СЕЛ ҚАУПІ - zanmedia.kz › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық,...

8
(Соңы 3-бетте) БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ Ойталқы ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ САНЫ ҚАЙТСЕ АЗАЯДЫ? 8- бет 4- бет Б иыл мектеп та- балдырығын ат- тайтын оқушы- лардың саны 20 мыңға артып отыр. Бұл өз кезегінде әлі күнге тү- бегейлі шешімін тап- паған үш ауысымды оқыту мәселесін одан әрі күрделендіріп жі - бермей ме?! Үш ауы- сымды мектептердің санын қалай азайтуға болады? МӘСЕЛЕ (Соңы 3-бетте) (Соңы 5-бетте) №61 (3186) 16 тамыз 2019 ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет [email protected] АПОСТИЛЬДЕНГЕН ҚҰЖАТТЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БӘРІ МОЙЫНДАЙДЫ (Соңы 3-бетте) «ҚОЙШЫНЫҢ ҚЫЗЫ ҚОЙ КЕЛГЕНДЕ КЕСТЕ ТІГЕДІНІҢ» КЕРІ 7- бет Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, мұғалім: – Оңтүстік өңірлерде соңғы кезде әр жыл сайын 70 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттайды екен. Өткен жылы Түркістан облысында 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа барды. Де- мограф Мақаш Тәтімов тірі болса, осы бүлдіршіндер 2030–2033 жылдары «жеміс» беруді бастап, сол жылдары «демографиялық дүмпу» болады деп жоспарлаушы- экономистерге ескертер еді. Жөн білетін экономистер тұрғын үй, емхана, мек- теп, өзге де нысандарды көбейтуді ойлай бастар еді. Неге бұлай деп отырмын? Қазақ қара нанға 1960 жылдардың басынан бастап қана тоя бастады. Қазақтың әйелдері XX ғасырдың алғашқы жартысындағы апаттың орнын толтыру үшін көптеп бала тауып, демографиялық өсім күрт көтерілді. 1960-65 жылдары туған балалар 1986-87 жылдары «өнім» беріп, осы жылдары үлкен демографиялық дүмпу болды. Ал, 1986-87 жылдары туған сәбилер 2010 жылдан бастап отбасын құрып, сәбилі бола бастады. Бүгінгі күні Шымкент қаласында мектеп тапшы, үш ауы- сымды мектептер әлі бар. Кейбір сыныптарда 45 оқушыға дейін отыр. Зүбайда МУФТИБЕКОВА, зейнеткер мұғалім: – Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына ешқандай да зиян келтіретін жағдаяттар болмауы керек. Ал, мынау үш ауысымды оқу жайы мектеп ішіндегі тазалық жұмыстарына ауырлық әкеледі. Себебі, бір тәулік ішінде үш ауысымның болуы, сабақ аяқталған соң сыныптарды жуып тазалап, келесісіне дайындап беруде мәселе тудырады. Гигиеналық талаптардың орындалуы маңызды. Оған қоса, балалардың ата-аналары- на да қолайсыздық тудырады. Себебі, бір емес бірнеше балалы жанұялар бар. Олардың әрқайсысын әкеліп-әкету, уақытында үлгеру қажеттігі тағы бар. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына да аздап кедергі келтіреді. Ал, үш ауысымды мектептердің санын азайту немесе түпкілік- ті жою біртіндеп жоспармен жүзеге асатын мәселе. Бір күнде барлығы шешіле қоймайды. Мәселен, Алматы облысында өңір бойынша биылғы оқу жылын 34 мектеп үш ауысыммен аяқтаған. Ал, оның алдыңғы жылы саны 49 болған. Яғни, біртіндеп шешімін табады деген сөз. Дәнипа ӘДІЛБЕКОВА, Республикалық адвокаттар алқасы президиумының мүшесі, Алматы облыстық адвокаттар алқасы президиумы төрағасының орынбасары: « АР МЕН ҰЯТ АҚШАДАН БИІК ТҰРУЫ ШАРТ» Дәнипа Медетқызы, қиналған, құқығы тапталған адамдардың бірінші іздейтіні адвокат екені белгілі. Бүгінгі қорғаушылар сол үдеден шыға алып отыр ма? – Адвокат – мықты заңгер, сот процесіндегі басты тұлға. Сонымен қатар, ол құқығын қорғай алмай, шарасыз күйге түсіп, көмек күткен азаматтардың қорғаны да. Ата Заңымыздың 1-бабында құқықтық мемлекет екендігіміз нақтыланған. Сондықтан, заңға бағыну, сыйлау, құрметтеу, заң шеңберінде әрекет ету әр азаматтың міндеті. Бұл құндылықтар құқықтық мәдениетті дамыту деп те аталады. Осы орайда мені қуантатыны елімізде жыл сайын заңгерлер саны артып келеді. Өз тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр- дан асқан Қазақстанда әлемдік білім беру стандарттарына сай келетін, өзінің ұлттық ерекшелігі мен мүддесі қамтылған мектептің толыққанды оқулықтарын құрастырып, шығару бағытында аз жұмыс жасалған жоқ. Күні бүгінге дейін осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі дәуір талаптарына жауап беретін, бәсекеге қабілетті адам капита- лын қалыптастыру жолындағы талпыныстар мен ізденістер екені даусыз. Әрине, жұмыс істелген жерде қателік болмай қоймайты- ны шындық. Тәжірибенің жоқтығының да салдары аз емес. Қай істе болмасын еріп жүретін біліксіздік, бармақ басты, көз қысты әрекеттің де ел болашағын қамдаған келелі іске өз көлеңкесін түсіріп жатқан жайы да бар. Сондықтан, сапалы оқулық құрастыру шаруасы біраз түйткілді мәселені тудырған күрделі де қиын іске айналды. Бұл бүгінде «ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ЕҢ ҰЛЫҒЫ – БАЛА ОҚЫТАТЫН КІТАП» ДЕГЕН ЕКЕН ОСЫДАН ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ БҰРЫН АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ. ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ОСЫ СӨЗІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ УАҚЫТ ӨТКЕН САЙЫН АРТЫП БАРА ЖАТЫР. ӨЙТКЕНІ, ӘР КЕЗЕҢНІҢ ӨЗ СҰРАНЫСЫ, ТАЛАБЫ БАР. ЕЛ ЕРТЕҢІ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТ КӨШІНЕ ЛАЙЫҚ САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ АЛУЫ ОСЫ ОҚУ- ЛЫҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ. ешкімге құпия емес. Керісінше оқулықпен күн сайын жұмыс істеп отырған мұғалімдер, балаларын сабаққа дайындайтын ата-аналар арқылы оқулықтың жайы қоғамның талқысы- на түсіп, үлкен алаңдаушылық тудыруда. Бұл жөнінде Парламент мінберінен де аз айтылма- ды. Қазіргі таңда тіпті ерінбегеннің бәрі осы мәселені сөз етеді десек артық емес. Себебі, оқулықтардың сапасына расында қарның ашады. Олардағы баланың жас ерекшелігіне, ұғымына сай келмейтін материалдарды былай қойғанда, орфографиялық, пунктуациялық, хронологиялық қателерден көз аша алмайсың. Мұндай оқулықтардың балаларға білім емес, теріс ақпарат беріп, әбден шатастырып жатқан жайы бар. СЕЛ ҚАУПІ СЕЙІЛДІ МЕ? Алматы – алып қала, ғажап мекен. Оңтүстік астана атанған бұл шаһардың жұмысын үйлестіріп, миллиондаған тұрғы- нының көңілінен шығу екінің бірінің қолынан келмейді. Үлкен жауаптылықты ә дегеннен сездіргісі келгендей жаңа келген әкімдерге төтенше жағдайдың, оқыс оқиғаның дайын тұратыны да қызық. «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» дегені ме екен. Мәселен, Бақытжан Сағынтаевтың төрге озып, әкімдік қызметке кіріскеніне көп бола қойған жоқ. Содан бері Көк- төбеде шыққан өртті әупірімдеп өшіріп, Думан ықшамауданының шетіндегі жалаңдаған отпен алысып та үлгерді. Енді міне 2015 жылдан бері ұмыт болған сел қаупі тағы алдымыздан шығып отыр. Ол кезде өзен арнасымен көшкен лайдың қаншама үйді балшыққа толтырып, қандай әуреге салғанын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ. ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АВТОРЫ — ХАЛЫҚ ТАҒДЫР

Upload: others

Post on 03-Jul-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: СЕЛ ҚАУПІ - ZANMEDIA.KZ › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа

(Соңы 3-бетте)

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Ойталқы ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ САНЫ ҚАЙТСЕ АЗАЯДЫ?

8-бет

4-бет

Биыл мектеп та-балдырығын ат-тайтын оқушы-

лардың саны 20 мыңға артып отыр. Бұл өз кезегінде әлі күнге тү-бегейлі шешімін тап-паған үш ауысымды оқыту мәселесін одан әрі күрделендіріп жі-бермей ме?! Үш ауы-сымды мектептердің санын қалай азайтуға болады?

МӘСЕЛЕ

(Соң

ы 3

-бет

те)

(Соңы 5-бетте)

№61 (3186) 16 тамыз 2019ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

[email protected]

АПОСТИЛЬДЕНГЕН ҚҰЖАТТЫ КОНВЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БӘРІ МОЙЫНДАЙДЫ

(Соңы 3-бетте)

«ҚОЙШЫНЫҢ ҚЫЗЫ ҚОЙ КЕЛГЕНДЕ КЕСТЕ ТІГЕДІНІҢ» КЕРІ

7-бет

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, мұғалім:

– Оңтүстік өңірлерде соңғы кезде әр жыл сайын 70 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттайды екен. Өткен жылы Түркістан облысында 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа барды. Де-мограф Мақаш Тәтімов тірі болса, осы бүлдіршіндер 2030–2033 жылдары «жеміс» беруді бастап, сол жылдары «демографиялық дүмпу» болады деп жоспарлаушы- экономистерге ескертер еді. Жөн білетін экономистер тұрғын үй, емхана, мек-теп, өзге де нысандарды көбейтуді ойлай бастар еді. Неге бұлай деп отырмын? Қазақ қара нанға 1960 жылдардың басынан бастап қана тоя бастады. Қазақтың әйелдері XX ғасырдың алғашқы жартысындағы апаттың орнын толтыру үшін көптеп бала тауып, демографиялық өсім күрт көтерілді. 1960-65 жылдары туған балалар 1986-87 жылдары «өнім» беріп, осы жылдары үлкен демографиялық дүмпу болды. Ал, 1986-87 жылдары туған сәбилер 2010 жылдан бастап отбасын құрып, сәбилі бола бастады. Бүгінгі күні Шымкент қаласында мектеп тапшы, үш ауы-сымды мектептер әлі бар. Кейбір сыныптарда 45 оқушыға дейін отыр.

Зүбайда МУФТИБЕКОВА, зейнеткер мұғалім:

– Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына ешқандай да зиян келтіретін жағдаяттар болмауы керек. Ал, мынау үш ауысымды оқу жайы мектеп ішіндегі тазалық жұмыстарына ауырлық әкеледі. Себебі, бір тәулік ішінде үш ауысымның болуы, сабақ аяқталған соң сыныптарды жуып тазалап, келесісіне дайындап беруде мәселе тудырады. Гигиеналық талаптардың орындалуы маңызды. Оған қоса, балалардың ата-аналары-на да қолайсыздық тудырады. Себебі, бір емес бірнеше балалы жанұялар бар. Олардың әрқайсысын әкеліп-әкету, уақытында үлгеру қажеттігі тағы бар. Оқушылардың үй тапсырмасын орындауына да аздап кедергі келтіреді. Ал, үш ауысымды мектептердің санын азайту немесе түпкілік-ті жою біртіндеп жоспармен жүзеге асатын мәселе. Бір күнде барлығы шешіле қоймайды. Мәселен, Алматы облысында өңір бойынша биылғы оқу жылын 34 мектеп үш ауысыммен аяқтаған. Ал, оның алдыңғы жылы саны 49 болған. Яғни, біртіндеп шешімін табады деген сөз.

Дәнипа ӘДІЛБЕКОВА,Республикалық адвокаттар алқасы президиумының мүшесі, Алматы облыстық адвокаттар алқасы президиумы төрағасының орынбасары:

«АР МЕН ҰЯТАҚШАДАН БИІК ТҰРУЫ ШАРТ»

– Дәнипа Медетқызы, қиналған, құқығы тапталған адамдардың бірінші іздейтіні адвокат екені белгілі. Бүгінгі қорғаушылар сол үдеден шыға алып отыр ма?

– Адвокат – мықты заңгер, сот процесіндегі басты тұлға. Сонымен қатар, ол құқығын қорғай алмай, шарасыз күйге түсіп, көмек күткен азаматтардың қорғаны да. Ата Заңымыздың 1-бабында құқықтық мемлекет екендігіміз нақтыланған. Сондықтан, заңға бағыну, сыйлау, құрметтеу, заң шеңберінде әрекет ету әр азаматтың міндеті. Бұл құндылықтар құқықтық мәдениетті дамыту деп те аталады. Осы орайда мені қуантатыны елімізде жыл сайын заңгерлер саны артып келеді.

Өз тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр-дан асқан Қазақстанда әлемдік білім беру стандарттарына сай келетін, өзінің ұлттық ерекшелігі мен мүддесі қамтылған мектептің толыққанды оқулықтарын құрастырып, шығару бағытында аз жұмыс жасалған жоқ. Күні бүгінге дейін осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі дәуір талаптарына жауап беретін, бәсекеге қабілетті адам капита-лын қалыптастыру жолындағы талпыныстар

мен ізденістер екені даусыз. Әрине, жұмыс істелген жерде қателік болмай қоймайты-ны шындық. Тәжірибенің жоқтығының да салдары аз емес. Қай істе болмасын еріп жүретін біліксіздік, бармақ басты, көз қысты әрекеттің де ел болашағын қамдаған келелі іске өз көлеңкесін түсіріп жатқан жайы да бар. Сондықтан, сапалы оқулық құрастыру шаруасы біраз түйткілді мәселені тудырған күрделі де қиын іске айналды. Бұл бүгінде

«ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ЕҢ ҰЛЫҒЫ – БАЛА ОҚЫТАТЫН КІТАП» ДЕГЕН ЕКЕН ОСЫДАН ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ УАҚЫТ БҰРЫН АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ. ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ОСЫ СӨЗІНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ УАҚЫТ ӨТКЕН САЙЫН АРТЫП БАРА ЖАТЫР. ӨЙТКЕНІ, ӘР КЕЗЕҢНІҢ ӨЗ СҰРАНЫСЫ, ТАЛАБЫ БАР. ЕЛ ЕРТЕҢІ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТ КӨШІНЕ ЛАЙЫҚ САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ АЛУЫ ОСЫ ОҚУ-ЛЫҚТАРДЫҢ МАЗМҰНЫНА БАЙЛАНЫСТЫ.

ешкімге құпия емес. Керісінше оқулықпен күн сайын жұмыс істеп отырған мұғалімдер, балаларын сабаққа дайындайтын ата-аналар арқылы оқулықтың жайы қоғамның талқысы-на түсіп, үлкен алаңдаушылық тудыруда. Бұл жөнінде Парламент мінберінен де аз айтылма-ды. Қазіргі таңда тіпті ерінбегеннің бәрі осы мәселені сөз етеді десек артық емес. Себебі,

оқулықтардың сапасына расында қарның ашады. Олардағы баланың жас ерекшелігіне, ұғымына сай келмейтін материалдарды былай қойғанда, орфографиялық, пунктуациялық, хронологиялық қателерден көз аша алмайсың. Мұндай оқулықтардың балаларға білім емес, теріс ақпарат беріп, әбден шатастырып жатқан жайы бар.

СЕЛ ҚАУПІ СЕЙІЛДІ МЕ?

Алматы – алып қала, ғажап мекен. Оңтүстік астана атанған бұл шаһардың жұмысын үйлестіріп, миллиондаған тұрғы-нының көңілінен шығу екінің бірінің қолынан келмейді. Үлкен жауаптылықты ә дегеннен сездіргісі келгендей жаңа келген әкімдерге төтенше жағдайдың, оқыс оқиғаның дайын тұратыны да қызық. «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» дегені ме екен. Мәселен, Бақытжан Сағынтаевтың төрге озып, әкімдік қызметке кіріскеніне көп бола қойған жоқ. Содан бері Көк-төбеде шыққан өртті әупірімдеп өшіріп, Думан ықшамауданының шетіндегі жалаңдаған отпен алысып та үлгерді. Енді міне 2015 жылдан бері ұмыт болған сел қаупі тағы алдымыздан шығып отыр. Ол кезде өзен арнасымен көшкен лайдың қаншама үйді балшыққа толтырып, қандай әуреге салғанын көпшілік әлі ұмыта қойған жоқ.

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢАВТОРЫ — ХАЛЫҚ

ТАҒДЫР

Page 2: СЕЛ ҚАУПІ - ZANMEDIA.KZ › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа

2 №61 (3186) 16 тамыз [email protected]ҚҰҚЫҚ

ТУРНИР СЕМИНАР

Дөңгелек үстел

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ КӨП

Арал аудандық сотында «Сот процесінде цифрлық техно-логияларды пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, аудандық полиция бөлімінің басшысы мен оның орынбасарлары қатысты.

Шараны сот төрағасы К.Садуақасова ашып, сот жүйесінде жаңару мен цифрландыру процестері белсенді түрде жүріп жатқанын, инновациялық өзгерістер енгізіліп, «Смарт сот», «Виртуалды сот» жобалары аясында істерді қарауға мүмкін-шілік көзделгенін айтып, әкімшілік істерді «Сот кабинеті» жүйесі арқылы жолдап, іс бойынша қатысушыларды сот ғимаратына шақырмай-ақ, сот процесін қашықтан өткізуге болатынын жет-кізді.

Сондай-ақ, жаңа жобалар қоғаммен қарым-қатынастың қазіргі заманғы форматтарын құру мақсатында және инно-вациялық IT-технологияларды қолдана отырып сот жүйесін оңтайландыру, сот мәжілісіне қатысушылардың уақытын үнем-деу, жүйе жұмысының мөлдірлігін арттыру үшін қолданысқа енгізілгенін тілге тиек етті.

Шара барысында қатысушылармен жобаларды қолдануға байланысты туындаған сұрақтар талқыланып, оларды іске асыру жайында ұсыныс-пікірлер айтылды.

Шара соңында қатысушылар бұл жаңашыл жобалар азамат-тарды әуре-сарсаңға салмай, сот процестерінің уақытылы өтуіне үлкен сеп болатыны жайлы ойларын ортаға салды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Мұрағатпен жұмыс істеу –жауапты іс

Қалааралық турнирге әртүрлі салалар мен мамандықтар өкілдерінен ардагер құрама командалары, яғни металлургтар, спортшылар, шығармашылық адамдары, интернационалист жауынгерлер және республиканың төрт өңіріндегі басқа да салалардың өкілдерінен құралған спорт жанашырлары қатысты.

Спорттық іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды дене тәрбиесі мен спорт-пен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және футболды спорттың бір түрі ретінде насихаттау.

– Ардагерлер командаларының құра-мында 45 жастан жоғары ардагерлер өскелең ұрпаққа сүйікті спорт түрімен айналысуға жастың шектеу болмайтынын дәлелдеп, денсаулығын нығайтуға және жұмыс пен пайдалы демалысты үйлестіре білуге үйретеді, – деді Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров.

Айта кетейік, Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров аталған турнирдің ұйымдастырушысы, оның басшылығымен ашылған «Әділет» стади-онында футболмен айналысқысы келетін-дер үшін есік ашық.

Ойындардың салтанатты ашылуында Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайлов, Ақмола облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, ер-

кін күрестен КСРО спорт шебері, шағын футболдан Қазақстанның бірнеше мәрте чемпионы, Теміртау қаласы командасы-ның капитаны Валерий Панин құттықтау сөз сөйледі.

Футбол республиканың алты өңірінен келген әртүрлі мамандық иелерінің басын қосып, турнирге қатысушы ардагерлер өскелең ұрпаққа спорттық эстафетаны жолдай отырып, үлгі көрсетті.

Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Теміртау қаласының ардагерлер командасы, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының ардагерлер ко-мандасы, үшінші орынды Петропавл қа-ласының ардагерлер командасы иеленді. Номинациялар бойынша дипломдармен «Көрермендер көзайымы» – Сылыбеков Алик (Көкшетау қаласы) және Гычай Олег (Теміртау қаласы), «Спортқа деген адалдығы үшін» – Қасейнов Бахыт (Пе-тропавл қаласы) және Игнатов Владимир (Теміртау қаласы), «Ең үздік қорғаушы» – Жұмаев Әбиүр (Нұр-Сұлтан қаласы), «Ең үздік ойыншы» – Кебісов Жанболат (Ақтау қаласы) және «Ең үздік қақпашы» – Сухапаров Владимир (Ақмола облысы Бурабай кенті) марапатталды.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Ардагерлер жасыл алаңға шықты

ОБЛЫСТЫҚ СОТТЫҢ Ұ Й Ы М Д АС Т Ы РУ Ы М Е Н ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ СОТТАРЫНДА МҰРАҒАТ ЖҰМЫСЫНА ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫН-ДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ.

Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының мұрағат жұмысына жауапты, бас маман Айгүл Шадаева мен басқа да соттардың мұрағатқа жауапты маманда-ры қатысты.

Семинар сабағын ашқан бас маман Айгүл Шадаева «Мемлекеттік мекеме-лерде ең маңызды мәселе жүргізілген іс құжаттардың дұрыс қалыптастырылуы. Себебі, жүргізілген жұмыс, атқарылған шаруа мұрағатта сақталады. Іс-құжат-тарды мұрағатта сақтап, оны іріктеп, жою ауқымды жұмыс. Бұл тарихи дең-гейге дейін баратын мәнді құбылыс», – деп мұрағат жұмысының маңызына тоқталды.

Жиын барысында мұрағат құжат-тарын сақтау бойынша сот маман-дарының баяндамалары тыңдалды.

Жиынға Батыс Қазақстан облыс тық соты төрағасының мін-детін атқарушы Қайрат Адранов, БҚО соттар Әкімшісі басшы міндетін атқарушы Шынар Тұңғатарова, сондай-ақ, облыс тық соттың судьялары мен мамандары қатысты.

Медиация бөлмесі медиацияны қолдану мен оның ар-тықшылықтары туралы қажетті ақпараттық материалдармен, ұйымдастырушылық техникамен және жайлы жиһазбен жаб-дықталған.

Шарада Қ.Адранов сөз сөйлей келе, қолайлы жағдайлар конструктивті диалог жүргізуге және кез келген дауды жылдам және бейбіт жолмен шешуге ықпал ететінін атап өтті. «Кейбір күнделікті тұрмыстық мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін тыңдай білу және тілдесу, еркін отырып сөйлесу, мәдениетті әрі сыпайы болған жеткілікті», – деді ол.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

– Мегаполистердегі халықтың өсуі жедел шаралардың қабылда-нуын талап етеді. Жарты жылдың өзінде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетілген. Тамыз айының соңы-на дейін біз астанамыз бен Алма-тыда қосымша бір-бір халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Ал-маты қаласы Алатау ауданындағы ХҚО бір айлық үзілістен кейін қайтадан өз қызметін жандандыр-ды, – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Оған қоса, еліміздегі маман-дандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қала-сында алтыншы автоХҚО ашыл-

са, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бір-бір орталық іске қосылады. Әсемгүл Серікқызының айтуын-ша, жаңа орталықтар тамыз-қыр-күйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көліктерін сатып, жаңасын алып, тіркеу рәсімдерін де сонда жасатады. Жарты жыл ішінде Қазақстанда көлік секторы бойынша көрсетілген қызмет саны 1,5 млн-ға жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесілі», – деп атап өтті Ә.Балташева өз парақ-шасында.

Оған қоса, жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған

« А з а м а т т а р ғ а а р -налған үкі мет» жас бо-санған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды. Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол ту-ралы әлеуметтік желіде пост жазған аналар бай-қаудың қатысушысы ата-на алады.

Байқау шарты бойынша жәр-демақыны онлайн рәсімдеген

Қызылорда қаласы №2 сотының бас маманы А.Абызова «Құжаттарды ар-хивке сақтауға қабылдау және беру», облыстық мамандандырылған аудана-ралық экономикалық сотының жетекші маманы Ж.Пазылова «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу», Қармақшы аудандық сотының бас маманы Қ.Шазатов «Архив қорына құжаттарды электронды қабылдау» тәр тіптері туралы баяндады.

Семинарда сот қызметкерлері баян-дамаларды талқыға салып, өзара пікір алмасып, аталған жұмысты біріздендіру бағытында өз ұсынымдарын айтты.

Іс-шараның екінші бөлігінде сот мамандары Қызылорда қаласының №2 соты мұрағат жұмысының жай-жапса-рымен танысты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

ШАРА

Медиация бөлмесінің есігі ашық

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА СУДЬЯЛАР БАСТАМАСЫМЕН САЛЫНҒАН ЖАҢА «ӘДІЛЕТ» СТАДИОНЫНДА НҰР-СҰЛТАН, АҚТАУ, ТЕМІРТАУ, ПЕТРОПАВЛ, КӨКШЕТАУ ЖӘНЕ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕР КОМАНДАЛАРЫНЫҢ АРА-СЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ҚАЛААРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА «СОТТАҒЫ ТАТУЛАСТЫРУ РӘСІМДЕРІ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБА-СЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДА МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ.

БАЙҚАУ

Пост жазып, жеңімпаз атаныңыз! аналар жазған постында мем-лекеттік корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгілеп (instagram әлеуметтік желісінде), #анаға цифрлық жәрдем хэште-гін қоюы тиіс.

Байқау жеңімпаздары 15 қыр-күйек – Аналар күні анықтала-тын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есімдері бір тізімге жазылып, жеңімпаз ран-домды түрде, яғни, кездейсоқ нөмірдің түсуі арқылы таңда-лады.

Қызықты пост жазып, байқау-ға қатысқан үш жеңімпаз bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендінің жөргектерін бір ай бойы алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Жұ-баныш сыйлығы ретінде тағы

бес жеңімпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтім құралдарына қосымша сертификат алады.

Анықтама: «Бала туған-да берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметі egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында іске қосылған. Жыл басынан бері алты ай ішін-де онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсімделген.

Асель МУСТАФИНА «Азаматтарға арналған

үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

Ақтөбе облысы бойынша филиалының

баспасөз қызметі

ОҢ ҚАДАМ

Орталықтар саны артты

Елімізде халыққа қызмет көрсететін орталықтардың саны артады. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемле-кеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын-да ашылады.

ХҚО іске қосылатыны айтылған. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгінде Қазақстанда 328 фронт- офис жұмыс істейді, көрсе-тілетін қызмет түрлеріне қарай олар ХҚО, цифрлық, көші-қон мамандандырылған ХҚО-лар бо-лып жіктеледі. Жыл басынан бері алты ай ішінде оларда қазақстан-дықтарға 15 млн қызмет көрсетіл-ген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инно-вациялар және аэроғарыш өнер-кәсібі министрі Асқар Жұмағали-ев азаматтарға қызмет алу кезінде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін жаңа ХҚО-ларды, әсіресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.

Амантай ЕГЕМБЕРДИЕВ,«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Түркістан

облыстық филиалының баспасөз қызметі

Page 3: СЕЛ ҚАУПІ - ZANMEDIA.KZ › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа

3№61 (3186) 16 тамыз [email protected] ҚОҒАМ

Сауалнаманы әзірлеген Мөлдір БЕГІМБЕТ, «Заң газеті»

(Соң

ы. Б

асы

1-б

етт

е)

Ойталқы

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, мұғалім: Зүбайда МУФТИБЕКОВА, зейнеткер мұғалім:

ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ САНЫ ҚАЙТСЕ АЗАЯДЫ?Бұған ең алдымен осыдан 25, 15, 10, 5, 3 жыл бұрынғы жоспарлау­

шылар кінәлі. Астанадағы экономистер шетінен макроэкономикашыл болып кетті. Жергілікті жоспарлаушыларда билік жоқ немесе біліктілік жетіспейді. Ірі қалалардың адам тығыз шоғырланған мөлтекаудан­дарында артық мектеп салуға жер жоқ. Ал, бар мектептің жанынан қосымша ғимарат салу проблеманы шешпейді. Меніңше, проблеманы ке­шенді түрде шешу керек. Ол үшін 2015 жылы қабылданған халқы тығыз оңтүстіктен солтүстікке еңбек ресурстарын тартудың мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіп, азаматтарды қызықтыратын қосымша төлемақылар мен жеңілдіктер қарастырса, бұл түйіткілдің

түйіні оңай шешілер еді. Сонда бірнеше проблема қатар оң нәтиже береді. Айталық, оңтүстіктегі жұмыссыздық пен сол жұмыссыздықтың салдары және қылмыс саны кемиді. Солтүстік өңірлердегі еңбек ресурстары жабылған немесе жабылу алдында тұрған мектептердің бойына қан жүгіртеді. Солтүстік Қазақстан облысында бүгінге дейін 110 ауыл босап қалып, 290 мектеп жабылып қалған.

Биыл 1 сыныпқа қабылданатын балақайлардың басым бөлігі 6 жастан асқандар екен. Бұл өз кезегінде онсыз да оқушыларды мектепке сыйғыза алмай отырған еліміз үшін қосымша жүк. Бұл да болса реттілік пен алдын­ала жоспарлауды қажет етеді. Еліміздің өңір­өңір­лерінде бұл мәселені жекелей шешу керек. Әр өңірдегі тығыз орналасқан халық саны әртүрлі көрсеткішке ие. Жыл сайын мектепті аяқтайтындар мен олардың орнын басатын 1 сыныпқа қабылданатын оқушыларды санымен реттеуді жолға қойған жақсы. Артық бала санына байланысты үш ауысымды оқудың болатынын ескерсек, бұл аса маңызды себептердің бірі. Оқу жүйесіндегі күрделі мәселелердің бірі осы үш ауысымды оқыту жайын шешу, оқушылардың үлгеріміне де әсері бар.

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

СЕЛ ҚАУПІ СЕЙІЛДІ МЕ?

МӘСЕЛЕ

Жалпы, Алматы төңірегіндегі тосылған 6 көлдің қауіпсіздігіне қатысты әңгіме жыл сайын қозғалады. Осыған дейін «ешқандай қатер жоқ» деп сендіріп келген төтеншеліктер күні кеше Наурызбай ауданының тұрғындарын дабылмен оятып, қауіпсіз аймаққа кетуге үгіттеген болатын. Өзен арнасынан қап-қара болып долдана аққан су кімнің де болса күдігін қоюлатып, 2015 жылғы жағдайды еске түсіргені анық. Ал, оның себебін біліп, салдарын болжаған құзырлы орындар жедел кеңес өткізіп, тұрғындарға алдын-ала ескертпесе істің насырға шабатынын жақсы түсінсе керек. Ең бастысы, Алматы қаласының әкімінен бастап, төтенше жағдайға жауапты тұлғаларға дейін ақпарат беруде барынша

ашық болды. Журналистер өз сауалдарына дер кезінде жауап ала алды. Бұған қоса, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың ұсыныс, пікірін тыңдап, Наурызбай ауданындағы біраз мәселелерге қанықты.

Сонымен, елді дүрліктіріп, дабыл қағуға не түрткі болды? Алматы қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Әлибековтың айтуынша, №1 көлге жылдағыдан көп су жиналған. Апаттың алдын алу үшін Қарғалы өзеніне жақын орналасқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру керек деген шешім қабылданыпты. Тіпті, алда-жалда тасқын бой бермей кетсе Бостандық ауданындағы мектептер тұрғындарды қабылдауға толықтай дайын болған. Осының өзі әкімді қайдам, төтеншеліктердің оқыс оқиғаға төселіп қалғанын

көрсетсе керек. «Қазселденқорғау» басқармасының бастығы Самат Дәуленхановтың айтуынша, бұған дейін құрғақ жатқан №1 көлдің ақырындап суға тола бастағанына төтеншіліктер мамыр айында-ақ назар аударған. 4 жылдан бері сусыз қалған көлдегі бұл өзгерісті жылы жауып қоя салу қатер еді. Сондықтан, 6 маусымнан бастап суды біртіндеп сыртқа шығарудың амалдары жасалыпты.

Ал, қазір оқиға орнына жиналып, су деңгейін бақылаған төтенше-ліктер сел қаупінің сейілгенін айтып отыр. Қатердің артта қалғаны дұрыс. Бірақ, ауа райын болжаушылар Алматыда қатарынан үш күн жаңбыр жауатынын айтуда. Құзырлы орынның сөзіне сеніп жайбарақат жүрген жұрттың жоспарын жаңбыр бұзбаса игі еді.

Нұрлан ШЫНТАЕВ

«ҚОЙШЫНЫҢ ҚЫЗЫ ҚОЙ КЕЛГЕНДЕ КЕСТЕ ТІГЕДІНІҢ» КЕРІ

мауынан. Ұрпақ тәрбиесі үшін осынау аса маңызды істі кімдер атқарып жатқа-нын да білу қиын. Барлық қателік бұл ша-раның баспаларға сеніп тапсырылуында сияқты. Өйткені әр баспа бұл істе дербес әрекет етіп келді. Яғни, олар оқулық құрастыратын мамандарды өздері тауып, оларға өз талаптарын қоятыны бұл істегі сапамен қоса бірізділіктің сақталмауына алып келгендей. Осының салдарынан әр мектеп әр баспаның түрлі бағытта дайындалған оқулықтарын сұратады. Бүгінде азғантай оқушыны мектептердің бірі «Атамұра» баспасының, бірі «Мек-теп», енді бірі «Алматыкітап» баспасы-ның оқулықтарымен оқытуда. Ал, сол әр баспадан шыққан оқулықпен білім алған балалар кейіннен Ұлттық тестілеу-де баршаға ортақ сынақтан өтетіні және күлкілі. Әрине, бұл тәжірибесіздікпен қатар, бармақ, басты көз қысты пиғыл-дың көрінісі демеске шара жоқ. Өйткені, кейбір баспаларда оқулық құрастыруға мықты мамандарды тартуға мүдделіктен гөрі, қаржыны бөлісу ниеті басым тұрған сияқты. Себебі, авторлардың білім-білігі, деңгейі бұл шараның талаптарын маңай-лай алмайтынын мамандар, сарапшылар, ұстаздар тарапынан үнемі айтылып жүр. Оқулықтардың сапасының өзі де осындай ой қорытуға жетелейді.

Қатеден көз сүрінеді

Олардың сапасын сараптамадан өт-кізу үшін арнайы «Оқулық» атты орта-лықтың құрылып, одан кейін жеке пор-тал ашылып, бұл іс бақылауға алынған сияқты болған. Оған азаматтардың да атсалыса алу мүмкіндігі оқулық шыға-ру ісіндегі біраз түйткілдің шешілуіне ықпал ететіндей көрінген. Алайда, жағдай бастап қыдан соншалықты өзгере қойма-ды. Соның бірден-бір айғағы оқулық жы-рының жыл сайын алдан шыға беретіні. Биыл өңірлерге жіберілген оқулықтардан

тағы да қате шығыпты. Оларды өзге ешкім емес, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың өзі тапқан.Ал, жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Бұл біздің жеткіншектер тағы да сапасыз оқулықтарды тұтынуға мәжбүр болады деген сөз. Мәселен, «Орыс әдебиеті» пәнінің оқулығында грамматикалық қателерден көз сүрінсе, «Физика» пәнінің оқулығында берілген есептің жауабы теріс. Яғни, ондағы бір есептің дұрыс шешімі 0,27 орнына 0,24 деп көрсетілген. Қателер «География» пәні оқулығының картасынан да шыққан. «Ағылшын тілі» пәні оқулығындағы аударма мағынасына сай емес, мәтіндер көбіне сөзбе-сөз аударылыпты. Бұл оқу-лықтарды дайындауға миллиардтаған теңге кетті. Жалпы саны 30 мың дананы құрайтын олардың қатесін түзеп, қайта бастыру үшін тағы да қомақты қаржы керек. Министр мұны тұрақты жағдайға айналған оқулықты асығыс дайындаудың салдары деп бағалап отыр. Оның ай-туынша, сараптама дұрыс жүргізілмейді. Себебі, оған үздік мұғалімдер тартылады. Ал, жақсы мұғалімнің бәрі – мықты са-рапшы бола алмайды. Өйткені, олардың бұл істен тәжірибесі жоқ.

Оқулық құрастыру, монография жазу емес

Министр осы ретте өз ережесін ұсы-нуда. Оған сүйенсек, ендігі жерде оқулық сапасын нағыз мамандар сараптайтын бо-лады. Олар алдағы уақытта сертификат-таудан өтіп, сарапшылар пулына топта-сады. Ал, осы мәселені назарда ұстап, қоғам талқылауына ұсынып жүрген қоғам белсенділерінің бірі Гүлбану Абенованың айтуынша, аталмыш келеңсіздіктердің орын алуына бағдарламалардың асығыс жасалуы, баспалардың тиісті талаптарға сай жұмыс істемеуі себеп. Ірі тапсы-рыстарды еншілейтін оларға құзырлы

орындар тарапынан да нақты міндеттер жүктелмейді. Бұл істегі ешқандай бәсе-келестіктің жоғы да сапасыз оқуылықтар-дың дайындалуына ықпал еткен.

Министр бұл кемшіліктермен келісіп отырғандай. Өйткені ол оқулық дайындау, оның сапасын сараптау, іріктеу жүйесіне өзгеріс енгізбек. Айтуынша, мұндай бас-сыздыққа ендігі жерде жол берілмейді. Өйткені, оқулық құрастыру, монография жазу емес. Оның өз заңдылықтары мен та-лаптары бар. Түйткілді мәселе осы екі дү-ниенің орны ауысып кеткенінен туындап отыр. Мектепке ұсынылатын оқулықтар монография сипатында жасалып, салда-рынан оқушы ұғымына ауыр тиюде. Сон-дықтан оқулық құрастырушы авторлар, олардың жұмысын сараптаушылар үздік мұғалімдер арасынан іріктеліп, арнайы курстан өткізіледі. Сонымен қатар элек-тронды сараптау платформасы құрылмақ. Онда сарапшылар оқулықты сынақтан өтпей тұрып макетімен шығармай тексе-реді. Оқулықтардың бағасына қатысты да министр өз шешімін жария етті. Аймаған-бетов мырзаның айтуынша, министрлік бұл шараны өз назарына алмақ. Оқулық бағасы қымбат болмауы керек. Ауыр әрі партаға сыймайтын оқулықтардың да мәселесі реттеледі. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап, Білім және ғылым ми-нистрлігінің сайтында бірінші-оныншы сынып оқулықтары EPUB форматында қолжетімді болады. Бұған дейін жіберіл-ген қателіктер тек электронды нұсқада түзетіледі. Келер жылдан бастап оқулық шығару ісіндегі мұндай шалағайлықтарға жол берілмейді.

Тоқетерін айтқанда, жаңа министр оқулық мәселесін мүмкіндігінше зерде-леп, оны барынша сапалы дайындаудың жолдарын қарастырып жатқан сияқты. Әрине, сөз жүзінде бәрі жақсы естіледі. Бірақ, «олардың іске асуы қалай болмақ, мәселен, оқулық авторларын оқыту ісі қаншалықты сапалы жүзеге аспақ, оларды

кімдер және қалай оқытпақ, олар қанша-лықты тиімді жұмыс істей алады, оған қандай кепілдік бар?» деген сауалдардың тууы заңды секілді.

Бағдарлама толық орындалмады

Жалпы бүгінде тек оқулық қана емес, көптеген мектептердің жайы сын көтер-мейді. Уақытында қабылданған «Жүз мектеп, жүз аурухана» бағдарламасының аяғы құрдымға кеткені белгілі. Білім ұяларының кейбірі нағыз қажет жерге салынбай, мүлде бала жоқ ауылдарда бой көтергені де жасырын емес. Бұл ретте мол қаржы қарпып қалуға ұмтылған, сөзі өтімді әкімдердің жеке мүддесі өз рөлінде ойнағанын бюджеттің атқарылуы жөнін-дегі есептер айтылғанда естіп жүрміз.

Осының салдарынан елімізде апатты мектептер саны азаймай отыр. Олардың саны ел көлемінде елуге жуық көрінеді. Бұл 127 мектепте жеткіншектердің үш ауысымда оқуына алып келіп отыр. Осы сейсенбіде өткен Үкімет отырысында бірнеше күн қалған жаңа оқу жылына мектептердің тек 85 пайызы ғана дайын екені айтылды. Шымкент қаласы мен Түр-кістан облысында қаржының уақытылы бөлінбеуі салдарынан оқулықтар дер кезінде жеткізілмей отыр екен. Сол секіл-ді Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Ақ-мола облыстары үшін оқулықтардың оқу жылы басталғанша бармай қалу қаупі бар. Әдеттегідей, тағы да «Қойшының қызы қой келгенде іс қыладының» кері келетін сияқты. «Жаз бойы бұл шаралар неге қамдалмады?» деген ой туады. Асығыс жасалған іс қайбір оңушы еді. Сондықтан, жаңа оқу жылында тағы да біраз дүрбе-леңге түсетін болсақ, таң қалудың еш жөні жоқ. Өйткені, оған дайындық ұзын арқан, кең тұсауға салынып тұр...

«Халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, тәрби-еленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс» деген ұлт ұс-тазы Ахмет Байтұрсыновтың сөзін қашан санамызға сіңірер екенбіз?!

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,«Заң газеті»

(Соңы. Басы 1-бетте)

Сүйегі қатпаған баланың сөмкесі неге ауыр?

Ауырлық тек жеткіншектердің миы-на ғана емес, иығына да түсуде. Мұны мектепке баратын балалардың сөмкесін салмақтағанда көріп, біліп жүрміз. Әлі сүйегі қатпаған балаларға күн сайын кітап толы ауыр сөмкені көтеріп жүру үлкен қиындық тудырады. Оқулықтардың сал-мағынан белі қайыса мектепке кетіп бара жататын баламызды аяудан өзге амалы-мыз жоқ. Ауыр кітаптарды сөмкелердің өзі көтере алмай жыртылған соң, оларды бірнеше рет ауыстыруға тура келеді. Онсыз да көптеген оқу құралдары үшін біраз ақшаның басына су құюға мәжбүр болатын ата-аналардың қалтасына бұл қосымша салмақ. Ал, әлемдік стандарт бойынша күн сайын мектепке апарыла-тын оқулықтар салмағы дене салмағының он пайызынан аспауы керек екен. Бізде бұл көрсеткіш екі-үш есеге артық десек шындықтан алыстай қоймаймыз.

Мектепке барғаннан кейін тағы бір мәселе алдан шығады. Ол көлемі стан-дартқа сай келмейтін табақтай-табақтай кітаптар мен одан кем түспейтін қосым-ша дәптерлерді партаға орналастырудың әуресі. Оған не кітапты, не дәптерді қа-лай орналастырарын білмей, қиналатын оқушының жайы тағы да алаңдатпай қоймайды. Өйткені, мұның сабақтың ой-дағыдай өтуіне едәуір кедергі келтіретіні белгілі.

Сапаға кім жауапты?

Осылайша мазмұны да, көлемі де ерекше оқулықтардың тудырып жатқан мәселесі аз емес. Бұл әрине, оқулықтар-ды құрастыруға мәселенің маңызын, құрылымдық ерекшелігін толыққанды меңгерген арнайы мамандардың тартыл-

(Соңы. Басы 1-бетте)

Page 4: СЕЛ ҚАУПІ - ZANMEDIA.KZ › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа

4 №61 (3186) 16 тамыз [email protected]ТАРАЗЫ

Ашық есік күні

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІБірыңғай медиация күнін атап өту елімізде дәстүрге айналған. Мұндай

үрдістен Арал ауданы да шет қалып отырған жоқ. Осыған орай, Арал қала-сында орналасқан З.Шүкіров атындағы қалалық Мәдениет үйінен ашылған Татуласу орталығында «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.

Шараға аудандық соттың төрағасы мен судьялары, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар, Билер кеңесінің мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында аудандық соттың төрағасы К.Садуақасова қаты-сушыларды медиация күнімен құттықтап, осыдан 8 жыл бұрын ұлттық және шетелдік тәжірибелерді тиянақты түрде зерттей отырып, елімізде қолданысқа енгізілген «Медиация туралы» заңның маңыздылығына назар аудартып, татуластыру рәсімдерінің тиімділігін, дау-жанжалдарды соттан тыс медиация тәртібімен шешудің мүмкіндіктері жайына кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, сот жүйесінде медиация институтын дамыту бағы-тында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтті.

Бұдан соң медиаторлар мен азаматтарды қабылдау акциясы өткізіліп, келушілердің көкейкесті сұрақтарына жауаптар мен кеңестер берілді.

Сондай-ақ, Арал аудандық сотында медиаторлардың және Билер кеңесі мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Бас қосуда сот төрағасы К.Садуақасова Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңының жүзеге асырылуына белсенділік танытып, тараптарды бітімгершілікке келтіруде өзіндік үлестерін қосып жүрген кәсіпқой ме-диаторлар Б.Бердалиевке, А.Үмбеталиевке және Ә.Жалғасбаевқа Арал ауданы әкімінің Алғыс хаттарын табыс етіп, оларға алдағы уақытта да осындай биік белестерден көріне берулеріне тілектестігін білдіріп, ме-диация саласындағы жұмыстарына жетістіктер тіледі.

Шара соңында қатысушыларға өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығы және осындай кездесулердің медиацияны дамытуға үлкен септігі болатыны айтылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметіҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ АВТОРЫ – ХАЛЫҚ

МЕДИАЦИЯ

ДАУДЫ ШЕШУДІҢ

ТИІМДІ ЖОЛЫ

Бұдан соң Алаш өкіметінің алғашқы конституциялық дербес мемлекет құруға бағытталған жо-балары кейінгі Ата Заңымыздың қа лыптасуына, мемлекеттік құры­лымдарды нығайтуға ықпал етті десек, артық емес.

Ал, енді бе рірек келсек, 1990 жылғы қа занның 25 күні қабыл-данған Тәуелсіздік Декларация-сында Қазақ стан елі өзінің ұлттық мемлекетін құрып, оны нығайтып, сақтап, қорғай алады деп жарияла-ды. Бұл Декларация Кеңес өкіметі ыдыраған соң Қазақстанның өз еркімен дербес, тәуелсіз ел болып танылып, өзге шет мемлекеттермен қарым­қа тынас орнатуға жасаған бастапқы қадамы еді.

Ғасырлар бойы көк найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, иеленген өзінің жеке тер-риториясы, шекарасы бар еліміз ата­бабаларымыз ар ман даған мақ-сатқа жетіп, 1991 жылы 16 желтоқ-санда мемле ке тіміздің тәуелсіздігі жарияланды.

Қазақстан мемлекеттік тәуел-сіздігін алғаннан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда өзінің алғашқы Консти-туциясын қабылдағаны баршамызға мәлім. Бірақ, 1993 жылғы Консти-туция ескі әкімшілік, әміршілдік қоғам ережелеріне, көбіне кеңестік демократия принциптеріне негіз-делгендіктен, жаңа қоғам өмірінің талабына сәйкес келмеді. Ол Кон-ституцияда адам құқықтары мен бос тандықтары, оларды жүзеге асы-ру принциптері, мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру нысандары, басқару саласындағы демократия­лық институттардың қызметтері, 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Еге-мендігі туралы Декларацияда ай-тылған биліктің үш саласы: басқару, сот билігі, заң шығару биліктерінің әрқайсысының атқаратын рөлі көр-сетілмей қалды. Осылайша, 1993 жылы қабылданған Конституция өмір талабына сай келмегендік-тен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.На-зарбаев қайтадан жаңа Конституция қабылдау керектігі туралы ұсыныс жасады.

1995 жылғы Конституцияның жобасын талқылауға 3 млн 345 мың адам атсалысып, өздерінің пікір-лерін білдірді, яғни, талқылауға Қазақстан халқының үштен бірі қатысты. Жобаға 1100 түзету, Ата Заңның 98 бабының 55­іне елеулі өз-

гертулер мен толықтырулар енгізіл-ді. Бұрын болмаған жаңа бөлімдер, баптар пайда болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 та-мызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Референдумға сайлаушылардың тоқсан пайызы қатысып, олардың 81 пайызы Конс­титуцияны жақтап, дауыс берді. Өйткені, жаңа Конституция халық пікірінің, ойының, олардың мүд-десінің заңды көрінісі болды. Жаңа Конституцияның авторы деп біз бүкіл Қазақстанның сайлауға қаты-суға құқығы бар халқын айтуымызға болады.

Қабылданған Ата Заңның ал­ғашқы бетіне «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекет-тілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшілік азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүние­жүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдын-дағы жоғарғы жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз» деген ұран жазылған.

Осы Конституцияның Қазақ­стан аумағында қолданылған бұ­рынғы (1924, 1936, 1978, 1993 ж.ж.) Конституциялардан қандай артық­шылықтары мен ерекшеліктері ба-рына тоқталар болсақ:

– біріншіден, заң шығарушы, атқарушы, сот билігін белгілеп, олардың құзыретін, жұмыс істеу тетігін, өзара іс­қимыл бірлігін заң тұрғысынан айқындап берді;

– екіншіден, өкімет билігінің аталған тармақтарға бөлінуі мем-лекеттің, лауазымды адамдардың, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеуін;

– үшіншіден, бұл Конституцияда құқық пен жауапкершілік ұғымдары пара­пар көрсетілген. Осы Консти-туцияда бұрынғы Конституцияларда шешімін таппаған мемлекеттердің мәні, жер, тіл, азаматтық, Парла-менттің қос палаталы жүйесі, Пре-зиденттің құзыры, сот төрелігінің қызметі сияқты күрделі мәселелер заңдық тұрғыдан өз шешімін тапты.

1995 жылғы 30 тамызда бүкіл-халықтық референдум өткізу жо-лымен қабылданған Конституция – жас мемлекетіміздің өркендеуіне

МІНБЕР

Медиация дегеніміз – медиатор адамның жәрдемде-суімен екі тарапты да қанағаттандыратын, өзара қолайлы бір шешімге қол жеткізіп, арадағы дауды жазбаша келісім жасау арқылы реттеу рәсімі болып табылады.

Аталмыш дауды шешу тәсілі қолданылатын дау санат-тары белгіленген. Атап айтқанда, кез келген, яғни қарыз-ды өндіру, отбасылық (алимент өндіру, некеге, балаларға қатысты даулар, т.б.), көршілер арасындағы, еңбек дау-лары, мұрагерлік, сақтандыру шарттары, сатып алу­сату, медициналық қызмет көрсетуге байланысты және басқа да дауларды медиация рәсімімен реттеуге болады.

Дауды соттан тыс шешуге мүмкіндік бола тұра аза-маттар мемлекеттік баж төлеп, сотқа талап арыз беріп, уақыт жоғалтып, соттасып жатады. Дауласушы екі жақта әрбір уәжін сотта дәлелдеуге бар күшін салып, соттың қа-былдаған шешімін күтеді. Келіспеген тарап сот шешімін даулап, әрі қарай екі тарап та дауласып, уақыт жоғалтады немесе бір ай бойы сот шешімінің заңды күшіне енуін күтеді. Арыз сотта заңда көзделген тәртіппен қаралады, кейбір даулар жан­жақты зерттеуді, ұзақ уақыт қаралуды қажет етеді. Куәлар, мамандар сұралуы, сараптамалар тағайындалуы мүмкін. Сот шешімі пайдасына шықпаған тарапқа іс бойынша жұмсалған шығындарды өтеу жүк-теледі. Арыз қанағаттандырылған жағдайда арыз беруші жеке сот орындаушымен сот шешімі мәжбүрлеп орын-далғанша күтеді, ал, жауапкерге қосымша шығындар, оның ішінде жеке сот орындаушының қызметақысын төлеу жүктеледі.

қол жеткізген, зайырлы және құқықтық ел екенімізді ай-қындайтын заңымыз.

Тәуелсіз мемлекетіміздің Ата Заңының қабылданғаны-на биыл жиырма төрт жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде еліміз өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, одан әрі нығайтып, әлем та-ныған мемлекетке айналды.

Жаңа Конституцияда: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайыр­лы, құқықтық және әлеу­меттік мемлекет ретінде ор­нық тырады, оның ең қымбат қазы насы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары» – деген қағида бекітілді. Еліміздегі биліктің үш тармағы: атқарушы, заң шығарушы, сот билігінің рөлі айқындалып, екі палата-лы Пар ламент, Президенттің құзыры мен міндеттері, сот билігінің өкілеттігі жіктеліп,

М.НАҒАШЫБАЕВ,Атырау қаласы № 2 сотының төрағасы

АТА ЗАҢНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ, ТҮП ТАМЫРЫ СО-НАУ ҒАСЫРЛАР ҚОЙНАУЫНДАҒЫ «ЕСІМ ХАННЫҢ ЕСКІ ЖОЛЫ», «ҚАСЫМ ХАННЫҢ ҚАСҚА ЖОЛЫ», ӘЗ-ТӘУ КЕНІҢ «ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫНАН», ЯҒНИ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ ҚАЙНАРЛАРЫ РЕТІН ДЕ ТАНЫЛАТЫН ОСЫ НЕГІЗГІ ҮШ ДАЛА «КОНС ТИТУЦИЯСЫНАН» БАСТАУ АЛАДЫ.

ӘЛЕМ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ ДАУДЫ ШЕШУДІҢ ТҮРЛІ БАЛАМАЛЫ ТӘСІЛ-ДЕРІ ҚОЛДАНЫЛЫП КЕЛЕДІ. МӘСЕ-ЛЕН, ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕ ДАУЛАР-ДЫҢ БАСЫМ КӨПШІЛІГІ МЕДИАЦИЯ РӘСІМІМЕН ШЕШІЛЕДІ.

осы Конституцияда реттелді. Конституцияға енгізілген ма­

ңызды өзгерістердің бірі – сот жү йе­сін әлемдегі озық үлгілерге ла йықты жетілдіру болатын. Әділет біліктілік алқасы таратылып, оның міндеті Жоғары Сот кеңесіне берілді. Кон-ституциялық өзгерістерге дейін-гі жылдары аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяла-рын тағайындау жөніндегі ұсыныс­тарды Әділет біліктілік ал қасының кепілдемесінің негізінде Әділет министрі, ал, облыстық сот тардың судьяларын тағайындау жөніндегі ұсыныстарды Жоғарғы Сот кеңесі атқарып келген болса, ендігі жерде барлық деңгейдегі сот тардың су-дьяларын тағайын дау ға ұсынысты Жоғарғы Сот кеңесі жасайды. Бұл барлық деңгейдегі судьялардың бірдей мәртебеге ие болуына және сот жүйесін сапалы да білікті кадр-лармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізді.

Сонымен қатар, әлеуметтік са-лаға бағытталған нарықтық эко-номиканы, соның ішінде зейнет­ақымен қамтамасыз етуді, тұрғын үй қатынастарын, білім беру мен денсаулық сақтауды және өзге де маңызды әлеуметтік салаларды ір­гелі түрде реформалауға тың сер пін берілді. Әлемді шарпыған қар­жы­экономикалық дағдарысқа қа­рамастан, Қазақстан бюджет қыз­меткерлеріне төленетін әлеуметтік төлемдер мен еңбекақыны көбейту жөніндегі барлық міндеттемелерді орындауда. Конституция қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді негіздей отырып, оның мықты іргетасына айналды.

Конс титуцияның маңызы мен рөлін күшейту мемлекеттегі құ­қықтық сала дамуының заңды тен­ден циясы болып табылады. Рес­пуб ликада Жоғарғы Сот бас бо лып, бірегей соттық жүйе құ рылып, бір-келкі соттық тәжі рибе орнатылып, бірегей кадрлық саясат жүргізуге себепші болды.

Сот төрелігіне сенім деңгей-ін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойын-ша өзгерістер болып, Республикада үш буынды сот жұмыс жасап келеді.

Сот жүйесінің жалпы да муын­да Ата Заңның маңызы ерекше. 2000 жылғы желтоқсанның 25 күні қабылданған «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Қа-зақстан Республикасының Консти-

туциялық заңында Ата Заңымыздағы сот жүйесінің дамуына бағытталған бірқатар қағидалар қамтылып, сот сала сын дағы құқықтық реформаға тың серпін берді. Аталмыш заң сот төрелігін атқару дың қағидаларын одан әрі да мытуға мүмкіншілік жасап, судьялардың тәуелсіздігін, оларға жасалатын әлеуметтік кепіл-дерді айғақтап, қоғамдағы статус та­рының ерекшеліктерін бекітті.

Ең бастысы, адам өмі рінің құн-дылығы мойындалды. Әркімнің өмір сүруге құқығы ескеріліп, Кон-ституцияға 1998 жылы 7 қазанда, 2007 жылы 21 мамырда, 2011 жылы 2 ақпанда тиісті өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес, елімізде адамды аса қатал жазаға тарту қысқартылды. Өлім жазасы тек соғыс уақытын-дағы немесе террористік әрекеттер-ге жататын қылмыстарға, немесе көптеген адамдардың қазасына соқтырған аса ауыр қылмыстарға қатысты ақтық шара ретінде қарас­тырылды.

Конституциядағы өзгеріске сәй-кес, күзетпен ұстау соттың санкция­лауы арқылы жасалатын болды. Бұл жаңашылдықты мем лекеттің адам құқығын қорғау төңірегіндегі жалпыға танымал стандарттарға жақындауының аса маңызды бөлі-гі деп білу керек. Сондай­ақ, бұл соттық бақылауды кеңейтудің және алдын ала зерттеу жүргізу кепілдігін енгізудің алғашқы қадамы. Бүгінгі күні елдегі сот жүйесі Конституци-яға сәйкес, әрі қарай дамуға бағыт-талған шара ларды жүзеге асырып жатыр.

Қа зір сот жүйесі қоғамның тұрақты, сенімді құқықтық кепіл-дігіне айналды деп айтуға болады. Ата Заңымызда қарастырылған құқықтар мен еркіндіктердің жүзеге асуын қолдап, бағалауымыз керек. Егер біз ұрпаққа бала жастан ұлт-жандылық қасиетті дарыта алсақ, әрбір азаматымыз еліміздің пат­риоты болып шығатыны хақ. Сонда ғана біз қо ғамның шынайы консти-туциялық келбетін ажарландырып, жаңа конс титуциялық мәдениетті қалып тастыра аламыз.

Мәдениеттілік, отансүйгіштік, ұлтжандылық әрбір отбасындағы тәрбие шең берінен бастау алса, әділдік пен заңдылықтың күретамы-ры – Ата Заңымыздың қайнарынан қуат алады.

Конституция бойынша өмір сүру – ең жоғары демократиялық мектеп

Осы ретте қандай да бір құқықтық келіспеушілікті медиациямен шешудің тиімді жақтары көп. Яғни, оның тиімділігі – уақытты үнемдеу, тараптар өздері қысқа уақытта дауды реттеу бойынша өзара қолайлы бір шешімге келу, бір мезгілде басқа да дауларды реттеуге болатыны, ерікті түрде жасалған келісімнің белгіленген уақытта орындалуы, сол дау екінші рет басқа еш жерде қаралмайтыны, дауды тоқтатуы, жақсы қарым­қатынаста қалу, артық шығындарға жол бермеу болып табылады.

Екі тарапқа да дауласу, алтын уақыттарын жоғалту, артық шығындар жұмсау қажеттілігі жоқ. Сондықтан, кез келген дауды тоқтату үшін медиация рәсімімен шешкен дұрыс.

Медиациялық келісім ерікті түрде орындалмаған жағдайда, сот бұйрығы негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.

Сонымен қатар, онша ауыр емес және ауырлығы орта-ша қылмыстар, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша және отбасы­тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру, ұрып­соғуға қатысты әкімшілік істер бой-ынша да медиация рәсімімен істі тоқтатуға, дауды толық реттеуге болады.

Қазіргі уақытта барлық жергілікті жерлерде дауды реттеуге жәрдем көрсететін медиаторлар жұмыс жасауда.

Ж.АЯТОВ,

Әйтеке би аудандық сотының төрағасыАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Page 5: СЕЛ ҚАУПІ - ZANMEDIA.KZ › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа

5№61 (3186) 16 тамыз [email protected] СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Дәнипа ӘДІЛБЕКОВА,Республикалық адвокаттар алқасы президиумының мүшесі, Алматы облыстық адвокаттар алқасы президиумы төрағасының орынбасары:

«АР МЕН ҰЯТАҚШАДАН БИІК ТҰРУЫ ШАРТ»

Жоғары оқу орындары басшылары­ның сұраулары бойынша университеттер мен институттарда, техникумдарда құ­қық тақырыбында лекциялар оқимын. Студенттермен заң саласында бейресми әңгімелер өткіземін. Бай қағаным, аудиториялар үнемі толы, ең бастысы әр баланың құқықтық мәдениетінің өскені қойған сұрағынан, терең қы­зығушылығынан аңғарылады. Көңілді өсіретін, келешекке деген сеніміңді бекітетін жағдай. Болашақ судьялар мен прокурорлар, адвокаттар, жалпы құқық қорғау органдарының қызметкерлері, заңгерлер өз еліміздің заңнамасын жетік білуімен шектелмей халықаралық деңгейде заңдық күші бар, яғни бүгінгі қоғамда қолданыстағы заңдарды сізбен талқылап отырса қалай қуанбассыз, үміт артып құдайға шүкіршілік етесіз. Б іле­б ілсек , өркениетт і , дамыған елдер қатарына қосылу осындай игі істерден бастау алады. Жастар оны жақсы түсінгендіктен нақты қадамдар жасап, білім нәрімен сусындауда. Бізде заң факультеттері көп, сонша заңгер дайындаудың қажеті қанша деген пікірдің

де айтылатынын құлағым шалып жүр. Меніңше, заңгердің көптігінен зиян жоқ. Құқықтық тұрғыдан сауатын көтерген білікті маман біреуге көмектесуге мүм­кіндігі болмаса да, өзі алданбайды, еш­кімге жем болмайды.

Жалпы, қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған адамды кәсіптік қорғауды адвокаттар ғана жүзеге асырады. Бұл туралы ҚР «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңының 45­бабында анық жазылған. Сонымен қатар қылмыстық істі қорғауға да ад вокат тағайындалады. Сіздің құқығыңыз бен бостандығыңызды қорғау адвокаттың ісі. Ең бастысы тазалық барлық қадамға негіз, өзек болады. Тағы да қайталап айтамын, тазалық пен әділдік біздің тірегіміз. Мейлі сіз қарапайым жұмысшы, жоғары лауазымды қызметкер болыңыз, заң алдында барлығыңыз тең құқылысыз. Қылмыстық, азаматтық, әкімшілік іс болсын адалдығыңызды аңғарып, сен­сек заң шеңберінде әрекет етіп, құ қы­ғыңызды толық қорғауға әлеуетіміз жетеді. Бір ғана мысал келтірсем, кеңес үкіметі ыдырап, жылдар бойы еткен еңбегінің өтеуі ретінде тұрғындарға ұжымшарлар мен кеңшарлардағы мал мен жылжитын, жылжымайтын мүліктер үлестірілген болатын. Сол кезде қандай алалау, әділетсіздіктің орын алғанын үлкендер ұмыта қоймаған шығар. Соның бірі Кербұлақ ауданының тұрғыны Қожан Әуелбеков деген шопан ұжымшар мүлкін бөлудегі заңсыздыққа наразылық танытып, біздің көмегімізге жүгінген еді. Шопанның айтуынша жылдар бойы еткен еңбегінің өтеуі болып саналатын үлесін ұжымшар директоры ел қатарлы бермей әуреге салған. Шағымданып аудан басшыларына барғанымен, ешқандай нәтиже болмай, алтын уақыты зая кеткен. Моральдық, материалдық шығын, өмір сүру қажеттілігін өтеу секілді мәселелерді саралай отырып, қария заңға жүгіну үшін алғашқы қадамын адвокаттан бастамақ болған.

Бірінші кезекте өтініш берушімен жазбаша шарт жасасқан соң, қажетті құжаттарды асықпай сүзгіден өткізіп, арыздың заңдылығына көзімді жеткіздім. Сенімімді бекітіп төл міндетімді мінсіз, заң шеңберінде атқарып, қарапайым шопанның үлесін толығымен алуына

көмектесіп, қорғаушылық ықпал еттім. Тараптар түсінісіп, мәселе оң шешімін тапты.

Менің ұстанымым – татулық, дауды заң шеңберінде бейбіт жолмен шешу. Рас, түсіндіру әрі түсінісу көп уақытты алады. Сабырлықпен өтініш берушінің мәселесін тыңдап алған соң, заң аясында жасалуы тиіс бірінші қадам мәселені бейбіт жолмен шешуге бағытталады. Нәтижесін уақыт көрсетеді. Сондай нәтижелі жұмыстың бірі деп ағымдағы жылы орын алған Талдықорған қалалық әк імд і г і мен ана лар арасындағы пәтер дауын айтуға болады. Жеке тұлғалардың қолдарындағы құжаттарын мұқият оқып шыққан соң, заңгерлік кеңес бере отырып, даулы мәселеге қатысты заңға сәйкес әңгіме өрбіте білдік. Дұрыс бағыт бердік. Кезінде республикалық телеарналарда көтерілген шу бүгін басылды. Тараптардың ортақ мәмілеге келіп, түсінісуінің нәтижесі осы. Сөз реті келгенде айта кетсем, бұл екі оқиға бізге , яғни Алматы облыстық адвокаттар алқасына деген халықтың сенімін арттырды. Жылжыған жылдармен беделімізге бедел қосты. Әлбетте, қарапайым тұрғындар арқа сүйер адвокаттарының бар екенін білді.

– Адвокаттар – құқығы бұзыл ған­дардың жәрдемшісі. Ал, сол қорғау­шылардың кәсіби қадамын реттеуге заң қаншалықты қау қарлы?

– Басты тірегіміз – Қазақстан Рес­публикасының Конституциясы. Жыл сайын заман талабына, қоғамның қажеттілігіне сай құқықтық құжаттарға енгізіліп отыратын өзгертулер мен толықтыруларды уақытылы біліп , жадына түю адвокаттардың міндеті. Бұл олардың кәсіби біліктілігін ұдайы арттырып отыру үшін, шеберлігін шыңдау үшін қажет. Рас, барлық заң мәтінін толық жаттап алу мүмкін емес. Бірақ, білімді адвокат өзі қорғайтын адамға қатысты заңдарды арыз түскен кезде­ақ анықтай алады. Ал, кәсіби адвокатқа сот процесіне дайындалу үшін екі күн жеткілікті. Ең бастысы адвокат кім үшін, не үшін әрекет ететінін анық білуі керек. Сөз реті келіп тұрғанда әң гімемізді салалық заңнамамен сабақ­тасам артық болмас.

Қазақстан Республикасының 97­бап­тан тұратын «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңының 32­бабын­да «Адвокат – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табы латын және осы заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңбе рінде кәсіп тік негізде заң көме гін көрсе тетін Қазақ стан Респуб лика­сының аза маты адво кат болып та былады» деп анық жазыл ған. Со нымен қатар адво каттар дың мін дет тері, құ пиялары, олар көрсететін қызмет түрлері анықтал­ған. Қазақы жалпақ тілмен айтқанда адвокаттар азаматтардың құқығын қорғаудағы сенімді өкілі, жанашыры. Қай адвокатты таңдайтыны, өтініш бе­

– Адвокаттардың пәрмені қандай?– Әр істің ар тында адам тағ дыры тұ­

рады. Адам тағды рына бей­жай қарауға болмайды. Біреу үшін 100 теңге қаражат болса, екінші адам үшін 100 мың тең­генің орны оңай толып жатқан заман ғой бұл. Қалай десек те көп мәселе сол қаражатқа келіп тіреледі. Негізі ақша, материалдық игіліктен адамның Ары қашан да биік тұруы керек. Ары, ұяты бар жан қатыгездікке жол бермейді. Адалдықтан аттап кетпейді. Ал ары таза адамға қанша жерден жала жабылса да адвокат ақтап алады. Өйткені, кәсіби білікті адвокат тазалықты, шындықты растайтын детальдарды бірінен соң екіншісін суыртпақтап шығаруға қау қарлы. Сол бөл­шектер тұтасып ақтау фактісіне айналады. Істің көзін тапқан, айыптың заңсыз екенін дәлелдей білген, көпшілікті сендіре алған адвокат – нағыз қорғаушы.

Адвокаттардың арасында айлығы шайлығына жетпейтіндері де бар. Есесіне әлемдегі миллиардерлер арасынан ойып тұрып орын алғандары да аз кездеспейді. Айтпағым ақша емес, алдына келіп өтініш берген адам тақыр кедей болса да, шалқыған бай болса да тазалығы мен кінәсіздігі бірінші кезекке қойылуы керек. Сонда сізді, иә адвокатты қорған тұтып келген адамның алдында арыңыз таза болады. Сот процесінің бірінші сатысында жеңілер, екінші сатысында жеңер, мүмкін басқаша болар, бірақ, адами тазалық сақталатыны анық.

Тұнық ой, таза қол деген сөз дер бала жүрегімнен жақсы орын алып, есейе келе адвокаттық мамандықты таңдауыма себепші болды. Оған еш өкінбеймін. Өмір болған соң өрі де сайы да болады ғой. Кей адамдар алғашында сүйікті мамандығын алып кете алмайды. Ал кейбір дерек

адвокаттарды «қара» және «қызыл» деп екіге бөледі ғой. Өмірден көріп, көкейіме түйгенім мен жұмыс тәжірибеме сүйене отырып адвокаттарды «нағыз адвокат» және «жасанды адвокат» деп екіге бөлер едім. Алғашқысының әр ісі өзіндік үйлесім тауып, атқарған жұмысы көрініп тұрса, екіншісінің істеген жұмысы құдды жаңа киімге жапсырған жамау секілді бадырайып, қайта істетуді талап етіп тұрады. Адвокаттар да солай. Мұндайда қазақ «Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген ғой. Жоғары оқу орнын бітіргенде курстастарым секілді сот жүйесіне, құқық қорғау органдарына қызметке іліну мүмкіндіктері бірнеше рет маған да берілді. Бірақ, жүрегім осы адвокаттық қызметті қалап тұрды. Ішкі әлеміме ерік бердім.

– Қорғаушылық тәжірибеңіз көп. Өзіңіз араласқан қай іс ерекше есіңізде қалды?

– Уақыт – төреші, халық – сыншы. Сол елдің айтуымен Қарасай ауданынан бір адамдар арнайы іздеп келіп, жазықсыз 18 жылға сотталған адамға қорғаушы болуымды өтініп отырып алды. Көп жылғы тәжірибемде бірінші рет кездескен қанды қылмыстық іспен таныстым. Сәйкессіздік көп. Тағылған айыптардың бірі екіншісімен тура келмейді. Оқиға орнында бір адам мерт болып, екіншісі жараланып, ауруханаға түсіпті. Тірі қалған адам сотталушының кінәсіздігін айтқан соң, сотталушыға жолығып әңгімелес­тім. Әйелінің айтуымен және өзгелердің міндеттеуімен қылмысты мойнына алыпты. «Егер арыздансаң осы жылдарға тағы қосып береді» дегенді санасына сіңіріп тастапты. Содан Жоғарғы Сотқа кассациялық шағым түсірдім. Қылмыстық істі Жоғарғы Сот судьясы жақсы қарады. Тіпті Талдықорған түр месінде отырған күдіктіні Астанаға ал дыртып, қайта сот болып өзгенің ісін мойнына алған жігітке жүліктігі үшін, ал бір адамды өлтіріп, екіншісін мүгедек жасаған негізгі қыл­мыскерге тағылған айып дәлелденіп, тиісті жазасын алып, сотталды.

– Шыны керек, кейбір адвокаттар сот процесіне тізесі шыққан шалбармен, тозығы жеткен футболкамен келіп қатысатынын журналистер сынап, ел көріп, естіп жүр. Адвокат мәдениеті туралы не айтар едіңіз?

– Негізі кеңестік заманда қалып­тасқандай ер азаматтар костюм­шал­бармен, жейдемен, әйелдер гүлсіз көйлек, бір түсті жейде, кофта, юбка киіп келгені дұрыс. Өйткені, оларға халық қарап отырады. Адвокат деген кім, сот залына қалай кіретінін, жүріп­тұрысын, қалай сөйлейтінін бақылап та отырады. Сондықтан, мәдениеттілік адвокаттың киімінде де, сөйлеген сөзінде де, жүрген­тұрғанында да көрініп тұруы керек. «Бес саусақ бірдей емес», «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» деп қазақ бекер айтпаған. Сіз ескерткен жөнсіздіктердің орын алатыны рас. Сөз реті келгенде айта кетейін, бір мәселе – сот ғимараттарында адвокаттар бөлмесі жоқ. Прокурорлар формаларымен келеді, судьялар арнаулы бөлмелеріне кіріп киім ауыстырады. Ал, адвокаттарға жағдай қарастырылмаған. Қарапайым мысал бүгінгі күнде адвокаттар мантиясы жоқ. Осы мәселеге орай өз бетімізше ізденіс, ұсыныс жасауға әзірлік жасап жатырмыз. Құдай қаласа алдағы уақытта адвокаттарды ерекшелендіріп тұратын мантия да, киім де болады деген үміт бар. Егер мүмкіндіктер жасалып, заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатса адвокаттар да мәнсабына сай бедел қалыптастырып, халықтың көзқарасы да өзгерер еді. Ал, қазір адвокаттар елмен қатар келіп, сол елмен қабаттаса сот залына кіріп, процестің басталуын күтіп отырады. Киім киіну ғана емес өтініш берушімен есеп айырысу, ең бастысы жауапкершілікті мойнына алу адвокаттың заң шеңберіндегі әрекеті ғана емес, адами парызы.

– Адвокат қызмет барысында нені есте ұстауы керек?

– Адвокаттық қызметі үшін мемле­кеттен сағаты есептеле отырып жалақысын алу жолға қойылған. Мем лекетімізде тегін заң көмегін көрсету бар. Сезікті адам кәмелеттік жасқа тол ған­толмаған, тіпті мүгедек болсын тергеу амалдары басталысымен оның талап етуі бойынша күн­түн демей адвокат шақырылып, қажет болса тергеу изоляторына барып, түрлі жағдайларда кездесулер өткізіп, құқығын қорғайды. Бұл – заң талабы.

Сот процесінде жөнсіз сөйлемеу, адам намысына тимей, дұрыс сұрақ қою, өзіне кезек берілгенде қысқа да нұсқа әрі нақты фактілермен сөйлеу, тіпті әріптестерінің «дұрыс қорғай алмай отырсың» деген кемсітуін, өзгенің ісіне араласпау, бір сөзбен айтқанда судьядан нұсқау алмау ға қалыптасу керек. Сонымен қатар сот­талушылар саны сегіз – тоғыз болса да тек өзінің адамын ғана қорғауы керек. Анау кінәлі деген сөздерді айтуға бол­майды. Қандай ортада болсын сыйлы болу үшін адам алдымен өзін­өзі сыйлауы керек. Отыз жылға таяу уақыттан бері адвокаттық қызметке кір келтірмей, мінсіз атқарып келемін. Барымды саламын. Қорғаймын. Жұмысқа берілгендігім сол балаларым да қас­қабағыма қарап отырады. Көңіл­күйім болмаса, «жеңіліп қалдың ба?» деп, күліп келсем «жеңдің бе?» деп бір ауыз сөзден бәрін түсініп, бәйек болып жүргені. Тәубә!

Осыдан сегіз жыл бұрын салалық заңнамамызға сәйкес, республикалық адвокаттар алқасының жалпы жиналысы болып, сол шарада Алматы облыстық адвокаттар алқасы президиумы төраға­сының орынбасары лауазымына төрт жылға (бір мезгіл) сайланған едім. 2018 жылы тағы да жалпы жиын өтіп, әріптестер сенім артып, екінші рет сай ландым. Негізінен облысымызда адвокаттар жұмысына адал басшылық етіп, қашанда қара қылды қақ жаруға талпынатын тазалығымды бағаласа керек сот, прокуратура, полиция органдары облыстағы адвокаттар алқасындағы басшылармен бірге қатардағы қыз­меткерлерге де құрмет көрсетеді. Се­бебі, жұмысымыз ретті. Ең бастысы та лапкерлермен де, жауапкерлермен де судьялармен де заң шеңберінде қалыпты жұмыс орната білдік. Айта кетер жаңа­лық – адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарға кіру жарнасын төлеу міндеті алынып тасталды.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Заң газеті»

(Соңы. Басы 1-бетте)

. . .адвокаттық қызметі үшін мемлекеттен сағаты есеп­теле отырып жалақысын алу жолға қойылған. Сөз реті келгенде айта кетейін, бір мәселе – сот ғимараттарында адвокаттар бөлмесі жоқ. Прокурорлар формаларымен келеді, судьялар арнаулы бөлмелеріне кіріп киім ауыстырады. Ал, адвокаттарға жағдай қарастырылмаған. Қарапайым мысал бүгінгі күнде адвокаттар мантиясы жоқ. Осы мәселеге орай өз бетімізше ізденіс, ұсыныс жасауға әзірлік жасап жатырмыз. Құдай қаласа алдағы уақытта адвокаттарды ерекшелендіріп тұратын мантия да, киім де болады деген үміт бар.

Кие

ТІЛ МЕРЕЙІ – ЕЛ МЕРЕЙІМемлекеттің тілдің қолданысын кеңейтіп,

құрметті арттыру баршамыздың міндетіміз. Өйткені, қазақ тілінің қажет тілге айналуы өзгеге емес, өзімізге керек. Әлемде қанша-ма елдер өз тілінен қол үзіп, ұлт ретіндегі болмысынан ажырап жатыр. Сондықтан да, тілді өркендету секілді сауапты істен ешқайсысымыздың шет қалмағанымыз жөн. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық соты да мемлекеттік тілдің ертеңіне қызмет ететін іс-шараларды ұйымдастырудан шет қалған емес. «Мемлекеттік тілді дамыту мен қол-дану» тақырыбы бойынша сот қызметкер-

лері арасында ұйым дастырылған семинар сабағы сол жұмыстардың бір парасы ғана.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілді қолдануды арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде таныту сияқты мәселелердің маңыз-дылығы сөз болды. Расында, тілге қатысты мәселені тек мемлекеттің міндетіне балау дұрыс пікір емес. Өйткені, қазақтың бола-шағына тұғыр болар тілдің құндылықта-рын насихаттау ең әуелі отбасынан бастау алуы керек. Жиын барысында қазақ тілінің мемлекеттік қарым-қатынас тілі ғана емес, отбасымен түсінісу, ата-анасымен, жақын-дарымен сырласу тіліне айналуы керектігі де сөз болды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамыту үшін әзірленген «Тілдерді дамыту мен қол-данудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасында көзделген барлық іс-шаралар, мемлекеттік тілді, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде жоғары басымдыққа ие екені тілге тиек етілді.

Шара соңында қатысушылар пікір алма-сып, сұрақтарға толық жауап алды.

Г.ТАНКИЕВА,Ойыл аудандық сотының

кеңсе меңгерушісіАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

ретіні, шарт жа сауы жеке жә не заңды т ұ л ғ а л а р д ы ң ө з ер кінде. Осыдан к ө р і п т ұ р ғ а н ы ­мыз дай, өз білі міне сү йенген адвокат өзгенің де мүддесі­нің тапталмайтынына кепіл бола алады, өзінің де құқығының аяқасты болмайтынына нық се­німді. Өйткені, заң ды білген зардап шек пейді.

і здеп, табанынан тозған жанкештілерді көргенде сырт көз «бұл кісі адвокат болып туған» деп бағасын беріп жатады. Құптаймын. Қалай екені, өз басым осы заң саласында адвокаттық қызметке бүйрегім бұрып

тұрады. Жоғары лауазымды әрі айлық жалақысы көп қызметті ұсынатындар баршылық.

Б і р а қ , б а р м а д ы м . Н е г і з і

қ ы л м ы с әлемінде

Page 6: СЕЛ ҚАУПІ - ZANMEDIA.KZ › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа

6 №61 (3186) 16 тамыз [email protected]ТЕМІРҚАЗЫҚ

МЕЖЕ

Сондай-ақ, сот жүйесінің «7 түйіні» анықталып, оларды шешудің жолдары ай-қындалып, «Түнгі сот», «Виртуалды сот» пилоттық жобалары жүзеге асырылды. Сот актілерін дайындаудың жаңа форматы енгізіліп, сот шешімін түсіндіру жұмысы жандандырылды.

«ҚР Азаматтық процестік кодексі-не және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң судьялардың жүктемесін азайтуға, сот актілерінің сапасын арттыруға бағыт-талған. Азаматтық процесті жетілдіру, әкімшілік әділет саласы, судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін, сот төрелігінің сапасын арттыру, цифрлан-дыру және сервиске бағдарлану, кадр-лық басқару және судьяларды іріктеу мен қылмыстық процесті жаңғырту жо-лында қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Сол бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Жоғарғы Сот тарапынан ұсыныстар белгіленгенін айта кету керек.

Азаматтық процесті жаңғырту бойын-ша даусыз істерді соттардың құзыретінен алып тастау, сот орындаушыларының әре-кетін санкциялауды қысқарту, жекелеген функцияларды мемлекеттік органдарға беру, кейбір істерді нотариустардың қа-рауына беру, төрелік шешімдеріне шағым жасауды қайта қарау жұмыстары бел-гіленді. Азаматтық процестік кодекс шең-берінде басы артық әрекеттерді алып тас-тау, сотқа жүгіну нысандарын оңайлату, сот ісін жүргізу сатылары мен кезеңдерін оңтайландыру қарастырылатын болады. Судьяның процесте белсенді болуына рұқсат етіп, оның дәлелдеме жинақтау құзыреті кеңейтілді.

Сот жүйесін жетілдіру жолындағы қадамдар бір бұлар ғана емес. Істі касса-циялық сатыда қарау тәртібін жетілдіру қарастырылды. Сондай-ақ, отбасылық соттардың құрылуы, судья-медиатор қыз-метін енгізе отырып, міндетті түрде сот медиациясы жүргізілетін істер санатының айқындалуы сөзіміздің дәлелі.

Әкімшілік әділет саласы бойынша Герман моделінің негізінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) қабыл-данып, әкімшілік әділет соттарының жаңа

Қауіпсіз аула

Көшелерде, аулаларда және басқа да қоғам­дық орындарда құқықбұзушылықтарды анықтап, олардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылғы тамыздың 5 мен 11 күндері аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында «Қауіпсіз аула» жедел алдын алу іс­шарасы өткізілді.

Қоғамдық орындарда, көшелерде, аулаларда орын алған құқықбұзушылықтарды анықтап, олардың алдын алу, жолын кесуге ерекше назар аударылып, сондай­ақ, полиция жасағының қылмыстарды «оқиға ізін суытпай» жедел ашуы­на ден қойылды.

Аталған жедел­профилактикалық іс­ша­ра кезінде 2460 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, аталмыш шара кезінде по­лиция қызметкерлері іздеуде жүрген 3 тұлғаны қолға түсірді. Ата­аналары мен басқа да заңды тұлғалардың балаларды тәрбиелеу бойын­ша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін 13 әкімшілік құқықбұзушылық, белгіленбеген жерде сауда­саттықпен айналысу бойынша 108, ұсақ бұзақылық бойынша 196, алкоголь ішімдігін ішіп және қоғамдық орындарда мас күйде болғаны үшін 468, түнгі уақытта кәмелет­

ЖҮЙЕНІ ЖЕТІЛДІРУ ӘР СУДЬЯҒА МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ

туралы) өзінің атынан және өз қалауы бойынша жіберуге құқықты жалғыз орган ретінде белгіленеді және проку-ратура бұл шешімдерді өзі дайындап, олар үшін жеке-дара жауапты болады. Бұл қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында процеске қатысушылардың құқықтары мен бостандықтарын барын-ша қамтамасыз етуге ықпал етпек.

Халықаралық стандарттарға және процестік үнемділікке қайшы келетіндік-тен нақты деректер сотқа дейінгі сатылар-дың өзінде дәлелдемелер болып танылатын кеңестік доктринадан бас тартылады. Дерек-терді (бірінші рет және бір рет) бағалауды және оларды дәлелдемелер деп тануды сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары емес, тек қана сот жүзеге асырады.

Алқабилердің қатысуымен қаралатын сот істерінің аясын кеңейту арқылы қара-пайым адамдардың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы арттырылады. Заңды елеулі түрде бұзу ғана ақтау үкімдерін қайта қарауға негіз бола алатыны бел-гіленіп, соттардың айыптауға бейімділік сипатынан арылуына заңдық негізде мүмкіндік жасалады. Бұл еліміздің әлем-дегі бәсекеге қабілетті дамыған 30 мем-лекеттің қатарына қосылу жолындағы сот төрелігіне қатысты қарышты қадамдары-ның бірі болып табылады.

Судьялардың кәсіптік бағалау және тәртіптік жауаптылық жүйесінен айып-тауға бейім болуына ықпал ететін фак-тор ретінде сандық көрсеткіштер алып тасталмақ. Процестік нысандар мен рә-сімдерді сақтау қылмыстық қудалауды тоқтату үшін жеткілікті негіз болып та-былады деген қағиданың іске асырылуы қамтамасыз етіледі.

Қылмыстық-процестік заңнамаға қорғау тарапының қорғау актісін жасауы және оны айыптау тарапы мен сотқа ұсы-

ну құқығы енгізіліп, ол қарауға міндетті болып табылатыны қарастырылады. Бұл халықаралық стандарттарға сәйкес, сот процесінде тараптардың теңқұқылығын және олардың жарыспалылығын одан әрі жетілдіруге бағытталған нормалар болып табылады.

Тағы айта кетерлігі, сот жүйесін жаң-ғырту аясында электронды сот төрелігі жандандырылып, істерді автоматты түрде бөлу жетілдіріледі. Цифрлық талдау сер-вистері, сот отырысының электрондық залдары жасалды. Электрондық сот ісін жүргізу заң деңгейінде реттелді.

Сотқа талап арыздар толық электрон-дық түрде қабылданады. Оңайлатылған іс жүргізу тәртібіндегі, сондай-ақ, сот бұйрығы шығарылатын істер толық элек-трондық форматта қаралады. Сонымен қатар, қылмыстық құқықбұзушылық туралы істерді де электрондық форматта қарау жұмыстары қолға алынды.

Енді статистикалық мәліметтерге қа-райтын болсақ, аудандық сотта 2019 жыл-дың алғашқы жеті айында оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде 58 іс, сот бұйрығы шығарылатын істер бойынша 53 іс, қыл-мыстық құқықбұзушылық туралы істер бойынша 52 адамға 50 іс электрондық форматта қаралды.

Міне, Жоғарғы Сот тарапынан ат-қарылған осындай жұмыстар жұртшы-лықтың сотқа деген сенімін арттырады, судьялардың жүктемесін азайтады, сот істерінің тез шешілуіне ықпал етеді. Бұл жұмыстар Ұлт Жоспарындағы сот жүй-есіне арналған тапсырмалардың өз мәнін-де атқарылып жатқанын айғақтайды. Осы жұмыстарды атқаруға тиянақтылықпен атсалысу әрбір судьяның міндеті болуға тиіс.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Қазіргі таңда судья қызметіне ірік-теу тәртібінің өзгеруіне байланысты су-дьялыққа кандидаттарға психология­лық тестілеу жүргізілуде. Алайда, үміткердің психологиялық қабілет-терін анықтау оның судья қызметіне тағайындалғанға дейінгі жай­күйінің көрсеткіші ғана болып табылады. Ал, қызмет атқарып отырған судьялар-дың психологиялық қабілеттерінің деңгейін, психоэмоциялық жай­күйін анықтау оның кәсібилігінің көрсеткіші ретінде маңызды деп есептеймін.

Психологиялық білім алу кезінде, кейін судьялыққа тағайындалғаннан соң осы қызметпен байланысты көптеген жазбалармен, мақалалармен танысып, кәсіби психология, соның ішінде, судья тұлғасының психологиялық ерекшелік-теріне көп назар аударатын болдым. Судья қызметі мен лауазымына қатысты «соттық стресті» кәсіби стресс ретінде қарастыруға болады. Судьялықтың «стрессорлары» ретінде жұмыстың бір сарындылығы, жауапкершіліктің жоғары деңгейі, шешім қабылдауға тез бейімделу, ұзаққа созылатын эмоциялық кернеу, күтілетін және нақты нәтиже арақатынасының сәйкес келуі және басқасын айтуға болады.

Стрессорлардың пайда болуына жұмыс сипаты әсер етеді. Қоғамда су-дья бейнесіне деген тұрақты көзқарас қалыптасқан. Мұның өзі судьяларға сол көзқарасқа сәйкес болып көріну үшін де эмоциялық кернеудің негізі болуы мүм-кін. Сырт көзге судья салқынқанды, бей-тарап, билік иесі ретінде көрінетіні, өз-гелерден өзін бөлек ұстайтыны ешкімге жаңалық емес. Арақашықтық элементі, өзгелерден бөлектену судья қызметіне жаңадан тағайындалған кезде ерекше білінеді. Мұны адамның мансапқа же-туден марқаюы емес, мінез-құлқының кәсіби қажеттілікке байланысты өзгеруі деп түсіну қажет. Мұндай әлеуметтік байланыстың шектелуі екі нәрсеге бай-ланысты: жүктеме және судья әдебінің нормаларын сақтау. Судья әдебі оның өзгелермен қарым-қатынаста сақ бо-луын талап етеді, сондықтан, судьяларға айналадағылармен араласудың, комму-никативтік қабілеттердің «қарапайым» немесе «құрғақ» сөйлесуі тән екенін байқауға болады. Былайша айтқанда, судья тек қызметте ғана судья емес, ол міндеттерді алып жүру адамдармен қа-рым-қатынаста да бірқатар шектеулерді жүктейді.

«Мотивация – бұл адам-ның қандай да бір қызмет арқылы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті» деген сөздермен КА­168/2 ме-кемесінде сотталғандар үшін түсіндіру әңгімесі жүргізілді.Жақында «Серпін» мемле-

кеттік бағдарламасын және ме-морандум тармақтарын орын-дау аясында Ақтөбе қаласында орналасқан түзеу мекемесінің әкімшілігі «Достық» кәсіпкерлер клубымен, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла-малар бөлімінің мамандарымен, сондай-ақ, Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған

рессоциализация орталығының маманымен бірлесе отырып, сот-талғандармен «Мотивация және өз ісін қалай бастау керек» тақы-рыбында қызықты және пайдалы кездесу өткізді.

Бизнес-тренер Саламат Да-набеков бизнес жоспарды қалай құру керек, бизнесті неден бастау қажет, өз тауарыңды немесе қыз-меттеріңді қалай жарнамалауға болады деген секілді және биз-неске қатысты басқа да көптеген сұрақтарға жауап берді.

Бизнес-тренингтің негізгі аудиториясы пенитенциарлық пробацияға жататын сотталған-дар, яғни, қалған мерзімі боса-

тылғанға дейін бір жылдан аспай-тындар. Сондықтан, олар үшін семинар-тренинг өте пайдалы болды. Олардың кейбіреулері бо сатылғаннан кейін өз бизнесін ашу ды армандайтындарын жасыр-мады.

Пайдалы әңгімені жалғасты-руда Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар-ламалар бөлімінің жетекші ма-мандары Қанапина Назерке мен Уксимбаева Айсұлу сотталған-дарға босағаннан кейін жұмыс қа орналасу, қысқа мерзімді курс-тарға оқуға жолдама алу және өз ісін ашу үшін шағын кредит беру тәртібін түсіндірді.

Ақтөбе қаласының әлеумет-тік жұмыс жөніндегі маманы Р. Дармышева әлеуметтік-құ қық-тық көмек көрсету мәселелерін сөз етті. Сотталғандардың ара-сында осы орталықтың көмегіне мұқтаж адамдар болғанын айта кету керек. Алдағы уақытта КА-168/2 мекемесінің мақсаты сот-талғандарды босатуға дайындау бойынша кездесулерді ұйымда-стыру практикасын жалғастыру болып табылады.

Тимур ИШМУХАМЕДОВ, СЕжТО аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ «100 НАҚТЫ ҚАДАМ» ҰЛТ ЖОСПА-РЫ, «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖӘНЕ СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫН-ДАУҒА ОРАЙ ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ. МҰНДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТ ҚОҒАМНЫҢ СОТҚА ДЕ-ГЕН СЕНІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. ОСЫ БАҒЫТТАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗУ ҮШІН ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ «СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ӘЗІРЛЕДІ. ҚАЗІРГІ ТАҢДА ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАУҒА АЛҒЫШАРТТАР ЖАСАЛЫП, МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕРІ БЕЛГІЛЕНГЕН.

жүйесі құрылады. Судьяның осы санаттағы істерді қарау барысындағы белсенділігі арттырылады.

Қылмыстық проце сті жаңғырту бойынша проку-ратура сотқа өтінішхаттар-ды, материалдар мен істерді (оның ішінде теріс қылықтар

Оралбек БАҚТЫГЕРЕЕВ, Шалқар аудандық сотының төрағасы

ПІКІР

СОТ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ, ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ, СОТ-ТАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ СОТ БИЛІГІНІҢ ӨКІЛІ РЕТІНДЕ СУДЬЯЛАРҒА, ОЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІНЕ, КӘСІБИ ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ҚАТАР ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІНЕ ДЕ ЖОҒАРЫ ТАЛАП ҚОЯДЫ.

«СОТТЫҚ СТРЕСС» КӘСІБИ СТРЕСС

БОЛЫП САНАЛАДЫ

ТРЕНИНГ

Қызметтік стрессор ретінде сот за-лын дағы, тараптармен қарым-қатынас-тағы ерекшеліктерін де айта кету керек. Сот ғимаратына келген арыз беруші немесе сол арызға қарсылық білдіруші оппонент арасындағы қайшылықтың, сол конфликтінің жоғары деңгейінде эмоциялық бірқалыптылықты, бейта-раптықты сақтай білу, тек заңдық тұрғы-дан емес, адамгершілік тұрғысынан да шешім шығара білу, шығарылған шешімді түсіндіре білу арнайы қабілет-терді қажет етеді.

Ақпараттық технологиялардың да-муы да істі қарау кезінде ықпал ету тәсілі ретінде түрлі посттар, комента-рийлер мен мақалалар жазу арқылы қолданылады. Бұл жағдай да судьяға әсер етіп, көңілін түсіріп, жұмысын жоққа шығаруы, сол арқылы күйзеліске ұшыратуы мүмкін.

Жоғарғы Сот төрағасы Ж.Асанов атап өткендей, «Сот жүйесінің негізгі үш мәселесінің үшеуі де кадрлар» десек, судьялыққа үміткерлер мен орын ауыс-тыру кезінде ғана психологиялық тест өткізіп қоймай, судьялықтың барлық кезеңінде психодиагностикалық зерттеу жүргізу, ұдайы психологиялық қызмет көрсету, арнайы психоэмоционалдық босаңсу бөлмелерін жабдықтау, соттарда психолог маманының қызметін қарас-тыру секілді шаралар қабылдау барлық сот жүйесін жақсартуға ғана емес, сол жүйенің басты тұлғасы ретінде әр судья-ның өміріне, жалпы судья бейнесіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Ш.ШАЙДИЕВА, Орал қаласы

№2 сотының судьясы

ӨЗ ІСІҢДІ БАСТАУ ҚАШАНДА КЕШ ЕМЕС

ке толмағандардың көңіл көтеру орындарында немесе заңды өкілдерсіз үйден тыс жерлерде болғаны үшін 161 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Сондай­ақ, көлік құралдарын тро­туарға, клумбаларға және балалар ойнайтын алаңға қойып, тұраққа қою ережесін бұзған 51 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Учаскелік полиция инспекторымен 101231 ауланы тексеру жұмыстары жүргізіліп, профи­лактикалық есепке қойылған 12694 тұлға тек­серілді.

Сондай­ақ, Жергілікті полиция қызметкер­лері есепте тұрған 1883 тұрмысы төмен отбасын­да тексерістен тыс қалдырған жоқ.

БҚО ПД баспасөз қызметі

2460 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Page 7: СЕЛ ҚАУПІ - ZANMEDIA.KZ › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа

7№61 (3186) 16 тамыз [email protected]

Алматы қаласы Тел.: 8(727) 292-29-27, 292-40-89, факс: 8 (727) 292-29-92

E-mail: [email protected]

Нұр-Сұлтан қаласы Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.Тел.: 8 (7172) 52-02-11

ЖАРНАМА БӨЛІМІ:

«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М.Горь-кий көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162) 25-77-17.

«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар қ., Естай көшесі 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл кө-шесі, 11. Тел.: 8 (7112) 42-00-71.

Қалиасқаров Нұрлан Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішов көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.Тел.: 8 (7152) 46-02-57, ұялы тел.: 8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59.

ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов- Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07, ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.

«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин көшесі 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы тел.: 87774348344 және Ақтау қаласы.

ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.: 87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru.

Ершова Людмила ЖК, Шымкент қ., Жел-тоқсан көшесі, 20 б.

«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА), директоры Кривилова Татьяна Ивановна. Шымкент қ., Г.Иляев көшесі, 47 (Шаймер-денов к. бұрышы) RBK банктің жанында, Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp : +7-705-705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@gmaіl.com

«Юридическая фирма «Консультант» ЖШС Орал қ., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.: 8 (7112) 50-88-05.

«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.

ИП «Сагидоллина Б.», 1 Теміржол вокза-лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы. ardawka_94@maіl.ru, Тел: 87058762218.

«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған қ., ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282) 24-29-66, 87058147221.

ЖК Гавриленко И.И., Қостанай қ.,пр. әл-Фараби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс: 8 (7142) 53-63-21.

«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызыл-орда қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89, ұялы тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78

ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкел-ді көшесі 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.: 87017268772, 87054422939.

ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қа-зақстан Конституциясы көшесі, 28-үй, 1-қа-бат. Тел.: (87152) 46-74-77.

«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сырым Датов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО, 102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы тел.: 8701 920 45 38.

ЖК «Выдай», Өскемен қаласы, 60. Тел.: 8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.

ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы көшесі, 55, Алма сауда орталығы, 4-қабат, 419в-бөлім, 426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы тел.: 8707-705-9222 Emaіl:kaldybayeva@maіl.ru.

ЕЛДЕН-ЖЕРДЕН

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Орталық кеңесі және жергілікті соттардағы филиалдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы

МАКАШЕВ Зейнулла Мухамединұлыныңмезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасына, туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

БІЛГЕН ЖӨН!

АПОСТИЛЬДЕНГЕН ҚҰЖАТТЫ КОНВЕНЦИЯҒА

ҚАТЫСУШЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БӘРІ МОЙЫНДАЙДЫ

7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық қан орта-лығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы респуб-ликалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурс (бұ-дан әрі – конкурс) жариялайды.

Конкурстың өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі ғимара-ты, 5-кіреберіс.

Кәсіпорынның орналасқан жері: 050060, Қа-зақстан Республикасы, Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 1.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша си-паттамасы: донорлықты дамыту, қан мен оның компонентерін дайындау, қан компоненттері мен препараттарын өндіру және сақтау, донорлық және трансплантология саласындағы зертханалық зерттеулер, зертханалық зерттеулер үшін пайда-ланылатын заттарды өндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ, төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және

(немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесі;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық сала-сындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.

2. Мынадай:1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы ше-

шім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыс-тық және туыстық қатынастағы адам байқау ке-ңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;3) өмірбаян (еркін түрде);4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжат-

тың көшірмесі;5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Рес-

публикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратура-сы Құқықтық статистика және арнайы есеп ке алу ко-

митетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, ал-дыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көр-сетіледі. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.

Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі ғимараты, 5-кіре-беріс.

Конкурстың өткізілу күні – конкурсқа қатысу тура-лы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

Үміткердің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәти-желері бойынша Қазақстан Республикасы Денсау-лық сақтау министрлігінде әңгімелесу өткізіледі.

2. «Шетырғыз» ауылдық тұтыну кооперативі, БСН 060440010061, өзінің таратылатындығын хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарлан-дыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі, Қаратоғай ауылы.

6. Алматы қаласындағы «Спектр Трединг» ЖШС өкілдігі, БСН 160442021158, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ., Бос-тандық ауданы, Әл-Фараби даңғ., 7-үй, 268-пәтер, есептік тіркеуден шығарылғаны туралы хабар-лайды. Талап-шағымдар хабарлама жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде жоғарыда көр-сетілген мекенжай бойынша қабылданады.

8. «Жаңа қайта өңдеу компаниясы» ЖШС, БСН 180440017589, (Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қ., Сарыарқа ауданы, Сарыарқа даңғ. 12, «Capital» Бизнес-орталығы, 805-кеңсе),

өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Та-лап-шағымдар хабарлама жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Пушкин к., 15б, ВП2, тел.: 8 (7172) 64 22 60.

10. «Жезқазған қаласының Білім бөлімі» ММ, БСН 150440026890, (Жезқазған қ., Алаш алаңы, 1) «Жезқазған қаласы білім бөлімінің Қорғанбай ауылының №12 бастауыш мектебі» КММ-ін тарату туралы шешім қабылданғандығы жайлы хабарлай-ды.

Талаптар хабарландыру жарияланған күннен

бастап 2 (екі) ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша: Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1, 211 кабинетте қабылданады.

11. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» КММ «Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің Тегістік жалпы білім беретін негізгі мектебі» мемле-кеттік мекемесінің жабылатыны туралы хабардар етеді. Наразылықтар ресми жариялаудан кейін екі ай мерзімінде төмендегі мекенжай бойынша қа-былданады: 140600, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 243, тел.: 8 (71833) 24809.

ТАРАТУ

ӘРТҮРЛІ 9. «ВАЛЮТ – ТРАНЗИТ БАНК» АҚ Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4 құрылыс мекенжайында орналасқан тарату комиссиясының бөлімшесі мүліктерін сату жөнінде сауда-саттық өткізеді. Сауда-саттық жоғарыда көрсетілген мекенжайда 2019 жылғы 29 тамызда сағат 11.00-де өткізіледі.Лоттар саны – 4 Лот бойынша сауда-саттықты жүргізу әдісі – голландтық. Қадам – 5%Лот № 1 – Біріктірілген лот: 1. Жер учаскесімен жылы автотұрақ, мекен-жайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Оразақ ауылдық округі, Ора-зақ ауылы, 027 учет кварталы, 242 құрылыс. 2. «INTER AGRO KAZAK MAKINA D.S.» 4-х вальцты диірмен кешені, 1998 жылы, Түркияда шыға-рылған, SC 2200 «SAS» маркасы. Лоттың бастапқы бағасы – 1 981 871,00 теңге. Төменгі бағасы – 1 387 309,70 теңге.

Лот № 2 – Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Петровка ауыл-дық округі, Петровка ауылында орналасқан жер учаскесі. Лоттың бастапқы бағасы – 5 123 000,00 теңге. Төменгі бағасы – 3 586 100,00 теңге.

Лот № 3 – Нысанға қызмет көрсетуге ар-н а л ғ а н ж е р тел і м і («Ишимский» демалыс аймағы), Осакаров ау-даны, Қаратомарска/о, Сенокосное ауылы. Лоттың бастапқы баға-сы – 10 658 000,00 тең-ге. Төменгі бағасы – 7 460 600,00 теңге.

Лот № 4 – Mitsubishi Legnum автокөлік, м.н. 715 АВ 16, 1997 ж.ш. (Семей қаласы) Лот-тың бастапқы бағасы – 249 000,00 теңге. Төменгі бағасы – 174 300,00 теңге. Кепілді жарнасы бастапқы бағаның 5% құрайды, өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 28 тамызда сағат 15.00-де аяқталады: «ВАЛЮТ – ТРАНЗИТ БАНК» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» ММ Алматы қаласы ЖБК KZ37125KZTM004300356, БСК NBRKKZKX, БСН 960640002303, резидент белгісі-1, экономика секторы-4, Кбе14. Өтінімдерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4 құрылыс, 310-кеңсе.09:00-ден бастап 18:00-ге дейін күн сайын (демалыс күндері – сенбі, жексенбі). Түскі үзіліс 13:00-ден – 14:00-ге дейін. Аукционға тіркеу ақпараттың басылып шыққан күнінен бастап сауда-саттық басталарға бір сағат қалғанға дейін қабылданады. Алынған сату объектілері бойынша төлем төлеу талаптары – сатып алынған объек-тінің төлемі сатушы мен сатып алушының арасында жасалған «сатып алу-сату» шарты жасалғаннан кейін бес банктік күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Сатып алушы шартта көрсетілген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және оның нақтылығын растайтын тиісті төлем құжатының көшірмесін тапсырады. Сауда-саттыққа қатысушыларды сату объектісімен таныстыру және сауда-саттық ережесімен танысу үшін ақпаратты ақпараттың басылып шыққан күнінен бастап мына мекенжай алуға болады: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4 құрылыс, тел.: 8 (7212) 99-64-08, 99-64-05, 99-64-06.

4. Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 09.08.2019 ж. ұйғарымымен «ИПЦ-Мунай» ЖШС-не (БСН 020440001243) қатысты оңалту туралы ісі бойынша өндіріс қозғал-ды.

5. Ақмола облысы Білім басқармасының «Астрахан ауданы, Астра-хан ауылы, № 6 Агротехникалық колледжі» коммуналдық мемлекет-тік мекемесі Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № А-8/371 қаулысының негізінде, Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, №6 Агротехникалық колледжі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құру жо-лымен қайта ұйымдастырылады. Шағымдар 2 ай ішінде: ҚР, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астраханка селосы, Абылайхан көшесі, №1 мекенжайы бойынша қабылданады.

ЖЫЛ САЙЫН ӘРТҮРЛІ ДАУЛАР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР-ГЕ БАЙЛАНЫСТЫ СОТТАР МИЛЛИОНДАҒАН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ. ОЛАРДЫҢ КЕЙБІРЕУЛЕРІ ҚАЖЕТ -ТІЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ, БІЗДІҢ ЕЛ-ДЕН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ ДЕ ТА-ЛАП ЕТІЛУІ МҮМКІН. ҚАН-ДАЙ ДА БОЛМАСЫН СОТ АКТІСІ РЕСМИ ҚҰЖАТ СТА-ТУСЫН ИЕЛЕНУІ ҮШІН, СОНДАЙ-АҚ, ОЛ ШЕТ МЕМ-ЛЕКЕТТЕРГЕ ЖОЛДАНАР АЛДЫНДА МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЗАҢДАСТЫРЫЛЫП, АПО-СТИЛЬ ҚОЙЫЛАДЫ. ҚҰ-ЖАТТЫ ШЕТЕЛГЕ ҰСЫНАР А Л Д Ы Н Д А О Н Ы А П О -СТИЛЬДЕУ НЕМЕСЕ КОН-СУЛДЫҚ ЗАҢДАСТЫРУ ҚА-ЖЕТ. ЕНДЕШЕ, АПОСТИЛЬ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықара-лық стандартталған нысаны. «Апостиль»

мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады.

Апостильденген құжат кез келген басқа аттестациялауды немесе заңдасты-

руды талап етпейді және апостильденген құжаттарды Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттердің ресми органдары мойындайды. Сондай-ақ, сот шешім-

дерін орындау үшін және сот тапсыр-маларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, сондай-ақ, ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.

Белгілі болғандай, әлемнің көптеген елдері, соның ішінде, Қазақстан 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясы-на қосылып, құжаттарды апостиль қою арқылы жеңілдетілген түрде заңдасты-руға мүмкіндік алды. Ал, 2013 жылы 15 сәуірде «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» заң қабылданды. 2015 жылдың 30 сәуірінде «Сот органдарынан шыға-тын ресми құжаттарға апостиль қою» Стандарты бекітілді. Сол уақыттан бері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Со-тының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментімен осы қызмет түрі атқарылып келді.

Құжаттарға апостиль қою үшін еліміздің кез келген өңірінен тікелей сотқа жүгініп, сол өңірдің халыққа қыз-мет көрсету орталықтары арқылы 20 күнтізбелік күн ішінде нәтижесін алуға болады. Мысалы, ажырасу туралы сот шешімін шетелде некеге тұру мәртебесін растау ретінде ұсынады.

2017 жылдың 31 ақпанында «Қа-зақстанның үшінші жаңғыруы: жаһан-дық бәсекеге қабілеттілік» атты тұңғыш президент Жолдауында мемлекеттік қыз-мет көрсету үдерісін мейлінше оңтай-ландыру, яғни, құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, құжат алмасудың электрондық форматқа көшуі қарасты-рылған.

Жолдауды іске асыру аясында, 2017 жылдың 12 қазанында Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің №637 қаулы-сымен 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Мемлекеттік көрсетілетін қыз-меттер тізіліміне өзгерістер енгізіліп, сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік көрсетілетін қызметке арыз қабылдау және қарау нәтижесін беру өкілет-тілігі жергілікті жерлердегі соттарға берілді. 2018 жылдың 13 қаңтарынан бастап «Астана қаласы бойынша соттар

әкімшісі» РММ халыққа аталған қыз-метті көрсетуде.

Яғни, еліміздің барлық өңірлерінде Сот органдарынан шығатын ресми құ-жаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің Соттар әкімшісіне тікелей барып немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары-ның филиалдарына жүгінуге болады. Статистикалық мәліметке сүйенсек, Астана қаласының соттар әкімшісіне бір тоқсанда шамамен Ресей, Германия, Түр-кия, Италия, Испания, Израиль елдеріне ұсыну үшін сот шешімдеріне апостиль қоюға 34 азамат жүгінген.

Бүгінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы құжатқа апостиль қою мерзімі 20 күнтізбелік күннен, 5 күнтізбелік күнге дейін қысқартыл-ды. Апостиль қойылатын құжат үшін бір айлық есептік көрсеткіштің 50 % мөлшерінде мемлекеттік баж алына-ды. Апос тиль қою үшін арызда қандай ақпарат көзделу қажеттілігі және ұсы-нылатын құжаттар тізімі Астана қалалық сотының ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлігінде орналасқан.

Арызды қабылдау «электронды кезек» тәртібінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының қа-лауы бойынша қабылдау «электрон-дық үкіметтің» веб-порталы арқылы электронды кезек брондалуы мүмкін. Алайда, ұсынған құжаттардың немесе олардағы мәліметтердің анық еместігі, мемлекеттік баж салығының дұрыс төленбегені анықталған жағдайда апо-стиль қоюдан бас тартылады. Бұндай жағдайда азаматтарға кемшілікті жою қажеттігі ескертіліп, құжаттарды реттеп, талапқа сай еткен кезде арызбен қайта жүгінуге болатыны түсіндіріледі.

Апостиль қою үшін ұсынылған сот-тың ресми құжаттарына қол қоюға және мөртаңба басуға сот шешімін шығарған судья, ал егер судья болмаған жағдайда соттың төрағасы уәкілетті.

Г.ЕРГЕШ, «Астана қаласы бойынша Соттар

әкімшісі» РММТалдау және жоспарлау бөлімінің

бас маманы

Page 8: СЕЛ ҚАУПІ - ZANMEDIA.KZ › storage › 2019 › 08 › zg61.pdf · 53 мыңға жуық, ал Шымкент қаласында 22 мыңға жуық бала 1 сыныпқа

8 №61 (3186) 16 тамыз [email protected]ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА

Редакторлар кеңесінің төрағасы – президентДосымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 050012, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы көшесi (бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.Қабылдау бөлмесi: 292-43-43; 292-79-61 (факс); Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі, 78, 105-кеңсефакс: 8 (7172) 52-02-11E-mail: [email protected]«Заң газеті» аптасына 2 рет – сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.

Жеке таралым 5455 данаАпталық таралым 10910 дана

Тапсырыс №120 Индекс 65921

Газет Қазақстан Республикасы бойынша таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм iшiнде қа былданады.

Газеттi есепке қою туралы №16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-да Қазақстан Респуб лика сының Мәде ниет және ақпарат министрлiгi берген.

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 (727) 51-78-31

Меншiк иесi: «ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Бас редакторАйнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың орынбасарыСәкен ҚАЛДЫБАЕВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторыМөлдір БЕГІМБЕТ

Нұр-Сұлтан Айша Құрманғали 8 707 851 91 13.

Алматы Нұрбол Әлдібаев 8 701 357 66 84. Айтақын Бұлғақов 8 705 111 37 21.

Атырау Құралай Қуатова 8 701 678 90 77.

Ақмола Қалкөз Жүсiп 8 701 300 14 74.

Түркістан Шадияр облысы Мекен бай ұлы 8 775 733 56 65.

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:

Темір есіктер сықырлап ашылып, «түсіңдер» деген бұйрық берілді.

Айдауыл санап шығарып жатыр. Есім ауып, өңім бе, түсім бе деп аңтарылып тұрғанымда:

– Ей, неғып тұрсың, бол тез. Қолыңды артқа, аяқты ширақ бас, – деген дауыс селт еткізді.

Шетінен бұйрық бергіш. Темір қақпа ашылып, алға аттаған аяғым кері кетті. Не күтіп тұр екен? Құдай-ау, неткен суық, нет кен ызғарлы. Сырттағы үрей мы-нандай болса, іштегі көріністі ойлау да қорқынышты.

Өрімдей жігіттердің айқайына арқаң терлеп, бұйрыққа бағынудан басқа амалың жоқ. Балаңмен жасты жігіттер әкіреңдеуге ше бер. Мынау үлкен-ау демейді. Түрмеге кіргеннен денем ысып, аяғым дірілдеп, тынысым тарылып барады. Басым айналып көзім қара-уыта бастады. Жоқ, тек қазір емес. Аллам сақтай көр, қазір ауырта көрме. Мен кімге ке-рекпін...

Қ а л ғ а н ы е с і м д е жо қ . Көзімді ашсам алдымда май-ор төніп тұр. «Ауа жетпей жатыр» деп жанашырлық күт-кенім бекер болыпты. «Сендей әртістердің талайын көргенбіз, соңғысы емессің. Қойылым бітті ма, тұр қане!» деп жұлқы-лап тұрғызды.

Түрме. Қандай жиіркенішті, қорқынышты.

– Ооо, кім келген? Талай-лардың тізесін дірілдеткен жур-налист па? Кімге сеніп тіліңді тыя алмай жүрсің? Көрерміз, қалай сай райтыныңды? Тіліңді қырқып, қалам ұста дегенде тұра қашатын кезге де жетер-сің...Менің кім екенімді білесің ба? Мен осы жердің құдайы, сендердің «папаларың!» Тағы да басым айналып кетті.

Құлап бара жатып әлдебіре-улердің сүйрелей жөнелгенін сездім. Ауру жаныма батып барады, айқайлауға шама жоқ. Соққыға да денем үйреніп кеткендей. Түрме дегенде неге бәрінің зәре-құты қалмайтынын енді түсіндім. Бұл жердің де өз заңы бар дей-тін. Онымен де таныстым. «Басқа түссе баспақшыл» – дей ме?

ТәртіпТәртіпке төзбегендер түрменің «Вок-

залының қонағы». Мұндағылар қапастың жертөлесін вокзал деп атайды. Ол жерлер-де бейнебақылау мүлде жоқ, сондықтан ішкі тәртіпке бағынбағандар сол жерде «сабақ алады». Одан кейін жуасып, жүр десе жүріп, тұр десе тұрасың... Оған да бағынбай, заң шеңберінде талап етсең баратын жерің – КАРЦЕР. Жалғыз адамға лайықталып жасалған жерде тізе бүгу мүмкін емес. Қақайып күні-түні тұрғанда не айнала алмайсың. Ішіне бір шелек сели-тра төгіп, қолыңды кісенмен төбеден керіп тастайды. Азаптаудың мұндай да түрі бар екен. Үш күн мұнда тұрғандар бастықтың айдағанымен жүре беруге бе йіл. Адамның ит жанды екенін осы жерде мойындадым.

13 әйел жатқан камераға құдды затты лақтырғандай сол күні тастады да кетті. Түнгі 12-лер шамасы. Бәрі ұйқыда. Бос тұрған жерге қисая тұр, азанда реттеп аламыз деген соң сипалап жүріп бір кереуетке жайғастым. Кереует деген аты ғана. Темір төсек, орамалдай ғана жастық, астыңда бір жапырақ одеяло мен жамылуға бір жапырақ мата. Сықы-рлап, суық өтіп барады. Қозғала бастаған уақытта «тыныш» деген дауыс естілді. Таңға көз іле алсамшы. Соққылардан де-нем көтертпейді.

– Тұрыңдар! – деген дауыс ащы шықты бір кезде. Айналама қарап қоям, жарық жағылысымен барлығы солдат-тарша қимылдап бірі төсек жинап, бірі бұрыштан су алып, енді бірі еден сыпы-рып, шәугім тазалап... құдды өз үйлерінің машықтанған тірлігін жасап жатқандай шаруаларына кірісіп кетті.

– Так, сен немен түстің? Статья қан-дай? Бері кел, – деп егде жастағы әйел жанына шақырды. Орнымнан қозғала алмадым. Міңгірлеген менің сөзімді естімеді ме, жаныма келген әйел:

– Бұл жерде тәртіп ортақ. Таңғы алтыда тұрғаннан бөлмедегі тірлікке өз үйіңдегідей араласуың керек. Төсегіңді тез жина. Бұл жердегі үлкені мен, атым Гуля. Айтқанымнан шықпа! – деп қатты ескертті.

Бостандықтың қадірі

Өзіме тағылған айыпты айтып, ойым-ды алдаусыратпақ болғанымнан ештеңе шықпады. Тағы да талықсып кеткен екем. Барлығы жүйкенің жұқаруынан ғой. Бір күн жатып ертеңіне есімді жидым. Қайта камераға әкеп, Гуляға тапсырып жатты. Екі күннен бері нәр татпаған маған талға-жау керек болды да, Гуля тәтейден сұра-дым. Қыздарға ымдап еді, лезде дастарқан жайылып, шәй ортаға келді.

Түрменің тәртібінде серуен бар. Әл-сіреп, қайта-қайта ауырып, төрт қабыр-ғаға қамалған мен сол серуенді асыға күттім. Бостандық дегеннің қандай тәтті, соншама қадірлі екенін сезіне

бастағандаймын. Төбеге бір қабат кө-теріліп, жан-жағы бетондалған, төбесін көмескі етіп жапқан, күннің көзі сығалап қана тұрған бір бөлмеге кіргізді де 15 ми-нут деп айқайлап кетті. 15 минуттан соң далаға шығармыз деген дәмемен күтіп тұрмын. Жанымдағылар сығалаған күнге талпынып, таласып қолдарын жайып тілек тілеуде. Енді бірі кішкентай ғана бөлмені айналып жүгіре жөнелді. Тағы біреу өзінше жаттығу жасауда. Жан-жағы-ма қарап бақылап мен тұрмын. Бір уақыт-та төбеге көзім түсіп кетті. Қарасам 4 жендет автоматтарымен төбемізден төніп тұр. Артынша есіктегі құлыптар шешіліп, бізді қойша тізіп қайтадан камераға апар-ды. Серуен деп дабырайтқаны жаңағы терезеден сығалаған күннің көзін көру болғаны ғой.

БопсаЕртесі күні дәліздегі айқайдан шо-

шып, камерадағылар жан-жақтарын жи-нап әбігерге түсті де қалды. Аждаһадай дауысы не деген ащы еді. Айналасын қырып барады.

– Көрсетем бәріне! Басқа шыққан екен. Шетінен түсір «вокзалға», – деп қояды.

Барлығының көзінде үрей. Дымда-рын шығармауға тырысып бағуда. Біресе отырады, біресе тұрады. Есіктегі құлып ашыла бастап еді, сілейіп қатып қалдық. Кезекші баяндауға дайын. Ішке пол-ковник шеніндегі сымбатты жігіт кірді. Қасындағы нөкерлері жүгіріп көздерімен ымдап жеп барады.

– Так, кім жаңадан келген? – Мен. – Кім? Кел бері! Мынау рапорт жат-

тамаған ба? Қасына жүгіріп келген куратордың

жағасынан ала жөнелді. Ол жігітте үн жоқ. Көзі бақырайып, «кешіріңіз полков-ник мырза, енді қайталанбайды!» деген-нен аса алмады. Ойпырмай, мынау бір дәу болды ғой? Күнде таңертең ақырып, жаныңды жеп қоярдай болатын батыры-мыз бүгін қоян болды.

– Менің кім екенімді білесің бе? Қазір бір айналып келем, рапортты жаттап ай-татын бол!

Сыртқа шығып кеткені сол еді, қа-сымдағылар айнала отыра қалып рапорт-ты үйретіп әуреге түсті де қалды. Сенің кесіріңнен «вокзалға» бармаймыз, бұл жын-ды келді ме, ұйқы жоқ. Жатта рапортты. Қазір келем деді ме, келеді ол. Тезірек жат-

та, журналист емессің бе? Ауырып жатыр-мын дегеніңді түсінбейді ол. Есік сықырлап қайта ашылды. Барлығы демдерін ішіне тартып үрейлене түсті. Ішке кірген кезекші менің шығуымды сұрады.

Тар қапастан тынысым тарылып отыр ған мен дәлізге шыққаныма ри-замын. Лабиринт. Қайда, қалай жүріп келе жатқанымды жаттау мүмкін емес. Жертөлеге түстік, исі адам шошырлық. Қолқаны алып барады. Барлығында бетондалған есік. Алдымыздан шыққан біреуі «рапортты жаттадың ба, полков-ник мырза күтіп отыр» деді. Үстімнен мұздай су құйып жібергендей сілейіп, қатып қалдым. Жаңағы дубинканы жерге сұққыш, дауысынан

адам шошитын полковник па? Өлген жерім осы болды-ау? Сөйлеуге дәрмен жоқ, көзім қарауытып барады. Аяғым дірілдеп, бетон дуалға сүйене кеттім. Төрдегі полковник қолына қоңыр си-гаретін алып құшырлана сорып отыр. Қолындағы темекіні лақтыра салған ол маған бұрылып:

– Сен менің кім екенімді білесің бе?– Жоқ. – Рапортты жаттадың ба?– Иә. Бірақ айта алмаймын.– Неге?– Білмеймін. Дауысыңыз тым қорқы-

нышты, камерадағы қыздар сізді әзірей-ілдей етіп айтты ғой? Жаттағанымды ұмытып қалған сияқтымын.

Күлді. Уф, бұл да күледі екен. Сырт келбетіне қарасаң кез келген қызды ға-шық ететіндей сымбаты бар. Ал, дауысы мен мінезі... Адам кейпіндегі құбыжық секілді.

– Сонымен осы жердің папасы да, мамасы да – мен. Жаналғыш деген дәу боламын. Сен сияқты министрлер мен шенеуніктердің тізесін дірілдетпесем де, осы жердегі қылмыскерлерді тәубасы-на келтіруге шамам келеді. Ұқтың ба? Сендейлердің талайының көкіректерін басып, сағын сындырғанбыз. Сен соңғы-сы емессің. Ісің не боп жатыр? Неге мойындап қол қоя салмайсың? Міндетті түрде қолымды былғап, айқайлап, кар-церге жабуым керек пе? Ертең тергеушің келеді, айтқанын істеп, қолыңды қойып бер. Ұқтың ба? Айтқанды орындамасаң ісім сенімен болсын.

– Мен қол қоймаймын. Ол қылмысқа қатысым жоқ. Мен...

– Не? Бұл жерге келгендердің бар-лығының сөзі осы. Кінәлі емеспін, қыл-мыскер емеспін. Сонда мен бе, қылмыс-кер? Ертең көремін сайрамағаныңды. Әкетіңдер мынаны.

Тұнжырап камераға беттеп келеміз. Үнсіздікті бұзған конвой:

– Не, өле алмай жүрсің бе? Қарсы келмей айтқанын істесеңші. Қорғаушың да жоқ, өзіңнің қолыңнан не келеді? Ере-гіспе! – деп ақыл айтып қояды.

Камераға кеп сылқ етіп кереуетке отыра кеттім. Қан қысымым көтерілген сияқты. Дәрігер шақыршы деп айтып үлгергенімді білемін. Есімді жисам, са-нитарлық бөлімде жатыр екенмін.

– Не болды, әртіс оянды ма? Еркелет-пей қуыңдар үйшігіне.

– Көзім қарауытып тұр. Басым айна-

лып барады, қан қысымымды өлшейсіз-дер ме?

– Тағы не істеп берейік? Ал дыңа бесбармақ әкелейін бе? Әртістігіңді үй-іңде жасайсың, сен түрмедесің. Ха ха ха , қан қысымымды өлше дейді ғой?

Тұра алмағаныма қа рамай сүйре тілген мені ка мераға қайта әкелді. Дәлізде екі рет құ лап алып әзер жеттім. Осындай да адам бола ма?

Өтпейтіндей болған уақыт өтіп, таң да атты. Күндегі тірлік осы. Кезекшілік, таңғы ас. Сосын іздеп келетін жанды телміріп күтіп отырғаның, тесікке құлағыңды төсеп кімді шақырар екен деп.

Уәде еткен тергеушісі келді.

– Қысқасы, мына жерге қол қой, бәрін жазып әкелдім. Оқып қайтесің! Қалғаны өзіміздің тірлік, қол қойсаң көп отыр-майсың. Менің де, өзіңнің де уақытыңды алма. Сені дайын деді ғой маған, жылдам, менің уақытым жоқ....

– Тоқтай тұрыңыз, оқып алайын да...– Тууу, нені оқисың? Бәрібір сенің

тағдырыңды шешіп қойған. Уақытты өл-тірмей, қол қой. Саған 68-ші бапты қолда-нып тезірек шығарамыз бұл жерден. Қол қоймасаң обалың өзіңе, жатасың 7-8 ай.

Оқытпаған соң қол қоймайтынымды айттым. Конвой келді де кері қайттым. Камераға кіре бергенімде қайта шақырды. Қорғаушы екен. Құдды бір көрден әкем келгендей қуандым. Жағдайымды сұрап жатыр. Құрсыншы жағдай. Қашан? Не боп жатыр? Прокурор кепілмен босата ма, не болды? Сұраққа көміп жатырмын. Кепілмен босатпайтынын айтқан қорғау-шымның сөзі ғана құлағымда шулап тұр. Қалған әңгімелердің бірін естісем, бірін естімеймін.

Уақыт үстемдік етпейді

«Үш күннен соң көрге де үйренесің» – деген бекер емес екен. Бір бөлмеде орналасқан дәретханаға да, асханаға да, душқа да бой үйреніп келеді. 12 әйелдің он екі түрлі тағдыры бар.

Баласын тәрбиелеп, күйеуінің ба-бын жасап отыратын әйелдің түрмеден табылуы ерсі, әрине. Бірақ, тағдыр ғой. Оған кім қарсы тұра алсын! Жанымдағы әйелдердің де әрқайсысының тағдыры әрқилы. Бірі бұл қылмысқа амалсыздан барғанын айтып азаннан кешке дейін жыласа, енді бірінің қылығын естіп әйел деген аттан садаға кетсін дейсің амалсыз. Арасында өзінің кемшілігін ұмытып адво-кат болып, заң үйретіп кететіндері де бар.

Бұл жерде уақытты бақылай алмай-сың. Әйтеуір ас әкеліп, серуенге шыққан уақытта ғана мезгілді болжайсың. Күндер өтіп жатыр, уақытты ұстау мүмкін емес.

Бір күні түн ішінде арамызға жаңа тұрғындарды әкелді. Егде жастағы әйел мен әдеміше келген жас келіншек. Этап-пен өзге қаладан келген Нина мен Айша-ның айтуына қарағанда біздердің отырған орнымыз жұмақ. Айша екі айдан бері Ресейден жете алмай, әзер дегенде туған ауылына табан тірепті. Іздеуде жүргеніне 12 жыл. Іздеу деген аты ғана. Айтуына қарағанда Ресейдің бір қаласында өз биз-несі, өз үйі, тіпті компаниясы бар екен. Компаниясында 18 жұмысшы болған.

Білдей бір банкті басқарған. Сол кезде сү-йіктісінің сөзіне сеніп банктың ақшасын айналымға беріп жіберген. Оңай қаржы емес. Өзін өте ширақ ұстайтын Айшаны банкир атадық. Сонымен банкиріміз таң ата салысымен дайындалып, боянып сыланып, әртіс киімдерін киіп дайында-ла бастады. Өзі айтқандай таң азанмен «іздеушілері» толастамады. Күніне бір ғана келуші қабылдау туралы қағида қаңғырып кетті. Артынан келгендерді керемет көңіл-күймен шығарып салып жүрген банкиріміз дастарқанды жайна-тып тас тады. Бесбармақ, кола дейсіз бе, әкелуге тыйым салынған небір тағамдар. Құрысыншы, «Жетімнің бір тойғаны шала байы ғаны» дей ма? Аңсап, құмар-тып жүрген тағамдарды таласып отырып жеп, әкелген адамға ерекше ықылас біл-діріп, алғыс айтып жатырмыз. Сөйтсек, сыртқа сыр алдырмаған банкиріміз білдей прокурордың қарындасы болып шықты. Құрақ ұшып, жағдайын жасап, не сұраса да, кім келсе де емін-еркін жүруінің сыры сонда екен.

Жазылмаған заң Осылай жаңа ортаға да етіміз үйренді.

Иә, тәртіпті қолдан жазып, дегендерін істейтін мұндағы сақшыларды сырттан көргенде «туу мынаның әйелінің арма-ны жоқ шығар? Мынадай күйеуге тисем ғой» деп талай арудың ойлары һақ. Беті жылтырағанның бәрі алтын еместігін енді біліп жатырмыз. Түрменің дәмін татқанға дейін «сотталғандар тәртіпке бағынбай ішін жарды, тамырын тілді» десе мән бермейтін едік. Тіпті күпірлікпен оларды айыптап «қылмыс жасап алып, өз айтқандарын орындатқысы келеді» дейтінбіз. Сөйтсек, жазасын өтеп жатқан-дар болсын, тергеудегілер болсын іштегі «жазылмаған заңдардан» шаршап соңғы қадамға барады екен ғой.

Жаза деген аяқ астынан. Бабалары-мыз бәле-жаладан сақта дегенді бекер айтпаған. Басқа түскен соң мұны да көрдік. Түрмені қайдам, уақытша ұстау изоляторының өзі кез келген адамды ба-сып, жаншып, өзіндік менін ұмыттырып жіберуге қауқарлы. Әділдік іздеп, өзінің ақ екенін дәлелдемек болған жанның бәрі мұнда жеңіске жете бермейді. Ондай бақ екінің бірінің маңдайына бұйырмаған. Онда отырған 6 ай 8 күн ішінде 6800 пәле көрдім десем артық емес. Күнде бір оқиға. Түрме десе төбе шашыңды тік тұрғызып, денеңді шымырлатып, әл дәрменіңді құртып жіберетінін басына түспеген жан білмес. Түрмеден шыққандарда неге қатыгездік пен өшпенділік басым болатынын, адам баласына деген сенімі жоғалатынын енді түсінгендеймін. Ол жердің «жазылмаған» заңдарына бағына алмайтындар, қысымнан шаршағандар өз-дерін құрбандыққа шалатыны ақиқат. Ал сондайда көмек береді деген психологтың келбеті әлі күнге көз алдымда.

Өз бөлмесіне бастаған психологтан қолдау сөз күткенім жасырын емес. Ол болса әңгімесін:

– Не ойлап отырсыз? Асылып өлетін жер іздеп отырсыз ба? – дегеннен баста-ды.

Сасып қалдым. Басқаны күтсем де, психологтың аузынан осындай сауал шығады деп ойламаппын.

– Қандай бап? Неге түстің? Тыныш жүрмейсің бе, енді отырысың мынау?

– Әлі тергеу жүріп жатыр, ештеңе дәлелденбеді,– дедім күмілжіп.

Сөзімнің аяғын тыңдамастан суицид-ке бармайсың ғой. Онда бара бер. Бірақ, асылып өлем, басқалай өлем десең мәсе-лең қиын болады деп шығарып салды.

Кішкентай ғана дәлізде келе жатып ойландым. Тар қапастан шаршағандарға күш-қуат берудің орнына, мынаның мақ-саты түңілген жанды құздан ары итеріп құлату ғой.

Журналист болған соң небір оқиға-лардың ортасынан табылдым. өз өмірімді қатерге тіккен кезім қанша? Жалындап тұрған шағымда қорқу, үрей дегенді біл-меппін. «Жала жабылды, жазықсызбын» – деген әрбір арыздың артында адам тағдыры тұрғанын түсінсем де, тағдыр-ды бұлай ойыншыққа айналдыратынын болжамаған екем. Мен азатпын, қазір бос-тандықта жүрмін. Бірақ, жүрегім тыныш емес. Батылдықтың бәрі түрмеге кірердегі табалдырықта қалған. Ал мына жазбаны өзінің адалдығын дәлелдеген аз адамның бірі ретінде әдейі жазып отырмын. Жұрт ойлансын.Құқықтық сауатын арттырсын! Қателік жасамасын!

Анар СҮЛЕЕВА

ТАҒДЫР