны жалықпай насихаттау үрдісі орын алған. Біз де осындай жақсылықтарға бет алсақ ғанибет болар еді.

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, Бас редакторлар клубының президенті, саясаттанушы.

бәсекеге аса қабілетті өнімдерді көбей туге де ыңғайлы мүмкіндіктер туғызуда.

Үдемелі индустриялық-иннова-циялық даму бағдарламасының аясын-да энергетика саласында да ілгерілеу ізі орын алуда. Атап айтқанда, қуаты 300

жұмыстар атқарылды. Ел тарихында алғаш рет электровоздар, тепловоз-дар, жолаушылар мен жүк вагондарын құрастыру жолға қойылды. Айталық, Астанадағы локомотив құрастыру зауыты арқасында Қазақстанмен қатар таяу шет елдердің теміржол

Page 5: 22 (3080) 2014-02-25

5www.astana-akshamy.kz

«Мыңғұл», «моңғол» сөздерінің шығу төркінін әркім әр түрлі таратады. Біреулер бұл сөздер мың қол, Моң тауы, тіпті, мәңгі ел дегеннен шықты десе, Қойшығара Салғараұлы «Ұлытау – ұлт ұясы» қоғам дық қорының қолдауымен жарық көрген «Мыңғұл мен моңғол және үш Шыңғыс» атты еңбегі арқылы бұл терминге өз көзқарасын білдірген. Оны түркі танушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы атап өтті.

Баяндама жасаған ҚР Мәдениет қайраткері Мұхтархан Абаған тарихымызды тірілтудегі автордың ұшан-теңіз еңбегіне тоқталды. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің деканы, тарих ғылымының докторы Тілеген Садықов былай деді: «Мыңғұл мен моңғол және үш Шыңғыс» еңбегін оқып отырып, ғалымның әр сөзге балама тапқанына көз жеткіздім. Қытай деректерінде не айтылады? Түрік заманында не делінді? Сол терминдердің айырмашылығы қандай, салыстыр-

«Onlive» телетоптамасымен таны-мал актер Бақтияр Арынғазы, «Лавэ» көркем фильмінің қоюшы-режиссері Әнуар Райбаев, ҚР Киноматографи-стер одағының мүшесі Ася Сүлеева, «Таңшолпан» бағдарламасының тележүргізушісі Ирина Тен, еліміздегі қысқа метражды фильмдердің ең жас режиссері Аян Найзабеков сынды қазылар алқасы туындыларды әділ ба-ғалауға тырысты. Нәтижесінде, «Үздік әлеуметтік ролик» және «Көрермендер көзайымы» жүлдесі «№154 Іс» фильміне бұйырды. Энергетика факультетінің 3 курс студенттерінің бейнеролигінде

адамгершілік құндылықтарының тоқырауы бейнеленеді. «Таңдау» атты фильмнің авторы Санатжан Аймұ-қанбетов бүгінде өзінің жеке студиясын ашып, аталмыш шараның «Үздік мон-таж», «Үздік оператор», «Үздік актер» номинацияларына ие болды. Ал, «Үздік актриса» атанған Әсия Тайжанова «Алға» бейнесюжетінде арманына асыққан адамдарға рухани жігер береді.

Заманның заңғар биігіне ұмтылған замандастарымыздың игі бастамала-ры қазақ киносының саңлағы Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналған.

Нұргүл МӘЛТІК

малы түрде көп теңеу тауыпты. Шынымды айтсам, кітапта естімеген терминдерді де кездестірдім».

Филология ғылымының докторы Тұрсын Жұртбай Қойшығара Салғараұлының адамдық, ғалымдық болмысын жоғары бағалайтынын жеткізді.

Тұсаукесер соңында Қойшығара Салғараұлы кітаптың жазылуына қандай жайттар түрткі болғанын айтып өтті. «Бүгінге дейін адамзат баласының бастау тарихы тек еуропалық таным-түсінікте жазылған. Сол еуропалық таным-түсінікке келетінінің бәрі мәдениетті, өркениетті, ал келмегеннің бәрі жабайы, тағылар деп есептелген. Бұл – тарихи танымның дұрыс қалыптасуына кедергі болған бірінші кесел. Екіншіден, түркі халықтарына қатысты деректердің бәрі – көшпелілер өздері соғысқан, көшпелілер дұшпаны деп санайтын халықтар өкілдерінен қалған жазбалар. Бірде-бір көшпелінің өзінен қалған жаз-ба дерек жоқ. Сондықтан, бұрынғы жазылғанды сыңаржақты тарих деп есептеймін» деді ғалым.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Page 6: 22 (3080) 2014-02-25

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-

-

-

-

Осындай ойлар көкіректе т ұ р с а д а Р а х ы м ж а н Қошқарбаевпен алғашқы таныстығымда:

«Аға, батырды ірі тұлғалы, сұсты, денесі сом болаттай, айбары тау тітіркенетіндей алып, ерекше адамдай сезінуші едім», - дедім.

«Қомсынып тұрсың ба, інім. Батырлық жүректе, сосын білекте, алғыр ойда, зерек мида болмай ма?!» деді әдемі ашық келбетінен жылылық танытып. Артынша қаталдау кейіппен сынай қарады. Қоңыр көзі тым өткір, әрі отты екен. Жан дүниемді тінтіп өткендей болды. Ұшқарылықпен айтқан сөзімді іштей жөн көрмегені байқалды. Жауынгерлік жолы туралы сұрағыма ойланып барып, білтелеп сыр ашты.

«Жаудың дүлей күшіне жүректілер ғана тойтарыс береді, сын сағатта алғыр шешім таба білгендер ғана ерлік жа-сайды. Майдан даласында өлгендердің қай-қайсы да батырлықты мақсат еткен-дер. Дұшпанның қандайы да қатерлі. Соғыстың жалпы сипаты – қыру, жою, өртеу, бүлдіру, талқандау. Адам айтқысыз қырғын көріп, ажал төніп тұрғанда жаныңды қайтіп сақтауды ойлап, қас-қағымдық сәтте бұлқынасың.

Қаңғырған оқ та кейде іздеп тауып жер құштырады».

Рахымжан ауыр оймен сөзін сәл те-жеп, өткір көзін бөлменің бір нүктесіне қадады. Бәлкім, майор Земякиннің мына пікірін есіне алды ма: «Лейте-нант Қошқарбаев, білесің бе, ажал-дан тайсалмай, бөлмеде фашистер аңдып тұрып ата салады демей, біраз жауынгерлерден бұрын баса-көктеп «Гитлердің үйін» басып алдың. Бұл оқиға көз көргендердің есінде қалады, ұмытылмайды. Айтпақшы, қазір атыс күшті, жаудың өліспей берісетін түрі жоқ. Әне, терезеден қарашы, Рейхстагқа үш жүз метрдей ғана. Соған жете алмай, қырылып жатқан боздақтар, жеңісті көріп тұрып арманда кеткендер...»

«Гитлердің үйін» басып алған – Қошқарбаев» деп жауынгерлер аңыз ете бастады. Сонда ерлік жасайын деппін бе? Қазақи тәрбиедегі жауға өшпенділік, кешіруге жатпайтын кек, ыза ғой бойды буған. Дегенмен, бүгінде ойласам, даңққа деген құмарлық сол сәтте сезілген-ау. Даңқ – у, оны ішкен адамның өлгенінше құмары да, шөлі де қанбайды. Ал, даңқтының маңында көре алмайтын, ішіне пышақ айналмайтын қызғаншақтар жүреді. Қапысын тауып

оны сүріндіріп, айыз қандырғысы келеді. Әлемдік соғыс тарихында даңқы шыққандардың қатарында болған Жу-ковты да көре алмаушылары түрткілеп, жұлын-жүйкесін жұқартқан жоқ па?

– Әрбір генерал Жуков болғысы келеді дейсіз ғой...

– « Г е н е р а л б о л а м ы н д е п армандамаған солдат солдат емес» демей ме? Сонымен, сойқанды сәттердегі Рейхстагқа ту тігу оқиғасы... Фашистің мергендері оқты қарша боратып тұр. Саябыр табар түрі жоқ, қимылдағанды атып түсіріп жа-тыр. Қанды қырғын, құмырсқадай құжынаған өлік. Жеңіс сағаттары соғып тұрғанда оққа ұшу – қандай аянышты! Ту тігуді елестетсек те тәуекел деу қиын-ды. Ұлы жеңіс деп әлемге жар салатын сағаттар, минөттер... Командир «Рейхстагқа ту тігіңдер» деп ешкімді де қыстамайтынын айтқан-ды. Осындай ой үстінде терезеге төніп тұрғанымда жаныма Булатов келді. Оған мойнымды бұра қарап: «Ерлік әркімге алыстан қылаңдайды. «Ажалдан қорыққан ер болмайды» деседі, жүрегің не бұйырып тұр? Қаһармандыққа лайықсың ба? «Ту тігіп өлсем, арманым жоқ» дей аласың ба? Өмір-өлім белдескенін

көріп келдік, жаудың сағын сындырып, талқандап жеңіп келдік» дегенімде ол: «Мен бір мүмкіндікті байқап тұрмын. Анау телефон күркешігіне жетсек, жау оғының нысанасынан құтылуға болатын сықылды» деді. «Оған борап тұрған оқ жеткізсе...» Бұл – үлкен үмітіңнің бір мысқалы. Бораған оққа білгірсу жүрмес. Дегенмен, Жаратқанға сыйынып, ертеңгі күн шыға жарығымыз таусылмасын деген ақ ниетпен Рейхстагқа жылжыдық.

Рахымжан түнде көрген түсін жақсылыққа жорыды, алайда, оны Григорийге айтқан жоқ. «Өлімнен қорыққанның еңсесі төмен, бабаларың ерлікті ғана аңсаған, жүрегіңнің үніне жүгін, есең тегін кетпесін!» деген дау-ыс құлағында қоңыраулап тұрды. Бұл Рахымжанның сенімін арттырып, жігерін шыңдағандай еді.

Сәуірдің отызыншы таңы атып, құлақтанып күн шықты. «Күн құлақтанса, келінің ұл тапқандай қуан» деуші еді қазақ. Қаланың өртенген түтіні күн сәулесін жасыра бастады. Соғыс өртінің ішінде жүрегін қорқынышқа, мұңға жеңдірмейді, көрер жарығым таусыл-масын деп тілейді. Қайғысы да, арманы да – тыныштық аспанындағы жарық күнді көру ғана.

--

-

-

Page 7: 22 (3080) 2014-02-25

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

«Кеттік Григорий, нар тәукелді серік еттік» деп есік алдынан басталатын өліктер арасымен етпеттеп, жылжи бастайды. Бас көтеруге болмайды, бір қарыстан жылжыса – олжа. Бесіннің кезінде көңілдеріне місе тұтқан екі телефон күркешігіне жетіп еді. Оқ шұрқ тескен, жан сақтайтын қамсаулығы жоқ екен. Фашистер «Гитлер үйінің» маңындағы бекіністі нысанадан ау-дармай тұрғаны белгілі. Рахымжан қаруласына өзенге қарай бұрылуды бұйырды...

Қалың жұртқа мәлім болмаған ерлікті ант беріп, іште бүккеніне өкінді ме? Сәл үнсіздіктен кейін:

– Булатов екеуіміздің Алла маңдайымызға жазған ерлігімізді әлемге паш етуші неміс азаматы Карл Виль-гелм неміс тілінде мақалалар жазып, фотодеректерді жариялады. Одан бұрын дивизия газетінің қаламгерлері одаққа сүйінші сұрағандай хабарлап жіберді. Расында, жүрегінде жеңіс деген теңдессіз қуаныш тұрғанда, Рейхстагқа кім ту тіккісі келмеді дейсің?! 674-полк-ты майор Твердохлебов басқарса, оларға Берлинге ту тігуге сенім білдірілген, әскери кеңес мақұлдаған. Бірақ, оқ нөсердей құйып, ауа қабынып,

жер беті қып-қызыл өртке малы-нып тұрғанда, жұтынған ажал оғы қимылдағанды жұтып жатқанда, кімнің жүрегі дауалайды?.. Деген-мен, жеңіске жеттік деген қуаныш өлімді ұмыттырады. Григорий Булатов екеуміз өліктердің арасы-мен метрлеп емес, сантиметрлеп, қарыстап жер бауырлап панасыз шұрқ тесік үйшіктен бұрылып өзенге қарай жылжи бастадық.Үміт үзілген жоқ, аман-сау өзеннің жарынан домалап түстік. Сол жер-де аздап тыныстап, су бетіндегі қанды қолмен тазартып, су іштік. Бетімізді жудық. Өлі боламыз ба, тірі боламыз ба деп, аты-жөнімізді алмастырып жазып алдық. Мен иманымды үйіріп Бөгенбай ба-тыр бабамыздың аруағына сый-ындым. Дұғамды іштей оқып, өзеннің жар қабағынан, фашист мергендерінің нысанасынан қағыстау тұсты таңдадым. Қызыл туды маңдайымызға басып, «674-полк, лейтенант Қошқарбаев, қызыл әскер Булатов» деп жазып алдық. Өзіміз өлсек те тудағы жазу өлмейді, ажал құшқандардың түрлі құжаттары, хат-хабарларына дейін жинап алынады, мұрағаттарға тапсыры-лады. Бұл – соғыстың тәртібі, заңы. Со-дан кейін әртүрлі оймен бір-бірімізбен қоштасқандай болып, Рейхстагқа жылжыдық. Өлмеуге ант еткендей тас түйінбіз, жұдырықтай жүрегіміз жеңіс туын тігуге ынтық, қарыспа қимылмен бораған оқтың нысанасынан өтіп, Рейхстагтың бірінші қабатына іліктік. Әлемнің мейірі болар жеңіс туын қолға ұстап, екінші қабатқа көтерілгенде біздің байланысшыларымыз телефон желілерін тартып жүр екен. Олар да біздің туды көріп, қатты қуанды.

– Асқақ ерлік! – Адамзаттың қуанышы! – Ұлы жеңістің белгісі! - десіп

құттықтап жатты. Бұл – 1945 жылдың 30 сәуірі, кешкі

сағат жетінің кезі-тін. Ғаламат оқиғаны дивизия командирі В.М.Шатилов «Воин родины» газетіне хабарлап үлгерген. Тасқа басылған жазу газет арқылы қолдан-қолға өтіп, лезде тарап кетті. Сол мақаланы басқа да май-дан газеттері қуанышпен жариялап, Рейхстагқа ту тіккен Булатов екеуміздің жауынгерлік жолымызды баяндаған еді. Кенет...

Рахымжан сөзін үзді... Оның себебі де бар-тын. Сталиннің түрлі басқосуда «Біз, орыстар, фашистермен соғысып жатырмыз. Ерлік жолы есепсіз болма-сын, жеңімпаз армиямыздың шығыны да фашистердің шығынынан салыстыр-малы есепте алшақтамасын» дегенін кім түсінбейді? Шатиловтың қуанышты хабары қолбасшы Жуковқа кешігіп жетеді. Жуков ойланбай ма? Сталиннің пікірін есіне алмай ма? Дереу бір орыс пен бір грузиннің Рейхстагқа ту тіккені ақпараттар арқылы жұмыр жерге ха-барланатын болсын деп бұйырмай ма? Демек, дивизия командирі Шатиловқа айтқаны бұйрық болмағаны ғой. Айтқандай, 1 мамырда капитуляцияға көнген фашистердің қарсылығы тоқтап, атыс саябыр тапқандай еді. Сол тыныштықта Егоров пен Кан-

тария пәлендей қиындықсыз, үрей, қорқынышсыз Рейхстаг үстіне желмен желбіретіп ту тігеді. Бұл хабар фотоде-ректермен ақпараттарда жария болады. «Екінші рет тігілген жеңіс туы» деген сөз мүлде айтылмайды.

Бірақ, «Они отличились в бою», «Они водрузили флаг победы» тәрізді мақалалар бүкіл әлемге таралып кеткен. «Незабываемые факты», «Два отваж-ных» деген тақырыптардағы «Первым достигли Рейхстага и водрузили флаг над ним лейтенант Кошкарбаев и крас-ноармеец Булатов» деген бұлтартпас деректерден артық не шындық керек! Аңызға бергісіз ерлік ауыздан-ауызға тарап, талай жүректерге орнады. Қара таспен бастырсаң да шындық жарып шығыды.

– Рас, соғыс тарихында ерлікке де талас болмай тұрмайды. Қас-қағым сәттерде кімнің қандай ерлік жасап, жаудың қаншалық күшін қиратып тастаған дерегін сол минөттерде басшылыққа жеткізуден кемшіліктер кетіп жатады, - деп Рахымжан сәл са-быр сақтады да сөзін жалғады. – Неміс ақпаратының қаламгерлері өте-мөте жітілік танытты. Тіпті, Берлин қаласына қандай сан жазылған танкі бірінші кіргенін, байланыс жұмысын бірінші кімдер атқарғанын, Рейхстагқа кім бірінші ту тіккенін кинокадрлар, фото-суреттер арқылы дәлелдеген еді.

Иә, дивизиялық газеттің тілшісі оқ пен өрттің ортасында қан кеше жүріп, оқиғаны көзімен көріп жазғанын бүкіл басылымдар бірінен соң бірі жалғастырып әкеткені бар. «У стен Рейхстага» («Қырым», № 2, 1948 ж.), «Знамя победы» («Дружные ребята» журналы, №5, 1948 ж.) «У стен Рейхста-га» («Советский воин» журналы, № 9, 1949 ж.) сынды мақалалар мен түрлі жанрдағы шығармалар Қошқарбаев пен Булатовтың көзсіз ерлігін ашық айғақтайды. Анық-қанығын

әбден жеткілікті жеткізеді. Жауынгерлердің жүрегіне алғаш жеткен ерліктің бейнесін биіктете түседі.

– Бұл журналдар, газеттер өзіңіздің жеке мұрағатыңызда бар шығар?

– Әрине, бұлар менің өмірбаяным ғой. Оны көздің қарашығындай сақтаймын. 1949 жылы 8 мамыр күні ки-нооператор Роман Карменнің «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында «Рейхстакқа алғаш ту тіккен Қошқарбаевпен кездескім келеді» дегеніне қалай тебіренбессің?! Тағы бір қызығы, жеңістің 20 жылдық салтанатында Мәскеуге шақырылып, парадта сапқа тұрдық. Таныс жауынгер-лермен жүздесудің бақытты сәтінде жан толқытар әңгіме, әзіл, қалжың керемет еді. Ке-нет, Кантария «Рейхстагқа тігілген ту» деп алшаң басып, көкірегін көтеріп келеді екен. Жалма-жан қолынан туды

жұлып алып: «Бұл туды бірінші Булатов екеуіміз тіккенбіз!» дедім. Шындықты білетін жауынгерлер тырс еткен жоқ, қайта риза болып, жүздеріне жылылық, қоштау сезімін үйірді. Ананың жүні жығылып қалды. Міне, саясаттың қателігі, ең болмаса Рейхстагқа екінші рет Егоровтар тікті десе, дұрыс шешім болар еді. Шындықтың бұрмалануына кім шыдайды? Бәрібір тарих шындық-ты халық тұрғанда жасыра алмай-ды. Одаққа белгілі жазушы Борис Горбатов қарулас болып бірге жүріп, көзімен көрген ерлігімізді 1948 жылы 18 желтоқсандағы «Литературная газетаға» былай жазды: «Қошқарбаев ерлігі көз алдымда, мұндай ерлікті социалистік реализмнің биік шыңына жеткізіп жазсаң да аздық етеді. Мұндай ерлікке теңеу табу оңай емес». Бұдан артық қандай дерек, қандай құжат керек?!

Рахымжанның әр сөзі сиқырлы, таза мөлдір еді. Кісі жатырқамайтын пейілін байқағанда, қазақтың «Ұлылықта кие бар» дегені есіңе түседі. Ол адам қанының киелілігін, кейбір жараты-лысы бөлек жандардың оқ пен оттан қорғаушысы кие болатынын, бәлкім іштей түсінген шығар. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалсыз өлмейді» дегеннің бекер еместігіне өз өмірі куә. Сол жеңістің 20 жылдығына шақырумен Берлинге барған-ды. Одер өзенінде бомбадан күл-талқаны шықпаған көпір жоқ еді. Бір ғана аспан түсті көпір аман қалған-ды. Оны немістер киелі деп бағалайды екен. Рахымжан Лейпциг қаласында да бол-ды, Нашмарит алаңында биік тұғырға орнатылған Гете ескерткішіне қарап тұрып, «Ешбір ісің шала қалмас, сене

бер – мойымастан төзе білсең сен егер» деген сөзін есіне түсірді. Әлгі көпірге көзі түсіп, Рейхстагқа беттегенін, өзінен бұрын 21 жастағы Булатовты оқтан қорғағандай соңына ерткенін есіне алды. Соғыста қазақтар өзінен жасы кішілерге «Сен аман қал, алдымен оққа кеудемді мен төсейін» дейтін еді. Рахымжан оны жақсы біледі. «Тірлікте жақсылықтың да, жамандықтың да ақыры бар. «О, әруақ, Бөгенбай баба!» деп нөсердей құйып тұрған оққа қарамай ту тігуге асығып, жанұшырып еді. ГДР-дың халқы Рахымжанның ерлігін бағалағанына қуанышы қойнына сыймады. Қошқарбаев атындағы пи-онер отрядымен кездесіп: «Біздің елде пионерлер соғыс жылдарын-да Германиядағы коммунистер қозғалысының басшысы Э.Тельманды қадірлеп: «Біз жеңісті тойлаймыз, фашистердің қолынан Тельманды ал-май қоймаймыз, біз тойлаймыз, тойлай-мыз, жеңіске жетпей қоймаймыз!» деп әндететінін, балалар майдангерлерге хат жазатынын айтты.

Рахымжан ағамен соңғы рет қалай кездестім? Қазақ радиосының Ақмоладағы тілшісі қызметіне тағайындалып, «Алматы» қонақ үйіндегі ағаға бардым. Бөлмесінің есігін қақпай кіріп едім, түр-түсі таулықтарға келетін бір сұлумен отыр екен. Жалма-жан шығып кетуге ыңғайланғанымда орнынан тұрып, «Отыра тұр, Гру-зиядан келген қонақты тәуір орынға орналастырып келейін. Қазақ еліне келіп, қонақ үйлерінен жақсы орын таппадым деп жүрмесін» деді. Қайта келгеннен кейін әңгімеміз жалғасты... «Е, сонымен Ақмолаға жұмыс ауыс-тырамын де. Ол – менің туған жерім, бойтұмарым. Қаншама қашықтықта, соғыс өртінде жүрсем де тынысымды кеңейтіп, қиындықтан, ажал төніп тұрғанда абыржытпай, қаңғырған оқ қағып кеткізбей сақтаған киелі жер» деген сөзі жадымда.

Елі дегенде елең ететін даңқы жер жарған Рахымжан Қошқарбаев ағамызбен одан кейін кездесуді тағдыр жазбады. Ұлы ерлігі жайында ең болмаса телеочерк жазуға талаптанғанымда ағамыз, «Батырлар көп, асықпа» деп рұқсат бермеп еді. Көкірегі қазақ да-ласындай кең қайран, аға-ай! Бойыңа біткен қасиетің қандай қастерлі еді!..

Жастығын соғыс өртінің ішінде қалдырған ағаның терезеден түсіп тұрған тыныштық аспанының сәулесіне сүйсіне қарап отырғаны көкірегіңді тербеген сәттерде, тіпті қоштасқың келмейді екен. Батыр Рахымжанның бейнесін тірі қалпында елестетемін кейде... «Даңқы жер жарған Рахымжан Қошқарбаев» деп үн қатқандардың да-уысы құлағыңа келгендей сілкінесің-ау. Содан кейін болар, бір ұлымның атын Рахымжан қойып едім...

Табыл ҚҰЛИЯС, жазушы

Page 8: 22 (3080) 2014-02-25

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Кез келген жоғары оқу орны кем дегенде жеті-сегіз мамандыққа оқыту керек. Бұл – университеттің алғы шарттарының бірі. Ал , қазіргі таңда мемлекет техника ма мандығына басымдық беріп, грант тарды көптеп бөлуде. Осы орайда, тағы Президент Жолдауы-на соғамыз. Өйткені, онда білімді ұрпақ қана жарқын болашақтың кілті екені шегелей айтылады.

Рас, соңғы жылдары елі мізде техникалық , кәсіптік маман-дықтардың тапшылығы сезілген. Олқылықтың орнын толтыру үшін Астана қаласының өзінде техникалық, кәсіптік білім беретін арнаулы оқу орындары көп теп ашылды. Колледждер мен лицей-лердің қатары артты. Еуразия ұлттық университеті Көлік және коммуникация факультетінің іші-нен де осы кафедра іргесін қалап, талапкерлерді табалдырығынан аттата бастады.

«Қазіргі кезде Көлік, көлік техникасы және технологиясы кафедрасының жеті жүзге тарта студенті, жиырма үш магистранты бар. Олардың барлығы дерлік тек мемлекеттік тапсырыспен білім алады» дейді кафедра меңгерушісі, профессор Оразалы Қаңлыбаев.

Кафедра а лғаш ашылғанда мұнда он бір профессор, үш до-цент болған екен. Қазіргі таңда тоғыз профессор, алты доцент, екі аға оқытушы қызмет етеді. «Астана астана болғалы басталған құрылыс жұмыстары әлі қарқынын жоғалтпағанын білеміз. Ал, әр құрылыс нысанына көлік пен көлік техникасы міндетті түрде қажет. Іргемізде Локомотив зауыты, Ка-мАЗ бөлшектерін шығаратын за-уыт жұмыс істейді. Автопарктер де жеткілікті. Бұлардың барлығымен, нақтырақ айтсақ, техникалық кәсіпорындармен отыздан аса келісімшартымыз болғандықтан, техникалық базамызды жоғары деңгейде деп айта аламын. Өйткені, кафедра жұмысын бастағаннан басшылық өндірістік тәжірибе жұмыстарына зор көңіл бөлді.

Сол себепті, қалалық орталық ав-топарктен филиалымызды аштық. Онда әр курс студенттері оқу бағдарламаларына қарай жөндеу цехтарын, электр қондырғыларын, басқа да техникаларды көздерімен көріп, қолдарымен ұстап, іс жүзінде үйрене алады» деген О.Қаңлыбаев

«Биыл кафедраның өз лаборо-ториясына жеңіл автокөлік алдық. Осының өзі оннан аса практикалық жұмыстарды қамтиды. Ондағы электр қондырғылары, жылу, май-лау жүйелері, жүріс жолдары және механизм тораптары білімгерлерге оқытуға ыңғайлы әрі тиімді» дейді

Көлік, көлік техникасы және тех-нологиясы кафедрасының шетелдік озық оқу орындарымен байланы-сы жыл санап жақсарып келеді. «МААDО» халықаралық жол және көлік қауымдастығы, АҚШ-тың Стэндфорд университеті, Томскінің жоғары оқу орындары ұстаздарымен жиі тәжірибе ал-масып, жаңалықтарымен бөлісіп отырады.

Жаңа л ық демек ш і , А л пан Құр банқұлов, Ербол Ергенов, Әнуар Нұрмағамбетов сынды магистранттардың ғылыми жетіс-тіктері де бар екен. Олар жеңіл автокөліктің соңғы гидроликалық тежеуіш піспектерінің гео мет-риялық мөлшерін өзгерте отырып, қысым күштерін артты рудың жол-дарын тапқан. Жаңалықтарының и н н о в а ц и я л ы қ п а т е н т т е р і қолдарында.

Жиырмаға жуық жаңалығын патенттеген, оның екеуін Париж конвенциясының құжаттарымен рәсімдеген, екі жүздей ғылыми еңбектің авторы Марфуға Сәт-қалиеваның айтуынша, студенттер мен магистранттардың талпы-нысы зор. «Тәуелсіз елдің буы-ны болғандықтан шығар деп ой-лаймын, жастардың қай-қайсы да жаңашылдыққа құмар-ақ. Күні ертең ізімізді басар, көкжиегімізді кеңейтер, білімді ұрпақтың өсіп келе жатқанына анық көзім жетті. Осыларға қарап болашағымыздың жарқын болатынына сенімім арта түсті» деп ағынан жарылды Қ.Омаров.

Асхат РАЙҚҰЛ

к а ф е д р а н ы ң қ ұ р ы л у ы н а «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры айрықша үлес қосқанын жеткізді.

Қазақстан темір жолының да, «Астана моторс» мекемесінің де техникалық базасы оқу орны біл імгерлерінің құзырында . Ондағы білікті мамандар сту-денттерге білгендерін үйретуден ж а л ы қ п а й т ы н к ө р і н е д і . Ст уд е н т т е рд і ң ө н д і р і с т і к , м а г и с т р а н т т а рд ы ң з е р т т е у тәжірибелері осындай базаның арқасында баийды, дамиды, толығады.

Мәскеуден білім алып келген оқы-тушы Қазыбек Омаров.

Тағы бір айта кетерлігі, кафе-дра басшылығы өз түлектерінің жұмыссыз қалмайтынына сенімді. Олардың айт уынша, бітіруші студенттердің көпшілігі Аста-наның өзінде қалып жатады. Өйткені, көп ұзамай мегаполиске айналатын бұл қалада көлік, көлік техникасы кеңінен қажет. Авто-кешендер, автопарктер, әуежай, теміржол сынды мекемелер – ка-федрадан түлеген жас мамандарды асыға тосып отырған мекемелер екені анық.

Page 9: 22 (3080) 2014-02-25

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Әсіресе, алдыңғы қатардағы к ө р і н і с к ө з с ү й с і н д і р е р д е й : ұлтымыздан шыққан тұңғыш Ғарышкер, Кеңес Одағының Б а т ы р ы , Х а л ы қ қ а һ а р м а н ы Тоқтар Әубәкіров пен ол туралы «Ғарыш – Қазақ» поэмасының авторы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы қатар отырып қалыпты. Ақын сахнаға шығып, Қасымға арналған өлеңін де оқып берді. Ал, Роза Рымбаева «Уа, дариға, алтын бесік, туған жер...» деп сызылта шырқағанда залға даланың еркін тынысын алып келді.

Қасымның сөздеріне елге белгілі композиторлармен бірге аса танымалдығы жоқ сазгерлер де ән жазды. Розадан кейін сахнаға шыққан Клара Төленбаева Қапан Мусиннің «Алма бағында» әнін сырнаймен айтты.

«1955 жылы «Әдебиет және искусcтво» деген журналды оқысам, Қасымның соңғы жазған өлеңдері бар екен. Маған«Ақсәуле» деген

...»-

-

-

шығарған. Алайда, кейінгі кезде жұрт оны музыкалық композиция ретінде ғана естіп жүретін. «Кас-пий» тобы әнді халықпен қайта қауыштырды.

А қ ы н н ы ң 1 0 0 ж ы л д ы ғ ы н а орай Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ деректі фильм түсірген болатын. Концертке келген қауым оның үзінділерінен Қасымның трагедияға толы өміріне, академиктер Серік Қирабаевтың, Тұрсынбек Кәкішевтің, жазу-шы Жұмабай Шаштайұлының ол жөніндегі пікірлеріне, қызы Д а р и ғ а н ы ң ә к е с і м е н а н а с ы арасындағы сырға, майдандас досы Ізгілік Нұрмағанбетовтың естелігіне қанықты.

Қазіргі поэзияда аты жиі атала-тын есімдердің бірі – Ерлан Жүніс Қасымға арналған өлеңін оқып, ұрпақтар сабақтастығының тіні әлі де үзілмегенін танытты.

Қашанда сабырлы қалпынан айнымайтын Қазақстанның х а л ы қ ә р т і с і Н ұ р ғ а л и

шығарманың қалай, қандай жағдайда туғанын, әрбір ойастарын, сөз құпияларын терең зерттейтін. Пушкиннің « Қ ы с қ ы к е ш і н » а у д а р ы п болғаннан кейін де ол жариялауға асыққан жоқ. «Қысқы кештің» әні мен сөзін домбырада, скрипкада, сырнайда қайта-қайта орындап, өлеңнің ұйқас-ырғағын, өлшемін, әуенділігін, дыбыс сазын барынша тексергенін мен жақсы білемін». Қасыммен мейлінше көп араласқан ақын Сырбай Мәуленовтің кезінде айтқан бұл сөзін Қарақат Әбілдина дәлелдегендей болды. Қасым аударған «Ах, Самара, городок» әнін шырқатқан ол көрермен жа-дында Роза Бағланованың бейнесін жаңғыртты.

Қасымның өз әндері ішінде ел арасына таралғаны – «Дариға сол қыз» және «Өзім туралы» туынды-лары. Оларды баяғы сал-серілерше

дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали мен Талғат Әбуғазы құйқылжытты.

Қ а с ы м м а й д а н ғ а а т т а н ы п бара жатқанда туған даласына «Сарыарқа» шығармашылығына шабыт беріп, талай қызықты шақтары өткен қалаға «Орал» өлеңдерін арнаған. Көрермен осы әндерге де қол соқты. Айта кетейік, «Орал» өлеңінің әнін белгілі ком-позитор Ескендір Хасанғалиев жазған.

Әнін де, сөзін де өзі жазатын композиторлардың ішінде көп сыналғаны – Сейфуллин Жолба-

рыс. Ол сыннан қорытынды шығарған сияқты. Оның

Қасымның сөзіне жазылған ырғақты «Алатау» әнін «Де-

нар» тобы айтты. Мыңжасар Маңғытаевтың «Жаз дидарлы жас ана» туындысын Гүлшат Тәкежанова нақышына келтіріп орындады.

Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және ба-лет театрының әншісі Рымкеш Ж ұ м а д і л о в а « С а й р а , с а й р а , сандуғашым» әнін тамылжытты.

Қ а с ы м н ы ң ә н д е р і н е л г е жеткіземін деп екі жылдан бері ты-ным таппай жүрген Гүлбаршын Тер-геубекова Әбілахат Еспаевтың «Ақ сәуле» және Темір Тайбековтың «Жас дәурен» әндерімен концерт шымылдығын жапты.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

өлеңі бірден әсер етті. Біздер, композиторларға кейде бір өлең ұнаса, оны оқып жатқанымызда ішімізден музыка шығып жатады. Осы өлеңді оқығанымда бірден әні, мелодиясы жүрегімнен шықты» деген еді кезінде радиоға берген сұхбатында Ғазиза Жұбанова. Бұл кісі Қасымның «Жыр жазамын жүрегімнен» өлеңіне тамаша ән

Нүсіпжанов Советжан Түсіптің «Айтшы, жаным» және Есжан Әміровтің «Махаббат періштесі» әндерін орындап, көрерменнің сусынын махаббат лирикасымен қандырса, тағы бір танымал әнші Сұлушаш Нұрмағанбетова «Жаңа жыл» әнімен мерекелік көңіл-күйді қыздыра түсті.

«Қасым - шебер аудармашы. Ол

Page 10: 22 (3080) 2014-02-25

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

-84563

--

-

-

--

-

-

-

-

--

-

-

---

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

www.astananalog.kz

Page 11: 22 (3080) 2014-02-25

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

-

-

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

1

)

97 212160 20579520

2

)

116 123000 14268000

3

)

128 80520 10306560

4

)

6 502680 3016080

5

)

6 305472 1832832

1 97 212160 20579520

2 116 123000 14268000

3 128 80520 10306560

4 6 502680 3016080

5 6 305472 1832832

Page 12: 22 (3080) 2014-02-25

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected] www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Нұр

исла

м Қ

ҰСП

АНҒА

ЛИ

-

УЕФА-ға мүше елдер ішінен жиырма төрт құрама негізгі бәсекеде ойнау бақытына ие бо-лады. Сондықтан, жеребе тарту рәсімі бұрынғысынан өзгешелеу өтті. Алты-алтыдан сегіз топқа бөлінген мемлекеттердің қай-қайсысы өз тобынан бірінші немесе екінші болып шықса, Францияның он қаласында өтетін біріншілікке тікелей жолдама алады. Барлық топ бойынша үшінші орын алған құрамалардың ең жақсы нәтиже көрсеткені де алғашқы он алтының ізіне ере шығатын болып шешілді. Ал, тобында үшінші орында қалған сегіз ел жеребе арқылы басқа топтағы өздері сынды құрамалардың бірімен қарсылас атанып, екі ойындық кездесу қорытындысы б о й ы н ш а т ө р т е у і Е у р о п а біріншілігінің төрінен бір-ақ шығады. Сонымен, іріктеу ой-ындарынан босатылған жарыс қожайындарын есепке алғанда барлығы жиырма төрт ел осы-

лайша кубок жолында кезекті таласқа түседі.

УЕФА-ның мүшесі болғалы Гибралтар құрамасы іріктеу о й ы н д а р ы н а т ұ ң ғ ы ш р е т қатыспақшы. Сондай-ақ, Фран-ция жолдастық кездесу ретінде соңғы топтағылармен бес ойын өткізеді. Олармен болған барлық матчтың нәтижесі ресми болып есептелінбейді.

Ж е р е б е т а р т ы л у р ә с і м і біткен соң Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан қарсыластарымыз туралы өз пікірін білдіріп, футболшылардың алға қойған мақсаттарын айқындады. Ол шәкірттерінің мойнына келесі іріктеу ойындарында алтыншы емес, бесінші қоржынға түсуді басты міндет етіп қоятынын айтты.

Сонымен қатар, біздің құрама іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынды «Астана-Аренада» Латвияға қарсы өткізетін болды.

ТАҒЫ ДАТҮРІКТЕРГЕ

СОЧИДЕН

ТАП БОЛДЫҚ

ПХЕНЧХАНҒА ДЕЙІН...

Ал, Қазақстан құрамасы ал-дына қойған мақсатына жете алмай, Сочиден жалғыз қола жүлдемен қайтуға мәжбүр бол-ды. Олимпиада алдында біздің с п о р т ш ы л а р д ы ң м о й н ы н а Ванкувердегі жетістіктен асып түсу міндеті ілінген болатын. Мәнерлеп сырғанаудан Денис Тенге жүлде бұйырмағанда абы-ройымыз айрандай төгілер ме еді, кім білсін? Сенім артып жүрген Денис Кузин, Алексей Полтора-нин сынды жігіттеріміз жарты жолда болдырып жатты. Олардың

көрсеткішінен ақтық сынға дейін жеткен шорт-трекшілеріміздің нәтижесі едәуір жақсы. Жанбо-та Алдабергенова да мақтауға тұрарлық өнер көрсетті. Де-генмен, жалпы есепте үздік жиырманың ішіне ену арманымыз адыра қалды…

Жексенбінің кешінде әлем ж ұ р т ш ы л ы ғ ы С о ч и д е г і а қ ойындардың ақырғы көріністеріне куә болды. «Фишт» спорт кешенінде ұйымдастырылған жабылу салтанаты әр кеудеде әдемі әсер қалдырып жатты.

Қаланың мэрі Анатолий Пахо-мов бес шығыршығы бар жалауды Пхенчхан қаласының мэрі Ли Сок Рэге табыстады. Содан кейін келесі олимпиаданың астанасы атанған Корея Республикасының Пхенчхан шаһары туралы шағын бейнебаян көрсетіліп, бес мың жылдық тарихынан сыр шертті. Кәрістің ұлттық музыкалық аспа-бы каягыманың да кезегі жетіп, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады. Ел астанасы Сеулден 180 шақырымдық қашықтықта тау лы алқапта орналасқан қала 2011 жылы Халықаралық Олим-пиада комитетінің шешімімен қысқы ойындардың 2018 жылғы астанасы болып бекітілген бо-латын.

Ж ү л д е ж и н а у д а н ж а л п ы к о м а н д а л ы қ е с е п т е Қазақстан олимпиадашыла-ры 26-орынға тұрақтап қалды. Бірінші орын 13 алтын, 11 күміс және 9 қола жинаған жарыс иелеріне бұйырса, Норвегия (11 алтын, 5 күміс, 10 қола) мен Ка-нада (10 алтын, 10 күміс, 5 қола) екінші, үшінші сатыға орналасқан.